Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов в городе Шымкент Күшін жойған
Басқа 0
Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Шымкент қалалық
мәслихатының 2017
жылғы «28»
маусымдағы №17/156-6с
шешіміне қосымша
Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№
Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
1.1
Жайлы үйлер
1 адам
171,00
1.2
Жайлы емес үйлер
1 адам
200,00
1.3
Заңды тұлғалар
1 текше метр
1399,46
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері
2.1
Жеке тұлғалар
1 тонна
1036,12
2.2
Заңды тұлғалар
1 тонна
1725,90
3
Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері
-
-