О делении территорий Мангистауской области на зоны Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 «Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі аудандар мен қалалар аумақтары вакцинациямен қолайлы аймаққа жатқызылсын: күл (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; пастереллез (барлық жануар түрі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; сібір жарасы (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; құтыру (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; оба (түйе) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; қарасан (мүйізді ірі қара) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары; нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының аймақтары.
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының басқа (жоғарыда аталғаннан басқа) аумақтары вакцинациясыз қолайлы аймаққа жатқызылсын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Ақтау қаласының әкімі ____________ С.Ө. Трұмов « 10 » шілде 2017 ж. Бейнеу ауданының әкімі _____________ Б.А. Әзірханов « 10 » шілде 2017 ж. Жаңаөзен қаласының әкімі _______________ Е.Ж. Әбілов « 10 » шілде 2017 ж. Қарақия ауданының әкімі ____________ Ә.Қ. Дауылбаев « 10 » шілде 2017 ж. «Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы ________________ Б. А. Марқабаев « 10 » шілде 2017 ж. Маңғыстау ауданының әкімі ______________ Ж.Қ. Айтуаров « 10 » шілде 2017 ж. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы ________________ И. Ә. Көшкінбаев « 10 » шілде 2017 ж. Мұнайлы ауданының әкімі _____________ Н.Т. Тәжібаев « 10 » шілде 2017 ж. Түпқараған ауданының әкімі ______________ Т.Т. Асауов « 10 » шілде 2017 ж.