Об утверждении Правил лицензирования адвокатской деятельности и деятельности нотариусов Күшін жойған
Басқа 0
Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.02. N 454 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi, " Нотариат туралы " 1997 жылғы 14 шiлдедегi және " Адвокаттық қызмет туралы " 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi,
Әдiлет министрлiгi адвокаттық қызмет
нотариустардың қызметi".
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бұрын қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 27 ақпандағы
N 254 қаулысымен
бекiтiлген
Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялау ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығына лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті (бұдан әрi - Лицензиар) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысуға ниет білдiрген адамдарға (бұдан әрi - Лицензиат) адвокаттық немесе нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру жолымен жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Тиiстi лицензиясыз адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Тарау 2. 2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
2. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметiн лицензиялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 4
4. Адвокаттық қызметтi лицензиялау адвокаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдардың мыналардан мiндетті түрде өтуi туралы бiлiктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - ӘАК) аттестациядан;
Тармақша 2
2) адвокаттар алқасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында адвокаттарда тағлымдамадан өтуi.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Нотариустардың қызметiн лицензиялау нотариаттық қызметпен айналысуға ниет бiлдiрген адамдарға мыналарды мiндеттеу туралы бiлiктiлiк талаптары сақталған кезде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына ӘАК-да аттестациядан өтуi;
Тармақша 2
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өтуi.
Тармақ 6
6. Мынадай адамдарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасында бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдарға;
Тармақша 2
2) тұрақты судьяларға;
Тармақша 3
3) өз қызметтерiн орындау кезiнде терiс қылықтар жасағаны және заң бұзғаны үшiн сот қызметiнен босатылған судьялардан басқа, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға осы Ереженiң 4-тармағында және 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талаптары қолданылмайды.
Тармақ 6-1
6-1. Осы Ереженiң 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген бiлiктiлiк талабы терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, прокурорларға, тергеушiлерге және анықтаушыларға қолданылмайды.
📌 Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тармақ 6-2
6-2. Осы Ереженiң 5-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет бiлдiрген кезде мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустарға (мемлекеттiк нотариустарға) қолданылмайды.
📌 Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тарау 3. 3. Нотариаттық немесе адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
3. Нотариаттық немесе адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
Тармақ 7
7. Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
Тармақша 2
2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиаттың ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) адвокатта тағлымдамадан өту туралы шарттың көшiрмесi;
Тармақша 5
5) адвокат тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы адвокаттар алқасы төралқасының қаулысынан көшiрме немесе үзiнді;
Тармақша 6
6) тағылымдамадан ойдағыдай өткенi туралы тағылымдама жетекшiсi қол қойған және адвокаттар алқасының төралқасы бекiткен қорытынды;
Тармақша 7
7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
Тармақша 8
8) бүкiл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама қоса ұсынылады.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн Лицензиат "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша Лицензиарға өтiнiш бередi. Өтiнiшке:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi;
Тармақша 2
2) бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленгенiн растайтын құжат;
Тармақша 3
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшiн аттестациядан өткенi туралы ӘАК-ның шешiмi не Лицензиатты ӘАК-да аттестациядан өтуден босатылуын растайтын құжат;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк немесе жеке нотариуста тағлымдамадан өткенi туралы шарттың көшiрмесi;
Тармақша 5
5) нотариус тағлымдамашысының жетекшiсiн тағайындау туралы бұйрықтан көшiрме немесе үзiндi;
Тармақша 6
6) нотариус тағлымдамашысы жетекшiсiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен ресiмделген тағлымдамадан өткенi туралы қорытындысы;
Тармақша 7
7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын лицензиаттың тұрғылықты жерi бойынша берiлген медициналық анықтамалар;
Тармақша 8
8) бүкіл республика бойынша мәлiметтердi көрсете отырып, лицензиарға тапсырғанға дейiн бiр ай бұрын/тұрғылықты жерi бойынша берілген соттылығы жоқ екендiгi туралы анықтама;
Тармақша 9
9) егер лицензия беруге бұрынғы мемлекеттік нотариус өтiнiш бiлдiрген жағдайда, атқарған қызметiнен босатылу себебi көрсетілген, не лицензияны беруге тағлымдамадан өту мерзiмi қысқартылған лицензиат өтiнiш бiлдiрген жағдайда, заңгер мамандығы бойынша стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi қоса ұсынылады.
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тармақ 9
9. Лицензиатты ӘАК-да аттестациялаудан өтуден босатуды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет бiлiктiлiк алқасы берген өтiнiш берушiнiң Әдiлет бiлiктiлiк алқасының судьясы лауазымына бiлiктiлiк емтиханын тапсырғанын растайтын анықтама;
Тармақша 2
2) құзыреттi лицензиарға тапсырылғанға дейiн бiр ай бұрын лауазымды адам берген өтiнiш берушiнiң судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының көшiрмесi;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк нотариус лауазымындағы жұмысын растайтын аумақтық әдiлет органының анықтамасы;
Тармақша 5
5) прокуратура, тергеу немесе анықтау органдарында жұмыс iстеген прокурордың, тергеушiнiң не анықтаушының жұмыс стажын растайтын және атқарған қызметiнен босатылу себебiн қамтитын еңбек кiтапшасының немесе өзге де құжаттың нотариаттық куәландырылған көшiрмесi.
📌 Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.07. N 518 қаулысымен .
Тармақ 10
10. Лицензиат ұсынылған құжаттарда берiлген мәлiметтердiң толықтығына және шынайылығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Тарау 4. 4. Лицензия берудiң не оны беруден бас тартудың шарттары мен тәртiбi
4. Лицензия берудiң не оны беруден бас тартудың шарттары мен тәртiбi
Тармақ 11
11. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты лицензия болып табылады және Лицензиаттарға мерзiмi шектелмей берiледi.
Лицензиялар Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
Лицензиялар "Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттiк лицензиялардың нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен бекiтiлген нысан бойынша берiледi.
Тармақ 12
12. Лицензия беру туралы өтiнiш оның Лицензиарға түскен күнiнен бастап бір ай мерзiм ішiнде қаралады.
Лицензиар Лицензиаттың өтiнiшiмен қоса берiлген құжаттардың толықтығын және шынайылығын тексередi.
Тармақ 13
13. Өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша Лицензиар лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 14
14. Лицензиардың лицензия беру туралы шешiмi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасының бұйрығымен ресiмделедi.
📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен .
Тармақ 15
15. Лицензияға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi төрағасы бiр данада қол қояды және ол Лицензиардың мөрiмен бекiтiледi.
📌 Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен .
Тармақ 16
16. Лицензия қолданыстағы заңнамаға сәйкес Лицензиаттың лицензия алуға өкiлеттiк берген өкiлiне берiлуi мүмкiн.
Тармақ 17
17. Лицензия жоғалған жағдайда Лицензиаттың оның телнұсқасын алуға құқығы бар.
Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша лицензияның телнұсқасын берудi ол өтiнiш берген күннен бастап Лицензиар он күн ішiнде жүргiзедi. Бұл ретте, Лицензиат Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде лицензия телнұсқасының берiлгенi үшiн бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төлейдi.
Тармақ 18
18. Лицензиаттың аты-жөнi ауыстырылған жағдайда, ол бұл туралы көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса ұсынып, бiр ай мерзiм ішiнде Лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 19
19. Лицензиатқа, егер:
Тармақша 1
1) осы Ережеде көзделген қажеттi барлық құжат табыс етiлмесе;
Тармақша 2
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушi осы Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 20
20. Лицензия беруден бас тарту туралы Лицензиар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде лицензия алуға өтiнiш бiлдiрген адамға бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жолдайды.
Тарау 5. 5. Есепке алу және бақылау
5. Есепке алу және бақылау
Тармақ 21
21. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженiң сақталуын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Лицензиар Лицензиаттар туралы және оларға берiлген лицензиялар туралы, сондай-ақ лицензияны керi қайтарып алу, күшiн тоқтату, күшiн тоқтата тұру және қалпына келтiру туралы мәлiметтердi Адвокаттар (жеке нотариустар) лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзедi және ведомстволық баспасөз органында жариялайды.
Тармақ 23
23. Осы Ереженiң негiзiнде берiлген лицензиялардың бiрыңғай есебiн жүргiзу үшiн Лицензиар заңнамада белгiленген тәртiппен лицензиялар бланкiлерiне тапсырыс жасайды.
Лицензия бланкiлерi қатаң бақылаудағы құжаттар болып табылады.
Тармақ 24
24. Лицензиар өз құзыретi шегiнде Лицензиаттан тиiстi құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.