Об утверждении Правил и сроков исчисления (удержания) и перечисления отчислений и (или) взносов на обязательное социальное медицинское страхование и Правил осуществления возврата плательщикам излишне (ошибочно) зачисленных сумм отчислений, взносов и (или) пени за несвоевременную и (или) неполную уплату отчислений и (или) взносов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13 - тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27-тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі____________Д. Абаев 30 маусым 2017 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі__________Б. Сұлтанов 10 шілде 2017 жыл
Басқа 1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 1-қосымша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
Тармақша 3
3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
Тармақша 7
7) жеке көмекші – қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
Тармақша 8
8) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 9
9) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) – МӘМС жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
Тармақша 10
10) жұмыс істемейтін адам (осы Қағидаларға қолданылады) – кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адам;
Тармақша 11
11) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 820-бабында белгіленген арнаулы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.
Тармақ 4
4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:
Тармақша 1
1) мемлекет;
Тармақша 2
2) жұмыскерлер, әскери қызметшілер (өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда), құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 820-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;
Тармақша 3
3) дара кәсіпкерлер;
Тармақша 4
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
Тармақша 6
6) мыналарды: осы тармақтың 2), 5) және 7) тармақшаларында; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарынан басқа (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар), осы тармақтың 4) тармақшасында көрестілген, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2025 № 106 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 8
8) жеке көмекшілер;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар.
Тармақ 5
5. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылады.
Тармақ 6
6. Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналардан төлеуден:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 7 және 7-1-тармақтарында көрсетілген адамдар;
Тармақша 2
2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;
Тармақша 3
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Тармақша 4
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
Тармақ 7
7. Мемлекет жарналары МӘМС-ке республикалық бюджеттен мынадай тұлғалар үшін төленеді:
Тармақша 1
1) балалар;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2025 № 106 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 3
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
Тармақша 5
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
Тармақша 6
6) жұмыс істемейтін мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
Тармақша 7
7) жұмыс істемейтін бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жәрдемақыны алушылар;
Тармақша 8
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 9
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
Тармақша 10
10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
Тармақша 11
11) жұмыс істемейтін қандастар;
Тармақша 12
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
Тармақша 13
13) мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 14
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
Тармақша 15
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.
Тармақ 7-1
7-1. Мемлекет жарналары жергілікті бюджеттен мынадай тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар;
Тармақша 2
2) Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс немесе мүшкіл деңгейлеріне жататын жұмыс істемейтін адамдар.
Тармақ 8
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
Тармақ 11
11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Жарналарды үздіксіз төлеген және (немесе) олар үшін аударымдарды алпыс ай ішінде төлеген тұлғалар (осы Қағидалардың 7 және 7-1-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығын сақтайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға әрбір ай үшін жарналар төлеуден босатылмайды.
Тармақ 12
12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде әрбір ай үшін төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс. Егер кезең төленбеген кезеңді есептеу кезіндегі кезең Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген сәтті қамтыса, есептелген төленбеген кезеңге енгізілмейді.
Тармақ 12-1
12-1. Қорға жарналар төлемеген дербес төлеушілер МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алу үшін қорға Заңның 5-бабының 3-2 тармағында көзделген мынадай тәсілдердің бірімен жарналар төлейді.
Тармақ 13
13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 612 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
Тармақ 14
14. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 15
15. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес ай сайын есептеледі.
Тармақ 16
16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады. Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1 және 1-1 тармақтарына сәйкес есептеледі. Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес есептеледі. Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлаған кезде Қорға есептелген (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 16-1
16-1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына (бұдан әрі - № 224 қаулы) 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке практикамен айналысатын адамдар және микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері және № 224 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын, олар бойынша төлеу (аудару) мерзімі №224 қаулыға сәйкес ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар ставкаларына «0» түзету коэффициентін қолданатын ірі кәсіпкерлік субъектілері жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, қызметкерлердің тізімдерін қордың ақпараттық жүйесіне жібереді.
Тармақ 17
17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына және 26-1-бабының 3-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына және 26-1 бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Тармақ 18
Тармақ 19
19. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 1,4 еселенген ең төменгі мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс кеткен азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды салық кезеңінің әрбір айы үшін дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына жүзеге асырады.
Тармақ 19-1
19-1. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2025 № 106 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 20
20. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай жеке тұлғалардың кірістер есебінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған салық агенттері жүзеге асырады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының жиырма еселенген мөлшерінен аспайды.
Тармақ 20-1
20-1. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) немесе өзге де заңды тұлғалар табыс төлеген кезде жүзеге асырады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшінің жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден есептеледі (ұсталады). Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының жиырма еселенген мөлшерінен аспайды.
Тармақ 21
21. Дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) олар дербес немесе үшінші тұлға оның пайдасына жүзеге асырады. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын есептеуді Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде салық кезеңінің әрбір айы үшін олардың пайдасына жүзеге асырады.
Тармақ 21-1
21-1. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын және орындаушылар болып табылатын жеке тұлғалар үшін жарналары жарналарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде айқындалады. Жарналарды ұстап қалуды және аударуды Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған интернет-платформа операторы жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Қорға аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
Тарау 3. 3- тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері
3- тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 23
23. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
Тармақ 24
24. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады. Ақылы еңбек демалысының ұзақтығы бір немесе одан да көп күнтізбелік ай кезеңін қамтитын кірістерді есептеу (ұстап қалу) кезінде аударымдар мен жарналар айларға бөліне отырып, демалыс күндерінің санына барабар демалыс кезеңін қамтитын біржолғы кірістің есепке жазылған сомасымен аударылады. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады.
Тармақ 24-1
24-1. Бірыңғай төлем төлеушілер қорға аударымдар мен жарналарды Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 823-бабында белгіленген мерзімдерде төлейді.
Тармақ 25
25. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын қорға аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 25-1
25-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшілердің жарналарын аударуды осындай шарттар жасалған заңды тұлғалар ай сайын Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына жүзеге асырады.
Тармақ 26
26. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
Тармақша 2
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.10.2025 № 106 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; 4) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
Тармақша 5
5) мемлекет – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабымен айқындалған тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударады.
Тармақ 28
Тармақ 29
29. Заңның 30-бабының 3-1-тармағына сәйкес дербес төлеушілер қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (ілесіп жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша еркін нысанда жасалатын Мемлекеттік корпорация арқылы кейіннен қорға аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 30-1
30-1. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алатын, зейнеткерлік жасқа толған және зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылмайтын отставкадағы судьялардың жарналарын төлеуді Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үшінші тұлға ретінде олардың пайдасына соттардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражат есебінен жүргізеді.
Тармақ 31
31. Аударымдарды және (немесе) жарналарды, оның ішінде берешектерді аудару Мемлекеттік корпорацияға жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналарды жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар сомасы; және (немесе) жарналар төленетін кезең (жыл,ай) көрсетіле отырып қорға аударады. Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын еркін төлем тапсырмаларында «Төлемнің мақсаты» бағанында, ал электрондық форматта жіберілген еркін төлем тапсырмаларында нысанда көзделген «ААЖЖЖЖ» жеке жолағында көрсетеді.
Тармақ 32
32. Төлеушiлер Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
Тармақ 33
33. Банктердің Мемлекеттік корпорацияға аударуы жеке сәйкестендіру нөмірін; тегі, аты, әкесінің атын (бар болған жағдайда); аударымдар және (немесе) жарналар төленетін жеке тұлғалар, аударымдар және (немесе) жарналар, аударымдар және (немесе) жарналар сомалары, Кезең (Жыл, ай) төленетін жеке тұлғалар аударымдар және (немесе) жарна сомасы, кезең (жыл, ай) көрсетілген жиынтық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Мемлекеттік корпорация бір мезгілде Қағидалардың 33-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, қорға жиынтық төлем тапсырмасын электрондық тәсілмен жібереді.
Тармақ 35
35. Төлеушілердің берешекті аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында және төлем жүйелерінің операторы немесе операциялық орталығы бекіткен хабарламалар форматтарында айқындалған знысан бойынша кезеңге (жылға, айға, айларға) жиынтық төлем тапсырмасымен жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген).
Тармақ 36
36. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын оларды кейіннен Мемлекеттік корпорацияның шотына аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат беріледі.
Тармақ 37
37. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және Заңмен айқындалған өзге де функцияларды актуалдандырады.
Тармақ 38
38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомасы түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде жиынтық төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады. Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ЖСН көрсетілмеген және (немесе) деректемелерінде қателіктер жіберілген жеке тұлғалар бойынша төлеушіге жарналар мен аударымдар;
Тармақша 2
2) төлеушіге, ол Заңның 27-бабының 2-2 тармағында және 28-бабының 5-2 тармағында белгіленген мөлшерден асатын аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісінен жеке тұлға үшін аударымдар мен жарналар сомасын төлеген жағдайда;
Тармақша 3
3) көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған адамдар үшін төлеушіге жарналар мен аударымдар) Заңның 26 - бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12),13 тармақшаларында;
Тармақша 4
4) өз пайдасына төлеген дербес төлеушілерден, жеке кәсіпкерлерден және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан аударымдар;
Тармақша 5
5) жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды қоспағанда, дербес төлеушілердің пайдасына үшінші тұлғалардан аударымдар;
Тармақша 6
6) Заңның 28-бабына сәйкес белгіленген төлем мөлшерінен төмен мөлшерде төленген дербес төлеушілердің жарналары;
Тармақша 7
7) дербес төлеушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың өз пайдасына, сол кезең үшін қайта төленген жарналары;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жарналар мен аударымдар.
Тармақ 39
39. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі: 50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді; 50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 40
Тармақ 41
Тармақ 42
Тармақ 43
Тармақ 44
Тармақ 45
Тармақ 46
46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде Заңның 26-бабының 1-тармағында, 26-1 бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.
Тармақ 46-1
46-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде қор ай сайын Заңның 26-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған қорға жарналарды төлеуден босатылған адамдардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күні келетін айдан кейінгі айдың екі жұмыс күні ішінде олардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымға бекітілген жері бойынша осындай адамдардың санына қажеттілікті қалыптастырады.
Тармақ 47
47. Қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген жарналарды төлеуден босатылған адамдарға жергілікті бюджеттен МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға ай сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді. Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде қордың шотына аударуды жүзеге асырады. Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді. Жергілікті атқарушы органдар өтінімнің негізінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде есепті кезеңдегі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде төлем тапсырмасында жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаты мен санын көрсете отырып, төлем тапсырмаларымен қордың шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 47-1
47-1. Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік саламаттылығының дағдарыс немесе мүшкіл деңгейлеріне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін МӘМС-ке жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімдерді қор осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ай сайын жергілікті атқарушы органдарға жібереді. Жергілікті атқарушы органдар қажеттілік туралы өтінімді алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен, оларда жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен саны көрсетіле отырып, қордың шотына есепті кезендегі төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Медициналық қызметтерді тұтынушы осы Қағидалардың 7-1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген адамдар санаттарының бірінен шығып қалған жағдайда, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген МӘМС-ке жарналарды төлеуші ретінде Заңның 15-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС-ке жарналарды төлеу жөніндегі міндет туындайды. Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар осындай тұлға үшін МӘМС жарналарын ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын заңнамада белгіленген мөлшерде төлеуге міндетті.
Тармақ 48
48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. Қор ай сайын Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті органнан жарналар төлеуден босатылған адамдар санаттары бөлінісінде мемлекеттің жарналарын алу туралы хабарламаны ақпараттық жүйе арқылы жібереді.
Басқа 1.1
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша
Басқа 1.2
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша
Басқа 1.3
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша
Басқа 1.4
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1-Қ Кезеңділігі: ай сайын Есептік кезең: _____20__ж Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді. ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді. Ме­ке­ме 226 Бағ­дар­ла­ма 002 Кі­ші бағ­дар­ла­ма Ерекше­лі­гі 361 Тө­лем тү­рі Же­ңіл­дік­ті са­нат­тар­да­ғы адам­дар­дың са­ны (нақ­ты де­ректер) Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, пай­ыз Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге Жар­на со­ма­сын және ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы­ны 100-ге бө­лу ар­қы­лы со­ма, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 «Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да ай­қын­дал­ған әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен мем­ле­кет­тің мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер оның ішін­де: ба­ла­лар жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер МӘМС ту­ра­лы Заң­ның 26-ба­бы 1-тар­ма­ғы­ның 5) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оны (олар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі); жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның (олар­дың) кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­ста жүр­ген адам­дар жұ­мыс іс­те­мей­тін мү­ге­дек ба­ла­ны (мү­ге­дек ба­ла­лар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған ана­ға неме­се әке­ге, ба­ла асы­рап алушы­ға, қор­ған­шы­ға (қам­қор­шы­ға) та­ғай­ын­да­ла­тын және тө­ле­не­тін мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы­ны алушы­лар; жұ­мыс іс­те­мей­тін бі­рін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­ға кү­тім жа­са­уды жү­зе­ге асы­ра­тын адам­дар­ға мем­ле­кет­тік жәр­де­ма­қы­ны алушы­лар зей­не­та­қы тө­лем­де­рін алушы­лар, оның ішін­де Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ар­да­гер­ле­рі қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да­ғы адам­дар, сон­дай-ақ үй­қа­мақ тү­рін­де­гі бұл­тарт­пау ша­ра­сы қол­да­ны­л­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар жұ­мыс іс­те­мей­тін қан­дастар «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен ма­ра­пат­тал­ған көп ба­ла­лы ана­лар мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да бі­лім алып жа­тқан адам­дар мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар Жал­пы Атауы________________________ Мекенжайы____________________________ Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/ Орындаушы ______________________________ _____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________________________________ _____________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 1.4.1
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанына қосымша
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджеттен мемлекеттің жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
Тармақ 2
2. 1-бағанда 226-мекеме көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 2-бағанда 002 бағдарламасы көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 4-бағанда 361 ерекшелігі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Кестенің 6-бағанында жеңілдікті санаттардағы адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
Тармақ 8
8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақысы, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 1.5
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әкімшілік нысанның атауы: Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 2-Қ Кезеңділігі: ай сайын Есептік кезең: _____20__ж Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Мемлекеттік корпорация ай сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді. ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді. Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­сі Бағ­дар­ла­ма Кі­ші бағ­дар­ла­ма Ерекше­лік Тө­лем тү­рі Адам са­ны (нақ­ты де­ректер) Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, пай­ыз Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге Жар­на со­ма­сын және ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы­ны 100-ге бө­лу ар­қы­лы со­ма, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Суб­си­ди­я­ла­на­тын жұ­мыс орын­да­ры­на жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ры­л­ған неме­се жұ­мыс бе­ру­ші­де жұ­мыс ор­нын­да кә­сіп­тік оқу­ға жі­бе­рі­л­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, жұ­мыс­сыздар ре­т­ін­де тір­кел­ген тұ­лға­лар үшін мем­ле­кет­тің жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­ла­ры тү­рін­де­гі әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер Атауы________________________ Мекенжайы________________________ Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/ Орындаушы ____________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ______________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 1.5.1
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанына қосымша
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған немесе жұмыс берушіде жұмыс орнында кәсіптік оқуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыздар ретінде тіркелген тұлғалар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджеттен мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
Тармақ 2
2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
Тармақ 8
8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 1.6
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 6-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Жергілікті атқарушы органдар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) (_________ күні _______ сағат_______ минут жағдай бойынша) өтінім __________ 20_ жыл (айға) (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының индексі (форма атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 3-Қ Кезеңділігі: ай сайын Есептік кезең: _____20__ж Өтеусіз негізде Әкімшілік деректерді жинау нысаны ұсынатын тұлғалар тобы: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға нысанын ұсыну мерзімі: Қор ай сайын қажеттілікті қалыптастырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға жібереді. ЖСН/БСН (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электронды түрде *Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың әкім­ші­сі Бағ­дар­ла­ма Кі­ші бағ­дар­ла­ма Ерекше­лік Тө­лем тү­рі Са­ны, адам Қор­ға тө­ле­ну­ге ти­іс­ті мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға мем­ле­кет жар­на­сы­ның мөл­ше­рі, пай­ыз Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ай­қын­дай­тын ағым­да­ғы қар­жы жы­лы­ның екі жы­лы ал­дын­да­ғы ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы, тең­ге Со­ма­сы, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 «Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да ай­қын­дал­ған әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на жар­на­лар тө­ле­уден боса­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры үшін жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен мем­ле­кет­тің мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­ла­ры тү­рін­де әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер оның ішін­де: Заң­ның 26-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, соң­ғы үш ай ішін­де мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын аудар­май­тын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әле­умет­тік қор­ғу ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес әле­умет­тік са­ла­мат­ты­лы­ғы­ның дағ­да­рыс дең­гей­іне жа­та­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар Заң­ның 26-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, соң­ғы үш ай ішін­де мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын аудар­май­тын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әле­умет­тік қор­ғу ту­ра­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес әле­умет­тік са­ла­мат­ты­лы­ғы­ның мүш­кіл дең­гей­іне жа­та­тын жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар Жал­пы Атауы________________________ Мекенжайы____________________________ Телефоны Электрондық пошта мекенжайы/ Орындаушы _________________________________ ___________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________ __________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басқа 1.6.1
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанына қосымша
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «20_ жылғы __________ (бір айға) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін жергілікті бюджеттен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі бюджет қаражатына қажеттілігіне өтінім (__________ сағат, __ минут, __ күні бойынша)» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды (бұдан әрі – Нысан).
Тармақ 2
2. 1-бағанда бюджет бағдарламалардың әкімшісі көрсетіледі;
Тармақ 3
3. 2-бағанда бағдарламасы көрсетіледі;
Тармақ 4
4. 3-бағанда кіші бағдарлама көрсетіледі;
Тармақ 5
5. 4-бағанда ерекшелігі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 5-бағанда төлем түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Кестенің 6-бағанында адамдардың саны көрсетіледі (нақты деректер);
Тармақ 8
8. 7-бағанда қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының сомасы пайызбен көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 8-бағанда мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындаған ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 9-бағанда адам санын, жарна сомасын және орташа айлық жалақыны 100-ге бөлу арқылы сома, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 2. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 2-қосымша Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек алуға құқығын беретін ақша;
Тармақша 3
3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) белгіленген тәртіппен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – қор);
Тармақша 5
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) жарналар – МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беретін ақша;
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы);
Тармақша 8
8) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші);
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҚР Еңбекминінің ААЖ) – зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру жөніндегі ақпараттық жүйе;
Тармақша 10
10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – қор активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
Тармақша 11
11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – МӘМС туралы Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға;
Тармақша 12
12) электрондық өтініш – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанында МӘМС аударымдарын, жарналарын және (немесе) жарналарын уақтылы және(немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және(немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын қайтаруға арналған өтініш;
Тармақша 13
13) «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 14
14) «Электрондық үкімет» веб-портал – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 16
16) «Saqtandyrý» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Saqtandyrý» АЖ) –медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін автоматтандырылған режимде айқындайтын ақпараттық жүйе.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті мемлекеттік орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы», «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бақылау және қадағалау жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы мен ведомствосын өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару (бұдан әрі – қызмет) мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) төлеуші немесе банк екі немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударғанда;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезең үшін берешек болмаған жағдайда артық есептелгенде (ішінара қайтару);
Тармақша 3
3) жарналарын мемлекет төлейтін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленгенде;
Тармақша 4
4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмегенде;
Тармақша 5
5) алушының деректемелері (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ қандастарды және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылғанда.
Тармақ 5
5. Үшінші тұлғалар өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша береді.
Тармақ 6
6. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру үшін талап қою мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 178-бабында белгіленген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы МӘМС аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын мынадай тәсілдердің бірімен қайтару туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді:
Тармақша 1
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік корпорацияға қағаз жеткізгіш түрінде беріледі.
Тармақ 8
8. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес.
Тармақ 9
9. Өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Тармақ 10
10. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішті қоса береді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкестігін тексереді, МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды төлеу фактісін растайды, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қоса бере отырып, электрондық өтінімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы төлеушінің сұрау салынатын деректерін, МӘМС МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды артық (қате) төленген төлем деректемелерін, сондай-ақ МӘМС жүйесінің әрбір қатысушысы бойынша ТАӘ, ЖСН, соманы және қайтару кезеңін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес енгізеді. Төлеуші өтініш берген кезде пайдасына МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары жүргізілген тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтінішке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес порталдың жеке кабинетінде қол қойылады.
Тармақ 14
14. Портал арқылы қалыптастырылатын құжаттары бар электрондық өтініш мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде төлеушінің порталда көрсетілген деректемелерінің МӘМС аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар төленген жиынтық төлем тапсырмасының деректемелеріне сәйкестігі бойынша тексеруден өтеді. Төлеуші портал арқылы өтініш берген кезде өтінімге басшының не төлемді өз пайдасына жүзеге асырған тұлғаның ЭЦҚ-ы қойылады. Порталдағы деректер сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтініші(-тері) «Saqtandyrý» АЖ-не түседі. «Saqtandyrý» АЖ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ҚР Еңбекминінің ААЖ және электрондық өтінішті тіркеу туралы хабарламаны қалыптастырады және жібереді.
Тармақ 15
15. Салық төлеушілер туралы ақпаратты (тіркеу, тоқтата тұру, ұзарту, ұзарту) алу салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдерді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Қызметті портал арқылы алған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде МӘМС артық (қате) есепке жатқызылған ударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару (қайтарудан бас тарту) қаралады және жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде берілген құжаттарды қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды, өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, оның ішінде Мемлекеттік корпорацияда 5 (бес) жұмыс күні, қорда қарау және қайтару туралы шешім қабылдау үшін 7 (жеті) жұмыс күні, 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның қаражатты аударуына беріледі. Портал арқылы берілген құжаттарды қарау мерзімі – 10 (он) жұмыс күнін, оның ішінде қарау және қайтару немесе бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қорға 7 (жеті) жұмыс күнін, Мемлекеттік корпорацияның қаражат аударуына 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтарудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 20
20. Кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аудару туралы өтініштер бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызметті көрсетуші жиынтық төлем тапсырмасын қалыптастырады және ақша аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік корпорация төлем тапсырмасын қалыптастырады және үш операциялық күн ішінде артық (қате) есептелген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын төлеушіге аударады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 22
22. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Тармақ 24
24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 2.1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару 2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қор). 3 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы 4 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) Мемлекеттік корпорация – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы – 10 (он) жұмыс күні 5 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз 6 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қор оларды кейіннен төлеушіге аудару үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына ақша аударуы немесе аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомаларын төлеушіге қайтарудан дәлелді бас тартуы 7 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Тегін 8 Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу графигі 1) Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республиканың Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа; 2) Қордың жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Өтініштер Мемлекеттік корпорация арқылы және портал арқылы беріледі; 3) Портал – тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 9 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі 1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес өтініш; төлеуші қайтаруға өтініш берген кезде Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес пайдасына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға өтініш берген кезде келісім беру туралы өтініш. 2) портал арқылы сұрау салу кезінде: өтініш; төлеуші қайтаруға пайдасына жарналар жүргізілген жеке тұлғадан сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш: Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы берген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жіберіледі және сақталады. 10 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) енгізілген деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тармағында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған; 4) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. 11 Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде немесе электрондық нысанда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Басқа 2.2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы өтініш
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару туралы өтініш _________________________________________________________________ (төлеушінің атауы) Төлем тапсырмасымен аударылған артық (қате) төленген аударымдар, жарналар және (немесе) өсімпұлдар сомасын қайтаруды сұраймын: 20_____ж. «___» ______________ №_______________ Төлеушінің БСН/ЖСН ______________________, төлемнің жалпы сомасы ___________________________________________, қайтарудың жалпы сомасы _________________________________________, № ЖСН Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Кезең Төленген сома Қайтару сомасы 1 Кейінгі төлемдерді түзету мынадай себеппен мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):
Тармақша 1
1) төлеуші немесе банк бір немесе бірнеше төлем тапсырмаларының негізінде екі немесе одан да көп рет «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шотына қате аударғанда;
Тармақша 2
2) артық есептелген (ішінара қайтару);
Тармақша 3
3) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 7-тармағына сәйкес жарналарын мемлекет төлейтін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін қате төленген;
Тармақша 4
4) төлем мақсатының коды дұрыс көрсетілмеген;
Тармақша 5
5) алушының деректемелері (ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), төлем жүргізілген кезең дұрыс көрсетілмеген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қандастарды және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болғандарды қоспағанда, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар үшін қате аударылған. Қайтаруды келесі деректемелер бойынша жүргізуді (қажеттісін белгілеуді) сұраймыз: ☐ бұрын аударымдар жүргізілген банктік деректемелерге; ☐ банктік деректемені ауыстырған кезде мынадай деректемелерді (ағымдағы шоттың болуы туралы анықтама) толтыру қажет: Төлеушінің атауы:_______________________________________________ БСН (ЖСН): ____________________________________________________ Төлеушінің БСК:_________________________________________________ Банктің атауы:___________________________________________________ Төлеушінің ЖСК (IBAN):_________________________________________ (банктік шоттың 20 таңбалы нөмірі) Қосымша: аударымдарды және (немесе) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан (заңды тұлғалар, салық агенттері және үшінші тұлғаның пайдасына төлеген төлеушілер үшін) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың, жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың артық (қате) есептелген сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Төлеуші: _________________________________ ___________ (Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы) Бас бухгалтер (бар болса) ________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда) (қолы) Мөр орны (бар болса) Мекенжайы: _____________________________________________________ Электронды пошта: ______________________________________________ Байланыс телефоны +7 ____________________ Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылады және мөрмен расталады (бар болса) (факсимильді қол қоюға жол берілмейді).
Басқа 2.3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары төленген тұлғадан (тұлғалардан) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары және (немесе) жарналары төленген тұлғадан (тұлғалардан) сомаларды қайтаруға келісім беру туралы өтініш Мен (біз), ________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні) ЖСН _________________________ __________ (жыл, ай) кезеңі (дері) бойынша __________ соманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленген артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың менің пайдама қайтаруға келісім беремін (береміз). «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аударымдарды, жарналарды және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. ______________ _____________ (қолы) (күні)
Басқа 2.4. Электрондық өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама
Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша Электрондық өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталында қарау мәртебесі туралы хабарлама Сіздің «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге № __________________ өтінішіңіз (электрондық өтініштің нөмірі) «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберілді». Өтініштің мәртебесі қарауда.