О лицензировании деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау туралы” 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2005.02.24 N 02 шешімімен. Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” 17.04.95 жылғы N2200 Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы” 09.11.01 жылғы N1432 Қаулысын орындау үшін:
Тармақ 1
1. Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензияны беру жөніндегі өкілетті орган болып экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы (Е. Сыздықов) белгіленсін.
Тармақ 2
2. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасы:
Тармақша 2.1
2.1. Қазақстан Республикасының “Лицензиялау туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы” 09.11.01 жылғы N1432 Қаулысына сәйкес аталған кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік лицензия берудің тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етсін;
Тармақша 2.2
2.2. ҚР Үкіметінің “Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы” 09.11.01 жылғы N1432 Қаулысы бекіткен біліктілік талаптарға лицензия алушының сай келетіндігін растайтын мемлекеттік лицензияны алуға қажетті құжаттар тізбесін белгілесін;
Тармақша 2.3
2.3. Мемлекеттік лицензияны алуға қажетті құжаттарды қарайтын комиссия құрсын.
Тармақ 3
3. “Тотализаторлар мен казиноларды өткізу және оларды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдарға лицензия беру туралы” 16.08.00 жылғы N 186-ө өкімі мен “16.08.00 жылғы N186-ө өкімге өзгерістер енгізу туралы” 30.05.01 жылғы N114-ө өкімдерінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ж.С.Таласпековке жүктелсін.