Қолданыстағы ред. 26.12.2001

«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша, кейін меншікке өткізіп беру кұқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беру тәртібі туралы» және «Пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлар мен объектілерді, мемлекеттік коммуналдык меншік кәсіпорындарының офистік үй-жайларын, өндірістік қызметті ұйымдастыру шартымен олар өткізген ақпараттың негізінде меншікке өткізіп беру Ережелері туралы» Ережені бекіту туралы от 26.12.2001 г. № 17-116 («Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша, кейін меншікке өткізіп беру кұқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беру тәртібі туралы» және «Пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлар мен объектілерді, мемлекеттік коммуналдык меншік кәсіпорындарының офистік үй-жайларын, өндірістік қызметті ұйымдастыру шартымен олар өткізген ақпараттың негізінде меншікке өткізіп беру Ережелері туралы» Ережені бекіту туралы)

0

Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы N 17-116 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2002 жылғы 05 ақпанда N 612 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 2004 жылғы 20 қазандағы N 11-68 шешімімен
«Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша, кейін меншікке өткізіп беру кұқығымен жалға немесе сенімді басқаруға беру тәртібі туралы» және «Пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлар мен объектілерді, мемлекеттік коммуналдык меншік кәсіпорындарының офистік үй-жайларын, өндірістік қызметті ұйымдастыру шартымен олар өткізген ақпараттың негізінде меншікке өткізіп беру Ережелері туралы» Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 20.10.2004 № 11-68 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 7-мамырдағы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» № 597 Жарлығына сәйкес, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 21-қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері туралы» № 1431 Қаулысының негізінде және облыс Әкімінің өтішшіне байланысты Мәслихат ШЕШІМ қабылдады:
Алматы облысының Әкімі ұсынған:

1

1. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің таңдауы бойынша, кейін меншікке өткізіп беру құқығымен пайдаланылмайтын өндірістік үй-жайлар мен объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындардағы офистік үй-жайларды тапсырылған ақпараттардың негізінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалға немесе сенімді басқаруға беру тәртібі туралы» Ереже;

2

2. «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне, мемлекеттің қатысуымен, өндірістік қызметті ұйымдастыру шарттары бойынша пайдаланылмайтын үй-жайлар мен объектілерді, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың офистік үй-жайларын жалға немесе сенімді басқаруға өткізіп беру» Ережесі бекітілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа және облыстық Мәслихаттың нарықтық құрылымдарды, экономиканы, кәсіпкерлікті және жекешелендіруді жетілдіру мен дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.