Об установлении тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Уральск Күшін жойған
Басқа 0
Орал қаласында жолаушыларды
және багажды қалалық автомобильмен
тұрақты тасымалдаудағы тарифті
белгілеу туралы
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі 80 (сексен) теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Мұхамбетқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарына оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.С. Закаринге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Орал қалалық мәслихатының
хатшысы
___________ А.Аубекеров
«21» 06 2017 жыл