Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Баянаульскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Баянауыл ауданының тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Баянауыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 шілдедегі № 101/16 шешіміне қосымша Баянауыл ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Баянауыл ауданының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; - коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; - мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Тармақ 2
2. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган «Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
2 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
Тармақ 3
3. Коммуналдық қызметтерді төлеуге берілетін тұрғын үй көмегінің ең төменгі мөлшері тоқсандағы айлық есептік көрсеткіш шамасынан айына 0,5 (нөл бүтін оннан бесті) құрайды.
Тармақ 4
4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі: - жалғыз тұратын азаматтар үшін-тұрғын үйдің жалпы алаңынан 30 (отыз) шаршы метр; - 2 және одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін – тұрғын үйдің жалпы алаңынан бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр; Электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну нормасын бір адамға айына - 110 (жүз он) киловатт мөлшерінде анықтау. Электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін - бір адамға айына 90 ( тоқсан) киловатт.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Табиғи монополиялар туралы» Заңдарына сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға арналған нормативтер мен тарифтер заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тарау 3. 3 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
3 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға арналған алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шот;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттар немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмелері;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шоттар. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Тармақ 8
8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жіберіледі.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге кеткен жиынтық кіріс пен шығыстар бойынша бір тоқсан мерзімге тағайындалады.
Тармақ 11
11. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
Тармақ 12
12. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) айына кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, табысы аз отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде айқындалады.
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына жүзеге асырады.