Об утверждении нарукавных знаков военнослужащих Авиационной службы и морских подразделений Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2, 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 48 қе бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері
1-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі
2-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі
3-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі
4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі
Ескерту:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (1-сурет) киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 70 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның шетінен ені 10 мм ашық көк (белгіленген) түсті аяда жолақ орналасқан, жоғарғы бөлігінде – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰҚК», төменгі бөлігінде – «АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ» деген жазу жазылған. Шевронның жиегі, ондағы жазулар мен суреттің түсі – алтын түстес (белгіленген түсті). Жеңдегі белгінің ортасында авиацияның эмблемасы – сары (белгіленген) түсті қанаты бар бұранда орналасқан. Эмблеманың артында ашық көк (белгіленген) түсті аясы бар, ішкі шеңбердің жоғарғы бөлігінде, бұранданың үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (белгіленген) негізіне қою қызыл (белгіленген) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз орналасқан.
Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.
Алтын (белгіленген) жиекпен көмкерілген ашық көк (белгіленген) түсті қалқанның шеңберін бойлай «НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН» деген мемлекеттік тілдегі ұран жазуы жазылған. Жазулар күміс түстес (белгіленген) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (белгіленген) түстің үстіне алтын (белгіленген) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – «шаңырақ» орналасқан.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (2-сурет), қара түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – «ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ» деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (3-сурет), ақ түсті тужурканың оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – «ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ» деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (4-сурет), көк түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – «ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ» деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.