Об утверждении Инструкции о порядке проведения инспектирования деятельности клиринговых организаций - организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасында клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін және нұсқаулық пен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны және Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т.Жанкелдинге жүктелсін.
Басқа 7. Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 383 қаулысымен бекітілді Клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулық Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  туралы", "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) клиринг ұйымдарының - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - клиринг ұйымдары) қызметін инспекциялауды жүргізу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің тұрақты және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету, сондай-ақ банкаралық клиринг және аударым операцияларын жүзеге асырған кезде туындайтын тәуекелдерді төмендету мақсатында Ұлттық Банк банкаралық клиринг ұйымдарының қызметіне, оның ішінде банкаралық клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау арқылы бақылау жасайды. Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау клиринг ұйымдарының жалпы алғанда немесе жекелеген мәселелері бойынша қызметін, клиринг ұйымдары Ұлттық Банкке ұсынатын есептер мен мәліметтердің нақтылығын зерттеу арқылы оның нақты қаржы және институционалды жағдайы туралы деректерді белгілеу, сондай-ақ банкаралық клиринг жүргізудің және банк операцияларының жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізіледі. Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136   қаулысымен .
Тармақ 2
2. Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды Ұлттық Банктің төлем жүйесі бөлімшесі өз бетімен немесе Ұлттық Банктің басқа бөлімшелерінің мамандарын қатыстыра отырып жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялау Ұлттық Банктің тапсырмасына сәйкес жүргізіледі және онда тексерілетін мәселелер, инспекциялауды жүргізу мерзімі, инспекциялық топ құрамы және оның басшысы көрсетіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Инспекциялауды жүргізу
2-тарау. Инспекциялауды жүргізу
Тармақ 4
4. Ұлттық Банк клиринг ұйымына тексерілетін мәселелерді және клиринг ұйымы инспекциялауды жүргізудің бастапқы күніне инспекциялық топқа ұсынылуы тиіс құжаттарды көрсете отырып инспекциялауды жүргізу туралы хабарлама жіберуге құқылы. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау алдын ала хабарлаусыз жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялауды бастамас бұрын Ұлттық Банк уәкілетті тіркеуші органға инспекциялауды жүргізуге тапсырманы және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен тіркеу үшін белгіленген үлгіде толтырылған есеп карточкасын ұсынады.
Тармақ 6
6. Инспекциялауды жүргізу уақытына клиринг ұйымы инспекциялық топқа бірінші талап бойынша қағазда және электрондық тасымалдаушыда кез келген құжаттарды (мәліметтерді) беруге, сондай-ақ инспекциялау нәтижелері туралы есепке тігу үшін олардың көшірмелерін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 7
7. Клиринг ұйымы инспекциялауды жүргізу кезеңіне инспекциялық топқа өз үй-жайында жеке бөлме беруге, жұмыс істеуге берілген бөлмеге, оның ішінде демалыс күндері (келісімі бойынша) еркін кіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 8
8. Клиринг ұйымы тексеру кезеңіне қажетті құжаттарды (мәліметтерді) әзірлеуге және оларды инспекциялық топқа уақтылы тапсыруға жауапты өз мамандарын анықтауға, сондай-ақ клиринг ұйымының ақпарат жүйелеріне кіруді қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 9
9. Клиринг ұйымының институционалды жағдайын тексерген кезде инспекциялық топқа мыналарды:
Тармақша 1
1) банкаралық клиринг ұйымының уәкілетті басқару органы бекіткен, Ұлттық Банк және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) клиринг ұйымына берген лицензияларда көзделген банкаралық клиринг және өзге де операцияларды жүргізу тәртібін, рәсімін және талаптарын реттейтін ішкі құжаттардың болуын;
Тармақша 2
2) банкаралық клирингті жүргізу тәртібін, рәсімін және талаптарын реттейтін ішкі құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 3
3) банкаралық клиринг қатысушыларымен жасалған шарттардың Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 4
4) төлем құжаттарының дұрыс жасалуын және орындалуын;
Тармақша 5
5) банкаралық клирингті жүзеге асыру жөніндегі операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізудің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 6
6) клиринг ұйымы жүргізетін банк операцияларының жекелеген түрлерінің клиринг ұйымының уәкілетті органы әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарға және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 7
7) банкаралық клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару тәртібінің және мерзімінің клирингті жүзеге асырудың ішкі тәртібіне және тиісті шарттарға сәйкестігін;
Тармақша 8
8) ақша төлемін және аударымын жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздікті ұйымдастырудың және бағдарламалық-техникалық шаралардың болуын;
Тармақша 9
9) клиринг ұйымдарында қолданатын автоматтандырылған ақпарат жүйелеріне техникалық құжаттаманың болуын;
Тармақша 10
10) клиринг ұйымдары ұсынатын есептердің Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық кесімдері талаптарына сәйкес оларды жасау және ұсыну мерзімі мен тәртібіне сәйкестігін;
Тармақша 11
11) клиринг ұйымының ұйымдастыру құрылымының клиринг ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкестігін;
Тармақша 12
12) клиринг ұйымының оған шектелген ықпал ету шараларын қолданудан туындайтын талаптарды, іс-шараларды және өзіне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауын. Ескерту: 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 136   қаулысымен ,  2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен ,  2005 жылғы 17 қарашадағы N 147   қаулысымен .
Тармақ 10
10. Клиринг ұйымының қаржы қызметін тексерген және талдау жасаған кезде инспекциялық топқа мыналарды:
Тармақша 1
1) клиринг ұйымының төленген жарғылық капиталы мөлшерінің клиринг ұйымына Ұлттық Банк белгілеген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне сәйкестігін;
Тармақша 2
2) клиринг ұйымының жарғылық капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс қалыптасуын;
Тармақша 3
3) активтер мен міндеттемелердің көлемін, оның құрылымын;
Тармақша 4
4) берілген заемдардың және олардың жіктеушісінің жалпы көлемін, құрылымын (егер клиринг ұйымы заем операцияларын жүзеге асырған жағдайда);
Тармақша 5
5) дебиторлық және кредиторлық берешектің көлемін, құрылымын және жіктеушісін;
Тармақша 6
6) бухгалтерлік есепті жүргізудің Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнама талаптарына сәйкестігін;
Тармақша 7
7) есепті күнге кіріс пен шығыстың мөлшерін, олардың баптар бойынша құрылымын;
Тармақша 8
8) клиринг ұйымы қызметінің қаржы нәтижесін, есепті күнге ағымдағы кірістердің (шығыстардың) шығыстардан (кірістерден) асып түсуін;
Тармақша 9
9) клиринг ұйымының рентабельділігін;
Тармақша 10
10) өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің (шығынның) мөлшері, таза кірістің бөлінуін, оның ішінде дивиденттерді төлеуге;
Тармақша 11
11) кіріс пен шығыстың, олардың құрамдастарының өзгеру қарқынын, үрдісін және мұндай өзгерістердің себептерін;
Тармақша 12
12) ағымдағы шығыстарды өтеу үшін ағымдағы кірістің жеткіліктігін, клиринг ұйымының жеке капиталының сақталуын және өсуін;
Тармақша 13
13) қаржылық есепте көрсетілетін және Ұлттық Банкке ұсынылатын деректердің дұрыстығын. Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен .
Тармақ 11
11. Клиринг ұйымы инспекциялық топқа, клиринг ұйымының кез келген қызметкеріне сұрақ қою, тексерушілерге қолдағы бар барлық құжаттармен (ақпаратпен) танысу мүмкіндігін қоса алғанда, тексеру жүргізуге қолдау көрсетуге міндетті. Клиринг ұйымының қызметкерлері инспекциялық топқа жүргізіліп жатқан тексеруге қатысты мәселелер жөнінде, олардың қызметтік міндеттері және/немесе клиринг ұйымының қызметі жөнінде түсіндірме (ауызша немесе жазбаша) беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Клиринг ұйымының өткен инспекциялауды жүргізу нәтижесінде хаттамада көрсетілген бұзуларды жою бойынша іс-шараларды орындау мәселесі жөнінде инспекциялауды жүргізген кезде анықталған бұзуларды жою бойынша клиринг ұйымы қолданған іс-шараларға және клиринг ұйымы қызметінің тиісті бағыттарының ағымдағы жағдайына талдау жасалады.
Тармақ 13
13. Клиринг ұйымына тексеру жүргізуге кедергі келтіру, оның ішінде инспекторларға клиринг ұйымының үй-жайына немесе жекелеген бөлмелеріне кіруге кедергі келтіру, талап етілген құжаттарды ұсынбау, клиринг ұйымы қызметкерлерінің қызметтік міндеттеріне және олардың клиринг ұйымындағы қызметіне байланысты қажетті мәліметтерді беруден бас тарту клиринг ұйымының лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. Инспекциялауды жүргізген кезде инспекторлар клиринг ұйымы құжаттарының сақталуын және алған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етуге, клиринг ұйымының, оның клиенттерінің құқықтарына немесе заңды мүдделеріне тікелей не жанама қысым жасауы мүмкін іс-әрекеттерден қалыс қалуға тиіс.
Тармақ 15
15. Түсініспеушіліктер туындаған немесе жекелеген мәселелерді қосымша зерттеу қажеттілігі анықталған жағдайда Ұлттық Банк клиринг ұйымының қызметін инспекциялау мерзімін ұзартуы мүмкін және тексерілетін мәселелердің көлемі ұлғаюы мүмкін, әрі бұл туралы клиринг ұйымына хабарлама жіберіледі. Мұндайда уәкілетті тіркеуші органға ұзартудың нақты мерзімін көрсете отырып тиісті құжат ұсынылады.
Тарау 3. 3-тарау. Инспекциялау нәтижелері туралы есепті жасау
3-тарау. Инспекциялау нәтижелері туралы есепті жасау
Тармақ 16
16. Инспекциялау нәтижелері бойынша инспекциялық топ тексеру нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі - есеп) жасайды. Есеп мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) жасау күні және орны;
Тармақша 2
2) клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды жүргізуге қатысқан адамдардың аты-жөні, сондай-ақ лауазымы;
Тармақша 3
3) клиринг ұйымының атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу деректері; Ұлттық Банк және/немесе уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге берген лицензиялардың номері және күні;
Тармақша 4
4) клиринг ұйымдарының қызметін инспекциялауды жүргізуге тапсырманың номері және күні;
Тармақша 5
5) тексерілуге жатқызылған клиринг ұйымы қызметінің кезеңі және Ұлттық Банктің тапсырмасында көрсетілген мәселелер;
Тармақша 6
6) клиринг ұйымындағы істердің ағымдағы жағдайы, клиринг ұйымының қызметін инспекциялау барысында анықталған бұзулар мен кемшіліктер. Клиринг ұйымын инспекциялау барысында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қажетті құжаттардың көшірмелерін қоса отырып хаттама жасалады. Ескерту: 16-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы N 144   қаулысымен ,  2005 жылғы 17 қарашадағы N 147   қаулысымен .
Тармақ 17
17. Инспекциялауды жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін есеп танысу үшін клиринг ұйымдарының басшыларына ұсынылады және оған клиринг ұйымының басшысы қол қоюы тиіс. Клиринг ұйымының басшысы қарсылық білдірген жағдайда, мұндай қарсылықтар жазбаша түрде есепке қоса беріледі.
Тармақ 18
18. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау аяқталғаннан кейін инспекциялық топ уәкілетті тіркеуші органға инспекциялау жүргізілген клиринг ұйымының есеп карточкасына қосымша болып табылатын белгіленген үлгідегі талонды толтырып ұсынады.
Тармақ 19
19. Клиринг ұйымының қызметін инспекциялау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық кесімдерін бұзғандығы анықталған жағдайда Ұлттық Банк клиринг ұйымына ашуға рұқсатты кері қайтарудан, жұмысын тоқтату режимінен және акцияларды еріксіз сатып алу мүмкіндігінен басқа, банктер үшін белгіленген шектелген ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.
Тармақ 20
20. Клиринг ұйымының қызметін тексеру нәтижелері клиринг ұйымы басшылығының қатысуымен Ұлттық Банктегі мәжілісте қаралады. Есепке қол қойған кезде клиринг ұйымы басшылығының тарапынан қарсылықтар болмаған жағдайда, инспекциялау нәтижелері клиринг ұйымының басшылығын шақыруынсыз Ұлттық Банктегі мәжілісте қаралуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Ұлттық Банктегі мәжіліс қорытындысы бойынша инспекциялық топ басшысы инспекциялауды жүргізудің нәтижелері бойынша мәжіліс хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) жасайды және онда мыналар көрсетілуі тиіс:
Тармақша 1
1) клиринг ұйымының қаржы жағдайы;
Тармақша 2
2) клиринг ұйымының қызметінде инспекциялау барысында анықталған кемшіліктер және қолданылып жүрген заңнамадағы бұзулар;
Тармақша 3
3) анықталған бұзуларды нақты мерзімін көрсете отырып жою жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 4
4) клиринг ұйымына қатысты қолданатын шектелген ықпал ету және санкция шаралары.
Тармақ 22
22. Есеп және хаттама екі дана етіп жасалады, олардың біреуі Ұлттық Банкте сақталып, екіншісі клиринг ұйымына жіберіледі.
Тармақ 23
23. Клиринг ұйымы Ұлттық Банкке хаттамада көрсетілген кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуларды жою жөніндегі жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпаратты жібереді. Клиринг ұйымы осы ақпаратты хаттамада көрсетілген барлық кемшіліктерді және құқық бұзуларды не хаттамада көрсетілген мерзімде толық жойғанға дейін ай сайын ұсынады.
Тармақ 24
24. Клиринг ұйымының оның қызметін инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамадағы бұзуларды жою жөніндегі шараларды орындауына бақылау мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) клиринг ұйымы ұсынатын қаржылық және өзге де есеп;
Тармақша 2
2) инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді және бұзуларды жою жөнінде клиринг ұйымынан алынатын ақпарат.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Инспекциялауды жүргізуге қатысатын адамдар инспекциялау нәтижесінде алған банктік және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
Тармақ 26
26. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.