Об утверждении Правил участия банка второго уровня в уставном капитале других юридических лиц, а также выдачи разрешения на создание или приобретение банком второго уровня дочерней организации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 4 қаулысымен . Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерге бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына келісім беру туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысының ;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктердің акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ережені бекіту жөнінде" 1998 жылғы 26 желтоқсандағы N 291 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны және Ережені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 9. Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесін бекіту жөнінде" 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесі Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) негізінде жасалынды және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктерін және банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу тәртібін белгілейді. Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен , 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115 қаулысымен .
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Банктер Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Банктер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) соңғы аяқталған жыл ішіндегі бөлінбеген таза кірістің болуы және ағымдағы жылдың кірістер сомасының осындай кезеңдегі шығыстардан асуы ретінде анықталатын соңғы аяқталған жылы және ағымдағы жылдың ішінде шығынсыз қызмет еткенде;
Тармақша 2
2) соңғы үш айдың ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және басқа да орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтағанда;
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға өту бойынша барлық талаптарға сәйкес болғанда; Осыған орай банктің бір заңды тұлғаның жарғылық капиталына тікелей (тура) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) қатысуы банктің меншік капиталының он процентінен аспауы тиіс. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс, сонымен бірге олардың іске асырылу мерзімі бір жылдан аспауы тиіс. Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен , 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115 қаулысымен .
Тармақ 2-1
2-1. Банктер коммерциялық емес ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін басқару компанияларының жарғылық капиталына қатысқан жағдайда осы Ереженің 2-тармағының талаптары қолданылмайды. Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 115 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалардың акцияларын сатып алған, жиынтық нақты құны акцияларын банк сатып алған заңды тұлғаның жарғылық капиталының бес және одан астам проценті болатын банктер (еншілес ұйымдарды қоспағанда) акцияларға ие болғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл жөнінде жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) беруге міндетті. Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Банктің хабарламасында мыналар болуы тиіс:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның атауы;
Тармақша 2
2) банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
Тармақша 4
4) банк көрсету керек деп тапқан басқа мәліметтер.
Тармақ 5
5. Банктер ұғымы Заңның 11-1-бабында белгіленген еншілес банктер құрған немесе ие болған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес берілетін рұқсатын алуға міндетті. Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тарау 2. 2-тарау. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі
2-тарау. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру туралы өтініш беру және қарау тәртібі
Тармақ 6
6. Уәкілетті органмен банктерді қадағалау бөлімшесінің тиісті ұсынысы негізінде банкке рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Банк еншілес ұйым құруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мыналарды тапсырады:
Тармақша 1
1) N 1 қосымшаға сәйкес банктің еншілес ұйым құру үшін рұқсат алуға өтініші;
Тармақша 2
2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру туралы шешімі;
Тармақша 3
3) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, оның Жарғыны бекіту туралы хаттамалары;
Тармақша 4
4) N 2 қосымшаға сәйкес еншілес ұйымның басқарушы қызметкерлері туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы;
Тармақша 6
6) бизнес-жоспар бере отырып, еншілес ұйымның қызмет түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
Тармақша 7
7) еншілес ұйымның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы ақпарат;
Тармақша 8
8) банктің құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат. Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Банк еншілес ұйымға иелік етуге рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Ереженің 7-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа мыналарды тапсырады:
Тармақша 1
1) еншілес ұйымға ие болу шарттары және тәртібі туралы мәлімет;
Тармақша 2
2) аудиторлық ұйымның иелікке алынатын еншілес ұйымға жүргізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым растаған соңғы қаржы жылындағы оның қаржылық есебі;
Тармақша 3
3) иелікке алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 4
4) иелікке алынатын еншілес ұйымның жарияланған (тіркелген) төленген жарғылық капиталының мөлшері туралы, сондай-ақ банктің иелікке алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) банктің жарғылық капиталға қатысуы арқылы еншілес ұйымды иелікке алған заңды тұлға туралы деректер, оған мыналар кіреді: заңды тұлғаның атауы және мекен-жайы; банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы мәлімет; заңды тұлғаның банк иелікке алған еншілес ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлесі және сомасы туралы ақпарат. Ескерту: 8-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беруге арналған өтініші және қажетті құжаттары банктерді қадағалау бөлімшесіне беріледі.
Тармақ 10
10. Банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсат N 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада (екеуі мемлекеттік тілде және екеуі орыс тілінде) ресімделеді, екеуі банкке беріледі, ал басқа екеуі банктің заңды іс қағаздарына тігіледі.
Тармақ 11
11. Банктерді қадағалау бөлімшесі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты өкілеттігін нотариалды не басқа да заңды жолмен куәландырған құжаты бар банктің уәкілетті адамына тапсырады.
Тармақ 12
12. Берілген рұқсатты банкті қадағалау бөлімшесі жүргізетін банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына берілген рұқсатты есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен Тізілімге (N 4 қосымша) тіркеледі. Ескерту: 12-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган Заңның 11-1-баптарында көзделген мерзімде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті. Заң талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар берген кезде, құжаттар қайтарылып береді. Құжаттарды қайта берген кезде оларды қарау мерзімін есептеу қайта басталады. Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган Заңның 11-1-баптарында көзделген негіздемелер бойынша рұқсат беруден бас тартады. Уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың негіздемелері жөнінде жазбаша хабарлауға міндетті. Ескерту: 14-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 15
15. Банк уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда үш айлық мерзімде еншілес ұйымның оған тиесілі акцияларын (қатысу үлесін) осы банкпен ерекше қатынаста байланысы жоқ адамдарға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімді белгілеу мүмкіндігінен бас тартуға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға беруге міндетті. Ескерту: 15-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тарау 3. 3-тарау. Банктердің листинг компанияларының жарғылық капиталға қатысуының қосымша шарттары
3-тарау. Банктердің листинг компанияларының жарғылық капиталға қатысуының қосымша шарттары
Тармақ 16
16. Банктер Қазақстан Республикасы аумағында қызмет атқаратын, акциялары қор биржаларының ең жоғарғы санаттағыларының тізіміне енгізілген бір эмитенттің орналастырылған акцияларының жалпы санының он бес процентінен аспайтын бөлігін сатып ала алады. Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 17
17. Банк бағалы қағаздардың листингін реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қор биржасында акциялары бойынша делистингтен өткен ұйымның акцияларын иелікке алуға құқылы емес. Мұндай акциялар бар болған кезде, банк оларды бір жылдың ішінде сатуға құқылы. Банктің бір жыл ішінде қор биржасында акциялары бойынша делистинг жүргізілген заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады. Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен .
Тармақ 17-1
17-1. Осы тараудың талаптары банктің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Ескерту: 17-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен .
Тарау 4. 4-тарау. Банктердің акциялары кепіл ретінде банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы бойынша талаптар
4-тарау. Банктердің акциялары кепіл ретінде банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы бойынша талаптар
Тармақ 18
18. Банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына бұрын кепілге қабылданған және қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес анықталатын, әділ құны бойынша бағаланатын акциялардың банктің меншігіне өтуі арқылы тікелей қатысуы банктің меншікті капиталының жиырма бес процентінен асқан жағдайда, не банктің заңды тұлғаның жарғылық капиталына осындай қатысуы Заңда көзделмесе, онда банк осы акцияларды олардың меншікке өткен күнінен бастап бір жыл ішінде сатуы тиіс. Банктің бір жыл ішінде кепіл шарты бойынша банктің меншігіне көшкен заңды тұлғаның акцияларын сатуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, осындай акциялар банктің есебінде шығын ретінде танылады. Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 212 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 19
19. Осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті орган қолданылып жүрген заңдарда көзделген ықпал ету шараларын банкке қолдануға құқылы. Ескерту: 19-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен .
Тармақ 20
20. Осы Ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.
Басқа 57. Екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат алуға ӨТІНІШ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 1 қосымша Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен . ____ ж. "__" __________ N____     Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасына _______________________ Екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат алуға ӨТІНІШ ____________________________________________________________________                        (өтініш берушінің атауы) банктің уәкілетті органының ________________________________________ (өткізілген орны) ______ жылғы "____"________________ N ______  шешіміне сәйкес______ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (құрылатын  (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, мекен-жайы) құруына немесе ие болуына рұқсат беруіңізді сұрайды. Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне жауап береді. Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен тізбесін, әр қайсы бойынша дана және бет санын көрсету керек) Басқарма Төрағасы ________________________      _________________ (қолы) Директорлар кеңесінің төрағасы                                        __________________ (қолы) М.О.
Басқа 58. Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 2 қосымша Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат 1. Аты-жөні________________________________________________________ 2. Азаматтығы______________________________________________________ 3. Жеке басын растайтын құжаттың деректері_________________________ 4. Жұмыс орны (орындары), қызметі (қызметтері)_____________________ 5. Жұмыс орнының (орындарының) мекен-жайы, байланыс телефоны_______ 6. Білімі (біліктілігін арттыру курстарын қоса): ____________________________________________________________________ Түскен күні - аяқтаған күні  !    Оқу орнының атауы    !   Мамандығы _____________________________!_________________________!____________ _____________________________!_________________________!____________ 7. Еңбек қызметі туралы қысқаша резюмесі: ____________________________________________________________________ Жұмыс кезеңі    !       Жұмыс орны      !      Лауазымы _____________________________!_______________________!______________ _____________________________!_______________________!______________ 8. Сотты болғандығы туралы мәлімет: ____________________________________________________________________ Күні !Сот органының !Соттың тұрған ! Құқық бұзу  !   Соттың шешім !     атауы    !     жері     !    түрі     !  қабылдаған күні ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Белгіленген тәртіппен ақталмаған немесе алынбаған сотты болуы бар ма:_________________________________________________________________ 9. Банк қызметіне байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет: ____________________________________________________________________ Күні !  Жауапкершілікке  ! Органның тұрған !    Құқық     ! Шешім !   тарту туралы    !      жері       ! бұзушылықтың ! қабыл. !  шешім қабылдаған !                 !     түрі     ! данған !     орган         !                 !              !   күн !                   !                 !              ! ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ РАСТАУ Осы өтініштегі ақпаратты тексергендігімді және оның дұрыс әрі толық екенін растаймын. Аты-жөні _____________________________________________________ (бас әріптермен) Күні ____________________________ Қолы ____________________________
Басқа 59. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ИЕ БОЛУЫНА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 3 қосымша ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМ ҚҰРУЫНА ЖӘНЕ ИЕ БОЛУЫНА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ ________ жылғы "_____"_________________ N ______ Осы рұқсат__________________________________________ берілді, банк (банктің атауы) осының негізінде____________________________________________________ (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның қызмет түрі) ____________________________________________________________________ (құрылатын (иелікке алынатын) еншілес ұйымның атауы, оның ____________________________________________________________________ мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы деректер) еншілес ұйым құруына немесе ие болуына құқылы. Төраға (Төрағаның орынбасары) _______________________________
Басқа 60. Уәкілетті органның банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына берілген рұқсаттарды есепке алу тізілімі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктің басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің еншілес ұйым құруына немесе ие болуына рұқсат беру ережесіне N 4 қосымша Ескерту: 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен . Уәкілетті органның банктің еншілес ұйым құруына және ие болуына берілген рұқсаттарды есепке алу тізілімі ____________________________________________________________________ р/с ! Банктің ! Еншілес !  Еншілес     !  Банктің еншілес  ! Еншілес N  !  атауы  ! ұйымның !  ұйымның     !    ұйым құруына   ! ұйымның !         !  атауы  ! заңды тұлға  !  және ие болуына  ! қызмет !         !         !   ретінде    !      берілген     !  түрі !         !         ! мемлекеттік  !   рұқсаттың күні  ! !         !         !  тіркеуден   !     және номері   ! !         !         ! өтуі туралы  !                   ! !         !         !   деректер   !                   ! ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________