Об утверждении перечня объектов, подлежащих государственной охране и мерах по ее обеспечению Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қорғалуға тиісті объектілер тізімі және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен. “Күзет қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасы ІІМ кейбір мәселелері” 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысын, “Қазақстан Республикасының аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерінің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы №101-ө өкімін жүзеге асыру, облыста төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында
Тармақ 1
1. Ішкі істер органдарының мамандандырылған бөлімшелерінің мемлекеттік қорғауына жататын объектілер тізімі бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері бекітілген тізімге сәйкес тіршілікті камтамасыз ететін ерекше маңызды мемлекеттік объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуде ішкі істер органдарына көмек көрсетсін.
Тармақ 3
3. Облыстық БІІБ (В.Н.Курбатов), Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Т.К.Завотпаев) №1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын объектілердің ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қорғауына алынуын шаруашылық субьектілермен келісілген кесте негізінде 2002 жылғы 1 ақпанға дейін белгіленген тәртіп бойынша қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитет (С.М.Төрегелдин), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы №101-ө өкімінің 3 тармағының ішкі істер органдарының мемлекеттік қорғауға жататын объектілерді күзету қызметі ақысының мөлшерін бекіту бөлігінде орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Б.Т.Қожахметов), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (М.К.Ысқақов) елді-мекендерді, автомобиль және темір жолдарды су басу қаупін тудыратын гидротехникалық ғимараттардың инженерлі - техникалық мықтылығын 2002 жылғы 1 маусымға дейін зерттесін және олардың мықтылығы жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Облыстық қаржы басқармасы (С.Н.Нүгербеков) жергілікті деңгейге жатқызылған су қоймалары, табиғи және жасанды су айдындарының, сондай-ақ гидротехникалық қондырғылардың, су тартқы коллекторларының, су сору станцияларының және тұрғындарды шщаруашылық және ішетін сумен қамсыздандыру объектілерін техникалық нығайту және қорғау, жөніндегі шараларды қаржыландыруды 2002 жылдан бастап мемлекеттік органдардың негізделген ұсыныстарын ескере отырып, көздесін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия төрағасы И.У.Тоғайбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы №1433 қаулысының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 25 желтоқсандағы №101-ө өкімінің орындалу барысы туралы мәселелерді қауіпсіздік шараларын үйлестіру жөніндегі аймақтық штаб отырысында қарастырсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.У.Тоғайбаевқа жүктелсін.
Басқа 1. Қарағанды облысының аумағандағы мемлекеттік қорғауға жататын объектілер ТІЗІМІ
Облыс әкімінің 2002 жылғы 30.01. № 19 шешіміне №1 қосымша Қарағанды облысының аумағандағы мемлекеттік қорғауға жататын объектілер ТІЗІМІ
Тармақ 1
1. Жергілікті атқару органдар және басқа да мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары
Тармақ 2
2. “Қарағанды - Пауэр” ЖШС 2.1. 1- ЖЭО 2.2. 3- ЖЭО
Тармақ 3
3. Қарағанды облыстық телерадиокомпаниясы
Тармақ 4
4. “Испат-Кармет” ААҚ көмір департаменті 4.1. Шахтинск қаласындағы АЗ базистік қоймасы 4.2. Сорғы стансасы (СС) - “Джон” ӨК торабы 4.3. (СС) - “А” торабы 4.4. (СС) - “1-К” торабы 4.5. (СС) - “ПД” торабы 4.6. (СС) - “ШД” торабы 4.7. (СС) - “ШС” торабы 4.8. (СС) - “1-УС” торабы 4.9. Сорғы стансасы - Жоғарғы Сокур 2 торабы 4.10. Таза су корының резервуары - “Б” торабы 4.11. Шахан сорғы стансасы 4.12. Онмыңдық резервуар
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 5.1. Шахтинск қаласының медициналық мүлік қоймасы 5.2. Саран қаласының АЕЛМ 5.3. Аймақтық бірлестіктің мобилизациялық резерв қоймасы (Жезқазған қаласы)
Тармақ 6
6. “Қарағанды-Дистрибьюшн” ЖШС 6.1. Қосалқы станция (ҚС) - Жаңа қала 6.2. (ҚС) – Сантехникалық 6.3. (ҚС) – Ботаникалық 6.4. (ҚС) – Қарағанды 6.5. (ҚС) – ұнтақтау комбинаты 6.6. (ҚС) – Федоров 6.7. (ҚС) – Киров 6.8. (ҚС) – Тихонов 6.9. (ҚС) – Михайлов 6.10. Орталық диспечерлік пункт
Тармақ 7
7. “Қарағанды сушар” РМК 7.1. Жартас су қоймасы 7.2. Шоқай су қоймасы 7.3. Ынтымақ су қоймасы 7.4. Федоров су қоймасы 7.5. Ішім су қоймасы 7.6. Ашысу су қоймасы 7.7. Самар су қоймасы 7.8. Жезді су қоймасы 7.9. “Жаңабұлақ” ЖШС су тартқышы (Атасу кенті)
Тармақ 8
8. “АБС-энерго” СФ (Теміртау қаласы) – 8.1. Самарқанд су қоймасы (Теміртау қаласы) 8.2. 1-ҚарГРЭС
Тармақ 9
9. “Нижний Бьеф” ЖШС – су тартқы стансасы (Теміртау қаласы)
Тармақ 10
10. 7-ВОДЧ “Желдорводоотеплоснабжения” – Ағадыр кенті су қоймасы
Тармақ 11
11. “Ново-Цинк” ЖШС БК 11.1. Жер асты резервуарлары, Ақжал кенті сорғы стансасы 11.2. ІӘ қоймалары (п.Ақжал, Ағадыр кенті)
Тармақ 12
12. “Испат-Кармет” ААҚ 12.1. 2-ЖЭО (Теміртау қаласы) 12.2. “Сергипольский” сутартқышы (Теміртау қаласы) 12.3. жағалық сорғы стансасы (Теміртау қаласы) 12.4. тазарту қондырыларының цехы (Теміртау қаласы) 12.5. ОРС базасы (Теміртау қаласы)
Тармақ 13
13. “Оқжетпес” ЖШС – сорғы стансасы (Теміртау қаласы)
Тармақ 14
14. “Сәтпаев атындағы канал” РМК 14.1. №13 сорғы стансасы (СС) 14.2. №14 (СС) 14.3. №15 (СС) 14.4. №16 (СС) 14.5. №17 (СС) 14.6. №18 (СС) 14.7. №19 (СС) 14.8. №20 (СС) 14.9. №21 (СС) 14.10. №22 (СС) 14.11. №7 гидротораб 14.12. №9 гидротораб 14.13. №11 гидротораб
Тармақ 15
15. “Су жылу Транс” КМҚК 15.1. 2-ГПП бас су айдаушы шағын стансасы 15.2. №425 белгі
Тармақ 16
16. “Суканал” ААҚ сумен қамтамасыз ету тазарту қызметі
Тармақ 17
17. “KEGOC” ААҚ ЦЭМС КФ
Тармақ 18
18. “Энергокөмір” ӨБ 18.1. Жартас су тартқысы (Абай қаласы) 18.2. Қатур су тартқысы (Шахан кенті)
Тармақ 19
19. “АБС-Балқаш” ГРК – атқыш заттар қоймасы
Тармақ 20
20. БКМК құнды металдар зауыты (Балқаш қаласы)
Тармақ 21
21. “Саранкоммунсервис” ГКПП (Саран қаласы)
Тармақ 22
22. “Қазақтелеком” Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясы 22.1. 52-56 АТС 22.2. 54-55 АТС 22.3. 41- АТС 22.4. 43- АТС 22.5. 49- АТС 22.6. 73-74 АТС 22.7. 72- АТС 22.8. 45- АТС 22.9. 75- АТС 22.10 33- АТС 22.11. 23- АТС 22.12. 24- АТС 22.13. 22- АТС 22.14. 48- АТС 22.15. 44- АТС 22.16. Саран ҚТБ 22.17. Теміртау ҚТБ 22.18. Балқаш ҚТБ 22.19. Жезказған ҚТБ 22.20. Тарату және магистральды желілер
Тармақ 23
23. Мемлекеттік мұрағаттар және оларды қоймалары 23.1. Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағат 23.2. Теміртау қалалық мемлекеттік мұрағат 23.3. Қарағанды қалалық мемлекеттік мұрағат 23.4. Саран қалалық мемлекеттік мұрағат 23.5. Балқаш қалалық мемлекеттік мұрағат 23.6. Шет аудандық мемлекеттік мұрағат 23.7. Жезқазған мемлекеттік мұрағат
Тармақ 24
24. Қарағанды облыстық ОРТПЦ 24.1. Теміртау қалалық РТПЦ 24.2. Қарағанды қалалық РТПЦ 24.3. Саран қалалық РТПЦ 24.4. Балқаш қалалық РТПЦ 24.5. Жезқазған қалалық РТПЦ
Тармақ 25
25. “Казтрансойл” ЖАК Мұнай құбырлары Қарағанды басқармасы 25.1. Әкімшілік ғимараты 25.2. “Атасу” ГМӨС 25.3. “Сарепта” МӨС 25.4. “Трудовая” МӨС 25.5. мачта, байланыс құралдары, №35 ысырма аумағындағы қорғалатын аумақ 25.6. мачта, байланыс құралдары, №29 ысырма аумағындағы қорғалатын аумақ 25.7. мачта, байланыс құралдары, КППОУ аумағындағы қорғалатын аумақ 25.8. Жезқазған қаласының мұнай құбырлары басқармасы 25.9. Атасу кенті мұнайқайта айдаушы стансасы
Тармақ 26
26. “Дидар” телестудиясы
Тармақ 27
27. “Қазақмыс” корпорациясы 27.1. ГРЭС (Топар кенті) 27.2. Шерубай Нұра су қоймасы (Топар кенті) 27.3. ШСТҚ (шарсутазарту қондырғылары) Жезқазған қаласы 27.4. КГТ (Кеңгіргидроторабы) Жезқазған қаласы 27.5. ЖЭО Жезқазған қаласы 27.6. Ксантогенат цехы Жезқазған қаласы 27.7. Рудник кентіндегі ІӘ қоймалары 27.8. Рудник кентіндегі СДЯВ қоймалары 27.9. № 3 су сорғы стансасы. Сәтпаев қаласы 27.10. ЖЭО.Балқаш қаласы
Тармақ 28
28. “Шұбаркөл разрезі” 28.1. Шүбаркөл АЗ шығыс қоймасы (Нұра аудыны)
Тармақ 29
29. “Интерин” ҒОҚ 29.1. АЗ Ақтау базистік қоймасы (Бұқар-Жырау ауданы) 29.2. АЗ Ақтау шығыс қоймасы (Бұқар-Жырау ауданы) 29.3. АЗ Қарағайлы базистік және шығыстық қоймасы (Қарқаралы ауданы)
Тармақ 30
30. “Қазақмыс” ААҚ “Борлы” филиалы 30.1. АЗ Қуішек шығыстық және базистік қоймасы (Осакаров ауданы) 30.2. АЗ Молодежный шығыстық (Осакаров ауданы)
Тармақ 31
31. “Тентек ЖЭО” ЖШС – ЖЭО Шахтинск қаласы
Тармақ 32
32. Шайхин ЖК 32.1. Ақтайлақ су тартқышы (Атасу кенті)
Тармақ 33
33. “Алаш” ААҚ 33.1. АЗ Оңтүстік-Топар шығыстық және базистік қоймасы (Абай ауданы)
Тармақ 34
34. “Анис және К” ЖШС 34.1. “Қылыш” су қоймасы 34.2. Қаражал су тартқышы 34.3. Жаңа-Қаражал электр шағын стансасы 34.4. Ащылы су тартқышы (Қаражал қаласы) 34.5. Тұскөл су тартқышы (Жәйрем кенті)
Тармақ 35
35. “Жәйрем КБК” ААҚ 35.1. Тұзкөл су тартқышы (Жәйрем кенті) 35.2. АЗ Жәйрем базасы
Тармақ 36
36. “Жезқазған -Эйр” әуекомпаниясы
Тармақ 37
37. “ЖРЭК” ААҚ 37.1. Аудандық электрстансасы (Атасу кенті) 37.2. Қаражал жоғары вольтты шағын стансасы (“ЖРЭК” ААҚ) 37.3. Жезқазған РЭК
Тармақ 38
38. Қоймалар (Аммиак сақтайтын орын) “Жезқазғансирекметалл” ЕМК
Тармақ 39
39. “Атасу-руда” ААҚ жарылыс заттарының қоймасы (“Өркен” ЖШС. Қаражал қаласы)