Об утверждении Правил назначения авиационных медицинских экспертов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ______________ Е. Біртанов 2017 жылғы 10 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 3 шілде
Басқа 1. Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусым № 344 бұйрығымен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 54-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 1-1
1-1) авиациялық медицина – авиациялық ұшуды медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеуге арналған медицина саласы;
Тармақша 2
2) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;
Тармақша 3
3) авиациялық медициналық сарапшының сертификаты (бұдан әрі – сарапшының сертификаты) – авиациялық медициналық сарапшыға медициналық куәландыру жүргізуге және медициналық сертификат беруге құқық беретін құжат;
Тармақша 4
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
Тармақша 5
5) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;
Тармақша 6
6) жеңіл авиация (бұдан әрі – ЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР Көлік министрінің м.а. 24.10.2025 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Сарапшы болып өтініш берген уақытта медицина саласында жұмыс істеп жүрген маман тағайындалады.
Тармақ 4
4. Сарапшылар мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) 1, 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 1-сыныпты сарапшы);
Тармақша 2
2) 2, 3 және ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – 2-сыныпты сарапшы);
Тармақша 3
3) ЖА және АЖА сыныпты медициналық сертификатты беруді және қайта жаңартуды жүзеге асыратын сарапшы (бұдан әрі – ЖА және АЖА сыныпты сарапшы).
Тармақ 5
5. Сарапшы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес авиациялық медициналық сарапшыларға сертификациялық талаптарға (бұдан әрі – сертификациялық талаптар) сәйкес болуы тиіс.
Тарау 2. 2-тарау. Авиациялық медициналық сарапшыны тағайындау тәртібі
2-тарау. Авиациялық медициналық сарапшыны тағайындау тәртібі
Тармақ 6
6. Сарапшыға тағайындау немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшыны тағайындауға немесе сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген құжаттардың көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);
Тармақша 3
3) сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.
Тармақ 7
7. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.
Тармақ 8
8. Сарапшыны тағайындауы немесе сарапшыға сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш тіркеу күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады, оның құрамына уәкілетті ұйымның авиация инспекторлары кіреді. Қажет болған жағдайда комиссия құрамына мемлекеттік органдардың және азаматтық авиация ұйымдарының мамандары, консультанттары және/немесе сарапшылары енгізіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде 3 (үш) адам. Комиссия төрағасы комиссияның құрамына кіретін уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының арасынан тағайындалады.
Тармақ 10
10. Сертификаттық зерттеп-қарау сарапшының сертификаттық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Сертификаттық зерттеп-қарау жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпарат қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.
Тармақ 12
12. Сертификаттық зерттеп-қарау хабарламада көрсетілген мерзімнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Сертификаттық зерттеп-қараудың аяқталу күні комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық зерттеп-қарау актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.
Тармақ 14
14. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, екі данада жасалады және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тармақ 15
15. Актінің бір данасы өтініш берушінің қолына беріледі.
Тармақ 16
16. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады. Жоспарда сертификаттық талаптарға сәйкес келмеушіліктерді түзетудің сатылы іс-қимылдары, оларды іске асыру мерзімдерімен бірге көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы сертификатты ұзартады.
Тармақ 18
18. Сарапшы сертификат 3 (үш) жылға жарамды. Сарапшы сертификатының қолданылуы мерзімі үш жылға дейін ұзартылады. Сарапшы сертификатының қолданылу мерзімін ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады. Сарапшының күнтізбелік жыл ішінде кемінде 50 (елу) және 1000 (бір мың) аспайтын медициналық куәландыру орындауы сертификаттың қолданылу мерзімі ұзартудың шарты болып табылады.
Тармақ 19
19. Берілген сарапшы сертификаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналына тіркейді.
Тармақ 20
20. Сарапшы сертификатын беруден бас тарту немесе оны ұзартудан негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің және (немесе) сарапшыны тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі;
Тармақша 3
3) өтінім берушіге және (немесе) қолданыстағы сарапшыға қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы. Сарапшы сертификатын беруден немесе оның қолданылу мерзімін ұзартудан дәлелді бас тарту өтініш берушіге осындай негіздер анықталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтату және қайтарып алу тәртібі
3-тарау. Авиациялық медициналық сарапшының сертификатын тоқтату және қайтарып алу тәртібі
Тармақ 21
21. Сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:
Тармақша 1
1) сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады;
Тармақша 2
2) егер тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса сарапшы сертификатың қайтарып алады.
Тармақ 22
22. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификаттың қолданысын мына жағдайларда тоқтата алады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың медициналық куәландыру және сертификаттық талаптар бөлігінің талаптарын бұзу;
Тармақша 2
2) сарапшы сертификат иесі үш айдан аспайтын мерзімге өтініш беру.
Тармақ 23
23. Уәкілетті ұйым сарапшы сертификатты:
Тармақша 1
1) сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;
Тармақша 2
2) сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алады. Қайтарып алынған сарапшы сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға қайтарылуы тиіс.
Тармақ 24
24. Сарапшы сертификаттың қолданысы оның иесінің өтініші бойынша да толығымен немесе ішінара шектелуі мүмкін.
Тармақ 25
25. Осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарының 2) тармақшасында және 24-тармақта көзделген жағдайларда берілген өтініштер уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
Тармақ 27
27. Уәкілетті ұйым әкімшілік рәсімге қатысушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді. Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
Басқа 1. Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттық талаптары
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 1-қосымша Авиациялық медициналық сарапшыларға қойылатын сертификаттық талаптары
Тармақ 1
1. 1-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:
Тармақша 1
1) «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; «Медицина бакалавры» академиялық дәрежесін беру туралы диплом; «Дәрігер» біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;
Тармақша 2
2) «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша немесе «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
Тармақша 1
1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;
Тармақша 3
3) сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық және Тереңдетілген курстарынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес жалпы саны 120 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
Тармақша 4
4) авиациялық медицина бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 5
5) қайта даярлаудан өткені туралы куәлік немесе мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы куәлік, авиациялық медицина жөніндегі съездерге, конференцияларға, конгрестерге, семинарларға қатысқаны туралы сертификаттар;
Тармақша 6
6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);
Тармақша 7
7) өтініш берудің алдындағы 3 жыл ішінде жылына кемінде 50 (елу) медициналық куәландыру;
Тармақша 8
8) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
Тармақ 2
2. 2-класты сарапшы АМО штаттық медицина қызметкері болып табылады және мыналар:
Тармақша 1
1) «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; «Медицина бакалавры» академиялық дәрежесін беру туралы диплом; «Дәрігер» біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат бар;
Тармақша 2
2) «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша немесе «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
Тармақша 1
1) және 2) тармақшалардың талаптары 2025 жылға дейін сарапшы сертификатын алған өтініш берушілерге қолданылмайды;
Тармақша 3
3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
Тармақша 4
4) авиациялық медицина бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Тармақша 5
5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік;
Тармақша 6
6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағаттан кем емес);
Тармақша 7
7) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
Тармақ 3
3. ЖА және АЖА класты сарапшы:
Тармақша 1
1) «Жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом; «Медицина бакалавры» академиялық дәрежесін беру туралы диплом; «Дәрігер» біліктілігі бойынша интернатураны бітіргені туралы құжат;
Тармақша 2
2) «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша немесе «Авиациялық және ғарыштық медицина» мамандандыру бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты бар.
Тармақша 1
1) және 2) тармақшалардың талаптары алғаш рет авиациялық медициналық сарапшылар сертификатын алатын өтініш берушілерге қолданылады;
Тармақша 3
3) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (ИКАО-ның оқыту бағдарламасына және оқытушылар құрамына қойылатын талаптарына сәйкес 60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;
Тармақша 4
4) авиациялық және жалпы медицинаның жақын салалары бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәлік;
Тармақша 5
5) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты (жылына 10 сағат кем емес);
Тармақша 6
6) медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесі болуы тиіс.
Басқа 2
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 2-қосымша Нысан Уәкілетті ұйым басшысына 1. Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________ __________________________________________________________________________ (ағылшын тілінде) __________________________________________________________ __________________________________________________________________________ туғанжылы _______________________________________________________________, телефон / факс _____________________________________________________________, е-mail: ____________________________________________________________________ 2. Білімі___________________________________________________________________ 3. Жоғарыоқуорны _________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 4. Факультеті ______________________________________________________________ 5. Интернатурасы __________________________________________________________ 6. Мамандығы _____________________________________________________________ 7. Біліктілікарттырукурстары ________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 8. Медициналықкуәландыруавиациялықмедициналықорталық/медициналықұйым базасындаөткізіледі ________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 9. Медициналыққызметтіжүзегеасыруға лицензия __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Күні _________________ Қолы _________________
Басқа 3
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 3-қосымша Нысан __________________________________________________________________________ (уәкілетті ұйымның атауы) 20__ жылғы «___» _________ № ___ бұйрығына сәйкес құрамындағы комиссия: Комиссия төрағасы: ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) Комиссия мүшелері: __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) __________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) ______________________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді. (ұйымның атауы) Қорытынды мәтіні: ___________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: _____________________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы) Комиссия мүшелері: _____________________________________ ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы) ________________________________________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы) Актіментаныстым: Медициналықұйым (АМО) басшысы:____________________________________ ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы) Өтінімберуші___________________________________________ ___________ (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы) М.О. (бар болған жағдайда)
Басқа 4
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 4-қосымша Нысан Жұмыс (медициналықкуәландыруөткізу) орны:____________________ _____________________________________________ базасында _______ кластымедициналықкуәландырудыорындайды/Performs medical certification of aviation personnel _______ class at the premises of __________________________ Медициналықсертификаттыберуге, мерзімінұзартуғажәнеқалпынакелтіругеқұқылы (керегініңастысызылсын) / he/she has right of issue, validity and renewal of a medical certificate of pilots. Сертификат 20 жылғы «___» ___________ дейінжарамды / This certificate is valid until «___» ___________ 20 y. 20 жылғы «___» ___________№__________бұйрық / Order of «____» ____________ 20 y. N ____. Азаматтықавиациясаласындағы уәкілеттіұйымныңқызметшісі неолуәкілеттікберген адам (Authorised person) ___________________________________ ________ (тегі, аты, әкесінің аты (егербарболса) (қолы) М.О./STAMP (барболғанжағдайда/ in the presence)
Басқа 5
Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларына 5-қосымша Нысан Авиациялық медициналық сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналы Сертификаттың р/с № Сертификаттарды беру күні Қолданылу саласы Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Ескертпе: журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.