Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Балхашском районе Күшін жойған
Басқа 0
Балқаш ауданында мүгедектер
қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу
мөлшерін және тәртібін айқындау
туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
Тармақша 1
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі-алушы) беріледі;
Тармақша 3
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шоттың болуы туралы құжат;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
Тармақша 4
4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді.
Тармақша 5
5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берген күннен бастап төленеді.
Тармақ 3
3. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2014 жылғы 24 қарашадағы № 39-168 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2956 тіркелген, 2014 жылдың 13 желтоқсанында «Балқаш өңірі» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.