Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан в Жылыойском районе из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Күшін жойған
Басқа 0
Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұйымдардағы қызметкерлердің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде Жылыой ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарынан квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.