О мерах по сохранности жилищного фонда Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй қорын сақтау жөнiндегi шаралар 📌 Сноска. Күші жойылды - Алматы облысы Әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тұрғын үй қорын қамтамасыз ету, сақтау және көрсетiлетiн тұрғын үй-коммуналдық қызметтiң сапасын арттыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 17 қыркүйектегi N 1348 Қаулысына сәйкес облыс әкiмi шешім етті:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi халыққа көрсетiлетiн тұрғын үйкоммуналдық қызметтiң ойдағыдай сапалылығын және коммуналдық объектiлер мен тұрғын үй қорының техникалық ақаусыздығын қамтамасыз ету мақсатында: - коммуналдық объектiлердiң, тұрғын үй қорының және инженерлiк жүйелердiң техникалық жағдайын, қыс алдындағы шараларды орындай және осы жұмыстардың сапасын бақылай отырып, үнемi тексерiп отыруды қамтамасыз етсiн; - жеке меншiкке сатылмаған аулаушiлiк инженерлiк желiлерге, олардың бөлiну шекараларына сәйкес қызмет көрсету жөнiндегi шаралар қабылдасын; - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн мемлекеттiк және жеке тұрғын үй (көп қабатты тұрғын үйлер) қорын күрделi жөндеуден өткiзуге қажеттi қаржы көлемiн анықтасын. Тұрғын үй қорының ақаусыздығын негiзгi конструктивтi элементтердiң, инженерлiк желiлердiң, жабдықтар мен қондырғылардың техникалық жағдайына қарай анықтайтын болсын; - 1998 жыл iшiнде қажет болған жағдайда қалаларды жерасты және басқа да сулардың басып қалуынан инженерлiк қорғаудың, жерасты жұмыстарынан келген зиянды жоюдың және басқа да мүмкiн табиғи және техникалық сипаттағы басқа да жағдайлардың салдарынан болған зардаптарды (зиянды) жөнге келтiру шараларын әзiрлесiн; - сейсмикалық берiктендiру, күрделi жөндеу, тұрғын үйдi қайта конструкциялау және модернизациялау жұмыстарын жүргiзуге рұқсат ресiмдеудiң қарапайым тәртiбiн бекiтсiн; 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн су құбыры-канализация шаруашылығы мен коммуналды жылу энергетикасын дамытудың аудандық (қалалық) бағдарламасын ауданның (қаланың) экологиялық жағдайын ескере отырып жасасын және оны қаржыландырудың көздерiн анықтасын; - тиiстi сапа мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын қамтамасыз етушi атқарушыларды тендерлiк iрiктеу кезiнде тұрғын үйлерге және тұрғын үй- коммуналды шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсетушi шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында бәсекелiк орта қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдасын; - тұрғындармен жергiлiктi жағдайларды ескере отырып есеп айырысу үшiн тұрғын үй қорын ұстау және есептеу аспаптарын орнатуға дейiнгi коммуналдық қызметтi пайдалану жөнiндегi шығындарға жатқызу тәртiбiн жалпы алаңның бiр шаршы метрi немесе бiр тұрғынға, немесе бiр отбасына есептеумен анықтасын.
Тармақ 2
2. Екiншi деңгейдегi банктерге тұрғын үй-коммуналды қызмет көрсетушiлерге және ғимараттар кооперативтерiне су мен жылу энергиясын есептеу аспаптарын алуға, орнатуға кредит берудi жүзеге асыру ұсынылсын.