Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Аягозского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Нукибаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Аягөз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «23» маусымдағы № 439 қаулысына 1-қосымша Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Тарау 1. 1. Балаларды тасымалдау тәртібі
1. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 1
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
Тармақ 4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 5
5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 9
9. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.
Тармақ 10
10. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Тармақ 11
11. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тармақ 12
12. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
Тармақ 13
13. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
Тармақ 14
14. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
Тармақша 11
11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
Тармақша 12
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
Тармақ 18
18. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Тармақ 19
19. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
Тармақ 20
20. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
Тармақша 2
2) баспалдақтардан секiруiне;
Тармақша 3
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
Тармақша 4
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
Тармақ 21
21. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
Тармақша 2
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
Тармақша 3
3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi.
Тарау 2. 2. Қорытынды ережелер
2. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Басқа 58. Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Аягөз ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «23» маусымдағы № 439 қаулысына 2-қосымша Аягөз ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы № Тура бағыт Кері бағыт 1 Аялдама: Аягөз ауданы Майлин ауылдық округінің Ескі Майлин елді мекені; Аягөз қаласы Оңтүстік қалашығының «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз қаласы Оңтүстік қалашығының «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Майлин ауылдық округінің Ескі Майлин елді мекені. 2 Аялдама: Аягөз ауданы Аягөз қаласы 3-ші шақырым елді мекені; Аягөз қаласы Оңтүстік қалашығының «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз қаласы Оңтүстік қалашығының «№ 4 аралас жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Аягөз қаласы 3-ші шақырым елді мекені; 3 Аялдама: Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің Қарабұлақ елді мекені; Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің Ақшәулі ауылының «Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің Ақшәулі ауылының «Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінің Қарабұлақ елді мекені. 4 Аялдама: Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің Таңсық айрығы; Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының «Қ. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының «Қ. Қадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің Таңсық айрығы. 5 Аялдама: Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Малтүгел елді мекені; Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Тарбағатай ауылының «Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Тарбағатай ауылдық округінің Малтүгел елді мекені. 6 Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қарасу елді мекені; Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің «Мал бордақылау алаңынан» 50 метр қашықтықтағы алаң; Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қопа ауылының «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қопа ауылының «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің «Мал бордақылау алаңынан» 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қарасу елді мекені. 7 Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің 5 ферма елді мекені; Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Ескі Қопа елді мекені; Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қопа ауылының «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Қопа ауылының «С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің Ескі Қопа елді мекені; Аялдама: Аягөз ауданы Қопа ауылдық округінің 5 ферма елді мекені. 8 Аялдама: Аягөз ауданы Баршатас ауылдық округінен 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекені; Аягөз ауданы Баршатас ауылдық округінің Баршатас ауылының «О. Менаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң. Аягөз ауданы Баршатас ауылдық округінің Баршатас ауылының «О. Менаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Аягөз ауданы Баршатас ауылдық округінен 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекені;