О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения за пределы территории Костанайской области по Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудін Ережесі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 23.09.2005 № 227 шешімімен.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 113 «Қазақстан Республикасының емдеу - сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне жіберілгең ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек корсетудің 2001 жылға арналған ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс
жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау
мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу
жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің
ЕРЕЖЕСІ
Қостанай облыстық мәслихатының
2001 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 167шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс
жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау
мекемелеріне емделуге жіберілген ауруларға жол шығынын өтеу
жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-сауықтыру және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жібершун ауруларға жол шығынын өтеу жөнінде әлеуметтік көмек корсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы бойынша Қостанай облысы аумағынан тыс жерлерге емдеу-сауықтыру жёне басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емдеуге жіберілген ауруларға жол шығынын отеу жөнінде әлеуметтік көмекті (әрі қарай-әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, жүмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (әрі қарай - уәкілетті орган) көрсетеді.Әлеуметтік көмек, егер арыз беруші емделіп келгеннен кейін үш ай ішінде отініш жасаса, төленеді.Келген күн арыз беруші түратын елді мекенге, немесе темір жол, әуе, жолаушы колігі (таксиден басқа) келетін стансаға дейінгі жол қүжаттарының негізінде анықталады.
Емделуге байланысты емес жол шығыны өтелмейді.
Әлеуметтік көмек алуға құқылы және емделуге 2001 жылдың қараша-желтоқсан айларында барып келгендер, егер 2002 жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға өтініш жасаған болса, жол жүруге байланысты шығынға өтеу алуға құқылы.
Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көорсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын аталғандар, азаматтықтары жоқ адамдар және Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған ықтиярхаты бар және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетелдіктер, егер отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы жиынтық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен болса , алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмектің аталған түрі отбасының табысына қарамастан
азаматтардың төмендегі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға;
Тармақша 2
2) 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге;
Тармақша 4
4) Чернобыль АЭС және басқа ядролық апаттардан зардап
шеккендерге;
Тармақша 5
5) жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан немесе осы аурумен
ауыратындарға;
Тармақша 6
6) онкология , гематология ауруларымен ауыратындарга;
Тармақша 7
7) диабет ауруларына (қантты, қантсыз);
Тармақша 8
8) жүректі, бүйректі, бауырды көшіріп отырғызу операциясынан кейінгі жағдайдағыларға;
Тармақша 9
9) миокард инфаркты ауруларына (бірінші алты айда)
Тармақша 10
10) жүрек қақпақшасын протездеу операциясынан кейінгі жағдайдағыларға антикоагулянты).
Тармақ 4
4. Сонымен қатар әлеуметтік көмек, егер дәрігерлік-кеңестік
комиссияның тұжырымында ауруды алып жүру қажеттілігі көрсетілсе, ауруды
алып жүрген бір адамға беріледі.
Аталған жағдай 18 жасқа дейінгі кәмелетке төлмағандарға тарамайды, өйткені әлеуметтік көмеқ ауру балаға, оны алып жүрген ата- ананың біреуіне, бала (қыз) асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға, және басқа жақын туысына беріледі. «Жақын туыс» деген үғым Қазақстан Республикасының «Неке - жоне отбасы туралы» Занына сәйкес анықталады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (ары қарай-арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Уәкілетті органның тапсырмасы бойынша учаскелік комиссия осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген адамдардың келісімімен отбасының әлеуметтік — тұрмыстық жағдайын зерттейді. Арыз беруші бас тартса әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
Комиссия тексеру нәтижесі бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы тұжырым жасайды және оны уәікілетті органға тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажет қүжаттар тізбесі
3. Қажет қүжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті түрде қажет құжаттар:
Тармақша 1
1) облыстық денсаулық сақтау басқармасының емделуге емдеу-сауықтыру және Қазақстан Республикасының басқа денсаулық сақтау мекемелеріне берген жолдамасы. Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаның қолы елтаңба бейнеленген мөрмен расталады.
Тармақша 2
2) осы Ереженің 12-тармағына сәйкес жол жүру құжаттарының тұпнұсқасы ұсынылады;
Тармақша 3
3) арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін-жеке басын куәландыратын күжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін-Қазақстан Республикасында қоңыстануға арналған ықтиярхаттың көшірмесі; азаматтықтары жоқтар үшін- азаматтығы жоқтығы туралы куәліктің көшірмесі; оралмандар мен босқындар үшін-оралман немесе босқын деп танылғандары туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 8
8. Бұдан басқа төмендегі құжаттар үсынылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін:
жиынтық табысты есептеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес отбасының кірісінің жоқтығын, не барлығын растайтын құжаттар.
Тармақша 2
2) 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін:
туу туралы куәліктің кошірмесі;
Тармақша 3
3) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер үшін:
медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияның мүгедектікті белгілеу анықтамасының кошірмесі;
Тармақша 4
4) Чернобыль АЭС және баска ядролык апаттан зардап шеккен азаматтар үшін:
азаматтың корсетілген әлеуметтік дәрежесін растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары үшін:
азаматтың көрсетілген әлеуметтік дәрежесін растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 6
6) төмендегі аурулары барлар үшін:
диабет (қантты, қантсыз);
миокард инфаркты (бірінші алты ай);
онкологиялық гематологиялық аурулар;
жүректі, бүйректі, бауырды көшіріп отырғызу операциясынан кейінгі жағдайдағылар;
жүрек қақпақшасын протездеу операциясынан кейінгі жағдайдағылар (антикоагулянты);
жасанды иммунды тапшылық вирусы жұққан немесе осы аурумен ауыратындар.
аталған аурулармен ауыратындықтары туралы дәрігерлік-кеңестік комиссияңың анықтамасының көшірмесі.
Тармақша 7
7) осы Ереженің 1-азат жолындағы 4-тармақта көрсетілгендер үшін:
ауруды алып жүрген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 8
8) осы Ереженің 2-азат жолындағы 4-тармақта көрсетілгендер үшін:
ата-ананың, бала(қыз) асырап алушының, қорғаншының (қамқоршының) және басқа жақын туысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Баланы (қызды) асырап алушылар баланы (қызды) асырап алғандары туралы сот шешімін ұсынады.
Қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау орғандарының балаға қорғаншы (қамқоршы) етіп тағайындау туралы шешімі.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тұпнұсқалары уәкілетті орғанға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың тұпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іске ресімдейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 10
10. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, ол туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 11
11. Қажет құжаттардың біреуінің болмауы әлеуметтік көмек корсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмектін мөлшері
5. Әлеуметтік көмектін мөлшері
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек темір жолмен, әуе немесе жолаушы көлігімен (таксиден басқа) кету стансасынан көрсетілген көліктердің бірімен емдеу- сауықтыру мекемелеріне дейінгі жол жүру құжаттарының негізінде (бару және қайту) жүру құнының 100% көлемінде көрсетіледі.
Темір жол, әуе, жолаушы көлігі жүретін станса (вокзал) арыз берушінің тұратын елді мекеннен қашық болса, кететін жерге жету керек болса, жалпы пайдалынымдағы автокөлікпен (таксиден басқа) жүрген құжат болған жағдайда, жол жүру құны 100% көлемінде төленеді.
Тарау 6. 6. Әлеуметтік көмекті төлеу
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, ай сайын облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді, облыстық басқарма жалпы тізім жасап, ай сайын облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары жасаған тізімге сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, зандылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асыралады