О мерах по дальнейшему обеспечению интересов государства в нефтегазовом секторе экономики страны Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау деңгейін арттыру мақсатында қаулы етемін: Z100291 қараңыз
Тармақ 1
1. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" және "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ЖАҚ) құрылсын.
Тармақ 2
2. ЖАҚ-тың қызметінің негізгі мәні: мұнай-газ саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеруді қамтамасыз ету; мұнай және газ ресурстарын пайдалану, молайту және одан әрі ұлғайту стратегиясын әзірлеуге қатысу; келісімшарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай-газ операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісімшарттарда заңнамадабелгіленген тәртіппен мемлекет мүдделерін білдіру; Қазақстан Республикасының аумағындағы мұнай-газ операцияларына конкурстар ұйымдастыруға қатысу; көмірсутегілерін барлау, игеру, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау мәселелері, мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ өнеркәсібі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану жөніндегі корпоративтік басқару және мониторингі; Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ішкі және халықаралық жобаларына заңнамада белгіленген тәртіппен қатысу деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: акциялары және жарғылық капиталдарына қатысу үлестері қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың меншігіндегі және/немесе басқаруындағы ұйымдардың активтерін шоғырландыру және жүзеге асыратын міндеттері мен функцияларын оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдасын; үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығынамынадай өзгеріс енгізілсін: 3-баптың 3) тармағы алып тасталсын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті