Об обеспечении сохранности урожая и предотвращения его незаконного вывоза за пределы Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кезеңінде астық дақылдарының сақталуын қамтамасыз ету және оны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз тасуға жол бермеу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен. Астық жинау кезеңінде астық дақылдарының сақталуын қамтамасыз ету және оны 1998 жылғы 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз тасуға жол бермеу мақсатымен:
Тармақ 1
1. Кеден басқармасының, Салық полициясы комитетінің келісімі бойынша және ІІБ жол полициясы департаментінің қатысуымен астықты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз тасуға жол бермеу үшін бақылау жасау жөнінде жедел топтар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ішкі істер басқармасы шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлесе отырып, облыс аумағында кедеңдік бақылау өткізу пункттерінде тіркелмеген, шетелдік жүк автокөлігін табу жөніндегі шараларды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Ішкі істер басқармасы кеден басқармасымен келісім бойынша облыстың Ресей Федерациясымен шекараларын әуеден бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Өсы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне жүктелсін (Б.И.Әбенов).