О Бакырчикском горнодобывающем совместном предприятии Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны туралы "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны" бiрлескен кәсiпорнын дамытуға шетел инвестицияларын тартуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорнының" Қазақстан жағының қатысу үлесiн "Централ Эйшен Майнинг Лимитед" компаниясына оның жарғылық қорының 60 процентi мөлшерiнде сату, сондай-ақ "Бақыршық кен-металлургия комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорнының "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорыны" бiрлескен кәсiпорнына оған жалдау шартында берiлген мүлiктiк кешенiнiң бiр бөлiгiн сату туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Бақыршық кен өндiру бiрлескен кәсiпорны" бiрлескен кәсiпорны Қазақстан жағының жарғылық қорының 60 процентi мөлшерiндегi қатысу үлесi мен "Бақыршық кен металлургия комбинаты" мемлекеттiк кәсiпорны мүлiктiк кешенiнiң бiр бөлiгiн берсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiссөздер жүргiзуге және қатысу үлесi мен мүлiктiк кешеннiң бiр бөлiгiн сатып алу-сату шартына және оған қатысты өзге де құжаттарға қол қою өкiлеттiгi берiлсiн.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасының Семей облысындағы Бақыршық пен өндiру бiрлескен кәсiпорнын құру туралы "Минпрок-Чилевич, Лимитед" (АҚШ) компаниясымен жасалған Келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 ақпандағы N 145 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 5, 61-құжат) 2 және 6-тармақтарының; "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 ақпандағы N 145 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 мамырдағы N 346 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 15, 180-құжат) күшi жойылған деп танылсын.