Об утверждении Правил служебной этики военнослужащих органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларын бекіту туралы «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы «_____» _____ № ___ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары әскери қызметшілері мінез-құлқының негізгі нормаларын айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының әскери қызметшілерін (бұдан әрі – әскери полиция әскери қызметшілері) әскери полиция органдарына әскери қызметке кіргеннен кейін үш жұмыс күні ішінде әскери полицияның кадрлар органдары Қағидалармен жазбаша нысанда таныстыруға тиіс.
Тармақ 3
3. Әскери полиция әскери қызметшілері өзінің қызметтік жұмысында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз сақтауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери полиция органдарының беделін нығайтуға ықпал етуге;
Тармақша 3
3) адам мен азаматтың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне және өзге де жағдайларға қарамастан, ар-намысы мен абыройын құрметтеуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасына, мемлекеттік билікке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне және әскери полиция органдарына кір келтіруге ықпал ететін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуге;
Тармақша 5
5) өзінің қызметке деген көзқарасымен және өзінің мінез-құлқымен ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
Тармақша 6
6) әскери киім нысанын құрметпен және абыроймен киіп жүруге. Өзінің барлық мінез-құлқымен қызметте де, тұрмыста да жоғары әдептілігімен және айналасындағылармен әдепті қарым-қатынасымен үлгі болуға;
Тармақша 7
7) өзінің функцияларын адал, әділ және қалтқысыз жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі құқық тәртібін нығайтуда тиімділікке қол жеткізуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде заңнамада көзделген қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сақтандыру, анықтау, жолын кесу және оларды ашу жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға, оның кез келген көріністеріне төзбеуге;
Тармақша 10
10) әскери полиция органы басшылығының мәліметіне оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жағдайлары туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру мақсатында қандай да бір адамдардың оларға өтініш жасау фактілері туралы дереу жеткізуге;
Тармақша 11
11) өзінің кәсіби қызметінде жеке басының мүдделерінен мемлекеттік және қызметтік мүдделерді жоғары қоюға;
Тармақша 12
12) өзінің машығы мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге, елдегі және шетелдегі әскери-саяси ахуалды ұдайы білуге;
Тармақша 13
13) әріптестер және өзге де әскери қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерінің жолын кесуге;
Тармақша 14
14) әскери және еңбек тәртібін сақтауға, әскери антқа адал болуға, әскери полиция органдарының беделін арттыруға, өзінің лауазымдық міндеттерін қалтқысыз және сапалы орындауға, ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
Тармақша 15
15) өзінің іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
Тармақша 16
16) әріптестермен тілектес қарым-қатынаста болуға, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік және ілтипаттылық танытуға;
Тармақша 17
17) әскери қызметшілердің құжаттарын тексеру кезінде олардың ар-намысы мен абыройын қорлау фактілеріне жол бермеуге, үнемі жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға;
Тармақша 18
18) қойылған міндеттерді шешуде оңтайлы және үнемді тәсілдерді қолдануға, автокөлік құралдарын қоса алғанда, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 19
19) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге;
Тармақша 20
20) әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің тиімді жұмыс істеуіне және олардың лауазымдық міндеттерін тиісті түрде орындауына кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
Тармақша 21
21) қызметтік мәселелерді шешу мақсатында бастық пен бағынысты арасындағы достық немесе туыстық байланыстарды жеке пайдакүнемдік мүдделерде пайдалануға жол бермеуге;
Тармақша 22
22) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетіне және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйінде болу жағдайларына жол бермеуге;
Тармақша 23
23) жол жүрісі қауіпсіздігінің және көлікті қауіптілігі жоғары құрал ретінде пайдаланудың белгіленген қағидаларын қатаң және нақты орындауға, жол жүрісі қағидаларын сақтаудың және жүргізуші сыпайылылығының үлгісі болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері қызметтен тыс уақытта:
Тармақша 1
1) теріс қоғамдық пікір тудыратын жағдайларға жол бермеуге, олардың беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан аулақ болуға;
Тармақша 2
2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
Тармақша 3
3) лауазымдық міндеттерді қалтқысыз және объективті түрде орындауға ықпал етуі мүмкін қаржылық және іскери өзара қатынастардан аулақ болуға;
Тармақша 4
4) қылмыстық процеске, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріске, жазаны орындау және жалпықызметтік тексерулерді жүзеге асыру кезінде қатысатын адамдармен жеке байланыстарға жол бермеуге;
Тармақша 5
5) әскери киім нысанында ойын-сауық орындарына барудан аулақ болуға тиіс.
Тармақ 5
5. Ұйымдастыру-басқару өкілеттіліктері берілген әскери полиция әскери қызметшілері:
Тармақша 1
1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;
Тармақша 2
2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық танытпауға;
Тармақша 3
3) бағыныстылардың қызмет нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
Тармақша 4
4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайлар жасауға, сондай-ақ әскери полиция органдары әскери қызметшілерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауға;
Тармақша 5
5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде бағыныстылардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға жол бермеуге;
Тармақша 6
6) бағыныстыларда жалпы жоғары және кәсіби мәдениетті тәрбиелеуге, осы Қағидаларды мүлтіксіз сақтаудың үлгісі болуға;
Тармақша 7
7) бағыныстыларға нақты орындай алмайтын өкімдерді бермеуге және олардан лауазымдық міндеттерінің шегінен тыс шығатын тапсырмаларды орындауын талап етпеуге;
Тармақша 8
8) бағыныстыларды құқыққа қарсы теріс қылықтарды немесе жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
Тармақша 9
9) бағыныстыларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамның қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік фактілеріне жол бермеуге тиіс.
Тармақ 6
6. Әскери полиция органдарының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.
Тармақ 7
7. Әскери полиция органдарының әскери қызметшісіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде, оның ішінде сот тәртібінде теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауға тиіс.