Об утверждении перечня открытых данных Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, размещаемых на интернет-портале открытых данных Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесін бекіту туралы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі ______________ Д. Абаев 2017 жылғы 28 маусым
Басқа 0. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 26 маусымда № 15/165 қаулысымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесі № Ашық деректер жиынтығының атауы Өзектендіру кезеңі Ұсыну мерзімі Дереккөзі Жауапты бөлімше 1 Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен байланыстары туралы, сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының саны туралы мәліметтер Жылда 1 рет 15 қаңтарға Ашық деректер интернет-порталының АЖО Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) 2 Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің саны туралы мәліметтер 5 жылда 1 рет 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 3 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың сайланатын әкімдерінің саны туралы мәліметтер 4 жылда 1 рет 4 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 4 Қазақстан Республикасында болған сайлау мен референдумдардың тізбесі Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 5 Соңғы 10 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың нәтижелері 5 жылда 1 рет 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 6 Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттар туралы мәліметтер Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 7 Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялар туралы мәліметтер Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 8 Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың деректері Сайлау кезеңінде 3 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 9 Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң  депутаттығына кандидаттардың деректері Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 10 Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң  депутаттығына кандидаттардың тіркелген партиялық тізімдері Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 11 Соңғы 6 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау нәтижелері 3 жылда 1 рет 3 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 12 Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың нәтижелері 5 жылда 1 рет 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 13 Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың нәтижелері 5 жылда 1 рет 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 14 Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлаудың нәтижелері 4 жылда 1 рет 4 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 15 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 16 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің тізімі Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Бөлім 17 Президент лауазымына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы мәліметтер Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 18 Саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және осы қаражаттың жұмсалуы туралы мәліметтер Сайлау кезеңінде 5 жылда 1 рет Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 19 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтас халықаралық ұйымдардың тізбесі, ынтымақтастық мәні Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Талдау - сыртқы байланыс және протокол бөлімі 20 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің құрамы Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Талдау - сыртқы байланыс және протокол бөлімі 21 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамы Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 22 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрылымы Жыл сайын 4-тоқсан Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 23 Бос лауазымдар туралы ақпарат Тоқсан сайын Тоқсан сайын Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 24 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі Тоқсан сайын Тоқсан сайын Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі 25 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің азаматтарды қабылдау кестесі Тоқсан сайын Тоқсан сайын Ашық деректер интернет-порталының АЖО Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі