Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысының қалалары мен
елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
Қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген) сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 27 маусымдағы № 14-14 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2023 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазандағы №132(17820) «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы
«Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» №12-16 шешіміне келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық
сақтау комитетінің Жамбыл облысы
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің
басшысы
_________________ Б.К.Жаркынбеков
"____ " ______________ 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облысы әкімдігінің
сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшысы
___________________ А.Рыспаев
«___»__________2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
басқармасының басшысы
___________________ Ж.Қасымов
«___»__________2017 жыл
Басқа 5. Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру Қағидалары
Жамбыл облыстық мәслихатының
2017 жылғы «27» маусым
№12-16 шешімімен бекітілген
Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің
аумақтарын абаттандыру Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10886 тіркелген) сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс, мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың және іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
Тармақша 3
3) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
Тармақша 4
4) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Жамбыл облысының аудандық және қалалық жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 6
6) ұйым – жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;
Тармақша 7
7) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 8
8) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
Тарау 2. 2. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
2. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, белгіленбеген жерде қоқыс (немесе қалдық) үйіндісін тастамайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.
Тармақ 5
5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
Тармақша 1
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
Тармақша 3
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
Тармақша 4
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
Тарау 3. 3. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
3. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
Тармақша 2
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
Тармақша 3
3) сыпыру;
Тармақша 4
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
Тармақша 5
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
Тармақ 8
8. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
Тармақ 9
9. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
Тармақ 10
10. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 11
11. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
Тармақ 13
13. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4. Күзгі-қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
4. Күзгі-қысқы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
Тармақ 15
15. Күзгі-қысқы тазарту мезгілі қазаннан наурызға дейін белгіленеді.
Тармақ 16
16. Жолдарды қыста тазартуға мыналар кіреді: жол жабынын тығыздалмаған, жаңа жауған қардан, тапалған қар-мұз бен мұздан тазарту;
көліктер мен жүргіншілердің қозғалысына арналған алаңдардан жол жамылғыларын тазалау кезінде жиналған қардан және сынықтардан тазарту (орын ауыстыру);
көлік доңғалақтарының жол жамылғыларымен ілінісуінің коэффициентін шұғыл төмендететін құм тұз қоспасын пайдалана отырып жолдың көктайғақ қабыршақтарын жою.
Қарды жинау мен сыпыру жол бетіндегі қардың қалыңдығы 4-5 сантиметрден аспай тұрған аралықта жүргізіледі. Қарды қар жауғаннан кейінгі 4 сағаттан кешіктірмей жинау қажет, қайтара жинау сол аралықта, ал қар толастамай жауғанда аяғына таман жиналады.
Қарды шығару мына мерзімдерде жүргізіледі:
маңызды магистральдарында қар жамылғысы кемінде 6 сантиметр түскен кезде – екі тәуліктен, ал басқа жолдарда - төрт тәуліктен кешіктірмей;
ал қар 6 сантиметрден аса түскенде – сәйкесінше төрт тәуліктен немесе жеті тәуліктен кешіктірмей.
Тармақ 17
17. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.
Тармақ 18
18. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
Жолдың тротуарлармен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын заңды және (немесе) жеке тұлғалармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.
Тармақ 19
19. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 20
20. Қарды жинауға жауапты, заңды және (немесе) жеке тұлғалар қарды уақытша жинау орындарын қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартып және абаттандыруға тиісті.
Тармақ 21
21. Тротуарлар мен көпірлерге шығатын баспалдақтар асфальт-бетон жамылғыларының барлық ені бойына жаңа жауған қар мен тапалған қардан (пайда болған қар-мұздақтардан) тазартылады, қар тоқтаусыз жауған кезеңде көктайғаққа қарсы материалдармен өңделеді.
Тармақ 22
22. Аула аумақтары мен өтетін жерлер қар мен мұздақтардан асфальтқа дейін тазартылады. Мұздың (көктайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құммен өңдеу жүргізіледі. Көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Аула аумақтары мен орамішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды, аула аумақтарының автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарына жинауға рұқсат етіледі
Тармақ 24
24. Аулаішілік аумақтарда қарды жинау барысында, еріген судың ағып кетуі қарастырылады.
Тармақ 25
25. Қыс мезгілінде үй иелері және жалға алушылар шатырларды қардан, мұздан және сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастырулары қажет. Бұл кезде жүргіншілер аймақтарына алдын ала арнайы қоршаулар орнатылады. Үйлердің төбесін қардан тазарту, көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды тротуарларға лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан, жазық шатырлардан қар түсіру, аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалады. Үйлердің шатырларынан түскен қарлар, мұздар және сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшенің жүргінші бөлігін тазартушы заңды және (немесе) жеке тұлғалар алып кетулері үшін дайындалады.
Тармақ 26
26. Суағар құбырлардың аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға жол берілмейді.
Тарау 5. 5. Көктемгі-жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
5. Көктемгі-жазғы мезгілде қалалар мен елді мекендердің аумақтарын тазартудың ерекшеліктері
Тармақ 27
27. Көктемгі-жазғы тазарту мезгілі сәуірден қыркүйекке дейін белгіленеді.
Көктемгі-жазғы тазарту көшелердің, тротуарлардың, алаңдардың көлік жүретін бөліктерін жууды, оларға су шашуды және сыпыруды қарастырады.
Тармақ 28
28. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өтетін жерлерді сыпыру көліктің белсенді қозғалысы бар магистралдар мен көшелерде түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жол жамылғысын алдын-ала сулау арқылы жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Тазарту жүргізген кезде көлік жүретін бөлік, тротуарлары, жол жиектері қандай да болмасын ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылуы тиіс.
Аула аумағын, аулаішілік өтетін жерлер мен тротуарларды ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру, оларды жуу жеке меншік пәтер иелері кооперативтерімен (бұдан әрі - ПИК), үй комитеттерімен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Қалдықтарды жинау және шығару
6. Қалдықтарды жинау және шығару
Тармақ 30
30. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.
Тармақ 31
31. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген немесе қызмет тұтынушымен келісілген бекітілген кестеге сәйкес мерзімде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.
Тармақ 32
32. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгіленген орынға өз бетінше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.
Тармақ 33
33. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн.
Тармақ 34
34. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
Тармақ 35
35. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен немесе өзге арнайы көлікпен, үй иелерінің кәрізденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
Тармақ 36
36. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
Тармақ 37
37. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды.
Тармақ 38
38. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 39
39. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 40
40. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:
Тармақша 1
1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
Тармақша 3
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
Тармақ 41
41. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
Тармақ 42
42. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халық көп келетін орындарда құтылар бір бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құты орнатылады.
Тармақ 43
43. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады.
Құтылар ластану деңгейіне қарай, бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.
Тарау 7. 7. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және
шағын аудандарды абаттандыру
7. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және
шағын аудандарды абаттандыру
Тармақ 44
44. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
Тармақ 45
45. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
Тарау 8. 8. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
8. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
Тармақ 46
46. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.
Тармақ 47
47. Ғимараттардың және құрылыстардың қасбетіне инженерлік жабдықтардың элементтерін (деректерді қабылдау антенналарын, ауаны қалыпқа келтіру жүйелерін) орналастыру нысанның жалпы сәулет келбетіне жағымсыз әсер келтірмеуі керек.
Балкондарда, лоджияларда, есіктерде, ғимараттардың көрмелерінде, коммерциялық нысандарда, дүнгіршектерде, тұрғын үйлер мен басқа да нысандардың көшеге қарайтын қасбетіне баннерлерді, планшеттерді, парақтарды орналастыруға және ілуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 48
48. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
Тарау 9. 9. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
9. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
Тармақ 49
49. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
Тармақ 50
50. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Нысандардың баланстық тиесілігіне сәйкес, ғимараттардың қасбеттеріндегі және витриналардағы әшекейлі көмескі жарықтардың жанып кеткен шамдарын алмастыру және жөндеу тиісті ұйымдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жаңбауы белгілі бір аумақтағы жалпы санының 5 пайызынан аспауы керек.
Тармақ 52
52. Орталық көшелердегі жарықтандыру элементтерін және әшекейлі көмескі жарықтарды ауыстыру және жөндеу бір тәулік ішінде жүзеге асырылады, қалған телімдерде үш тәулік ішінде.
Тармақ 53
53. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
Тармақ 54
54. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
Тармақ 55
55. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 56
56. Субұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 57
57. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.