О содействии в трудоустройстве официально зарегистрированных безработных Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ресми түрде тіркелген жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-11 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру және еңбек нарығындағы әлеуметтiк шиеленiстi тоқтату мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН: Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен мемлекеттiк сатып алу iс жосығын жүзеге асыру кезiнде:
Тармақ 1
1. Бағдарлама әкiмгерлерi құрылыс пен күрделi жөндеу объектiлерiнiң техникалық тапсырмаларын әзiрлеу кезiнде әлеуеттi жеткiзушiлерге қойылатын мiндеттi шарт ретiнде ресми түрде тiркелген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жаңа жұмыс орнын ашу мен ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруды қарастырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық тендерлiк комиссиясының төрағасы, облыс әкiмiнiң орынбасары (Ерғалиев Ф.) конкурстiк құжаттарды құрастыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды орындау үшiн ресми тiркелген жұмыссыздар санынан мамандар мен жұмысшыларды пайдаланатын компанияларға артықшылық жағдай жасау пунктiн қарастыруды ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.