Об утверждении Правил организации учета детей дошкольного и школьного возраста до получения ими среднего образования Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 33 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13115 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 ақпанда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі _________________М. Бекетаев 2017 жылғы 24 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ________________Т. Дүйсенова 2017 жылғы 24 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _________________Қ. Қасымов 2017 жылғы 24 шілде
Басқа 0. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығымен бекітілді Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 71) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) білім алмаушы – білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданбаған жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бала;
Тармақша 2
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган –білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағы – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымына бекітілген аумақ;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алу – жергілікті атқарушы органдардың тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) балаларға есеп жүргізуді ұйымдастыруы.
Бөлім 2. 2-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
2-бөлім. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Есепке тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің барына (жоғына) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар есепке алуға жатады.
Тармақ 4
4. Балаларды есепке алу тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ББАЖ) және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – МО АЖ) деректерді шығару арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Балаларды есепке алу ББАЖ және МО АЖ мәліметі негізінде 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай деректер базасын құру және жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары 0-ден 18 жасқа дейін бірыңғай мәлімет базасының мәліметі бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қатысуын қадағалайды. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары білім саласындағы уәкілетті органға мәліметтерді әр жылдың 15 қазанына жолдайды.
Тармақ 7
7. Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін жылсайынғы оларды есепке алу қорытындылары жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мен орта білім беру ұйымдарының мәжілістерінде қаралады.
Тармақ 8
8. Балаларды есепке алу бойынша мәліметтерді қалыптастыру деректері:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы ББАЖ деректері;
Тармақша 2
2) мектеп жасындағы балалар туралы ББАЖ деректері;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы ББАЖ деректері;
Тармақша 4
4) мемлекеттік емес ұйымдарда тәрбиеленіп және білім алып жатқан балалар туралы ББАЖ деректері;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасының 0-18 жастағы балалар туралы мәліметі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің 0-18 жастағы қандастар балалары туралы мәліметі.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тоқсан сайын әр ағымдағы жылғы 30 наурыз, 30 маусым, 30 қыркүйек және 30 желтоқсанда білім беру саласындағы уәкілетті органға 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметті «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестікке атестаттаудан өтуге сәйкес ББАЖ қолданысқа енгізген сәтке дейін МО АЖ-нен шығару арқылы ұсынады.
Тармақ 10
10. Білім беру ұйымдарында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган ББАЖ мәліметін МО АЖ мәліметімен салыстырып тексереді, аталған балалар туралы ақпаратты ББАЖ-ға орналастырады.
Бөлім 3. 3-бөлім. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының балаларды орта білім алғанға дейін есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі
3-бөлім. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының балаларды орта білім алғанға дейін есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады. Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарымен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.
Тармақ 12
12. ББАЖ мәліметтері негізінде жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары:
Тармақша 1
1) тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18 жасқа дейін балалардың мәлімет базасын, балаларды есепке алу қорытындылары туралы мәлімет, баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жиынтық деректерін жүргізеді;
Тармақша 2
2) балаларды есепке алу бойынша іс-шаралардың нәтижесінде тұру фактісі орны анықталмаған мектеп жасындағы балалардың тұрғылықты орны (мекендеу) туралы мүдделі мемлекеттік органдарға сұраныс жолдайды;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармай жүрген кәмелетке толмағандарға есеп, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдермен жеке профилактикалық шараларды жүргізеді,
Тармақша 4
4) ықпал ету шараларын қабылдау үшін құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін құрайтын органдар мен мекемелерді білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармай жүрген кәмелетке толмағандар туралы ақпараттандырады. Балалар туралы мәліметтері бар тізімдерді жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Тармақ 13
13. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ББАЖ-ға:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін балалар туралы мәліметті;
Тармақша 2
2) бірінші сыныпқа қабылдауға жататын 5 – 6 жастағы балалар туралы мәліметті;
Тармақша 3
3) орта білім беру ұйымдарына қабылдауға жататын 6 – 7 жастағы балалар туралы мәліметті ұсынады.
Тармақ 14
14. Орта білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ББАЖ-ға мектеп жасындағы балалар туралы мәліметті, тұрғылықты орны (мекендеу) бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумаққа келген немесе тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалар (олар орта білім алғанға дейін) туралы мәліметті ұсынады;
Тармақша 2
2) білім беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларды орта білім беру ұйымдарына қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) қыркүйекте ҰБДҚ-да білім алушылар контингенті туралы мәліметті ресімдеу, білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) және білім беру ұйымдарында оқытуға жататын жасы 6-дан 18 жасқа дейінгі балалардың білім алатын орны туралы мәліметті анықтау жұмысын аяқтайды;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымдары қызмет көрсететін аумақта тұру фактісі анықталмаған жасы 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына жолдайды;
Тармақша 5
5) білім алушылардың сабаққа қатысуын күнделікті бақылауды іске асырады (мониторинг), мінез-құлқында, білім алуында, дамуында және әлеуметтік бейімделуінде проблемалары бар білім алушылармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізеді;
Тармақша 6
6) әр айдың 10-на қарай жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы балалар туралы мәліметті ББАЖ-ға орналастырады;
Тармақша 7
7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, сондай-ақ, оқытылмайтын, жалпы білім беретін ұйымдарда жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспаушы балалар анықталған жағдайда оларды тәрбиелеу және білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың орта білім алуы бойынша шараларды қабылдайды;
Тармақша 8
8) 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 9-сынып бітірушілерінің білім алу орны туралы ақпаратты ББАЖ-ға электрондық нысанда ұсынады;
Тармақша 9
9) ағымдағы жылы аталған білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастырмаған 9 (10) сынып бітірушілері болып табылатын кәмелетке толмаған азаматтар анықталған жағдайда аталған кәмелетке толмаған тұратын білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақтағы жалпы білім беру ұйымының басшысын, сондай-ақ профилактикалық есепке алу үшін ішкі істер органдарын еркін нысанда ақпараттандырады;
Тармақша 10
10) білім алуды жалғастырмаған ағымдағы жылдың 9 (10) сынып бітірушілерін білім беру ұйымдарында білім алмаушы ретінде есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 11
11) ағымдағы жылдың 9 (10) сынып бітірушілерінің білім алуды жалғастырмау фактісі анықталған жағдайда уақытылы жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарын ақпараттандырады, олардың жалпы білім алуы үшін шаралар қабылдайды;
Тармақша 12
12) жылсайын жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына мектеп жасындағы балалардың, олардың әрі қарай білім алу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі қоса берілген орта білім беру ұйымдарынан шығару туралы мәлімет ұсынады;
Тармақша 13
13) орта білім беру ұйымынан шыққан білім алушының одан әрі білім алуын бақылауды оның одан әрі білім алуын растайтын құжатты жеке іс-қағаздарына қоса отырып (әрі қарай білім алуын растайтын күні және шығыс нөмірі бар анықтама, басқа білім беру ұйымына қабылданғаны туралы күні және нөмірі бар бұйрығы) іске асырады. Білім алушыны қабылдаған орта білім беру ұйымының басшысы білім алушы шығып кеткен орта білім білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды. Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.
Тармақ 15
15. Өз балаларының білім алуына кедергі жасаған және (немесе) өз балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша тиісінше міндеттемелерді орындамаған отбасы анықталған жағдайда орта білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды оқытуды ұйымдастыру үшін ата-аналармен (заңды өкілдермен) өзара іс-қимыл жасау бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шараларын қабылдау үшін ол туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға хабарлайды;
Тармақша 3
3) анықталған балалар және көрсетілген балалар үшін оқытуды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралар туралы жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына хабарлайды;
Тармақша 4
4) профилактикалық есепке алу үшін ішкі істер органдарын еркін нысанда ақпараттандырады.
Тармақ 16
16. Балаларды есепке алуды жүргізу барысында анықталған балалар оқу сабақтары журналында жинақтау сызығынан кейін жазылады.
Тармақ 17
17. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы:
Тармақша 1
1) тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) электронды нысанда ҰБДҚ-ға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында білім алып жатқан балалар туралы мәліметті ұсынады;
Тармақша 2
2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан шыққан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың бұдан әрі білім алуына бақылауды жүргізеді және аталған балалар туралы мәліметті білім органдарына ұсынады. Білім алушыны қабылдаған білім беру ұйымының басшысы білім алушы шығып кеткен орта білім беру ұйымына шығыс нөмірі және күні көрсетілген растау анықтаманы, орта білім беру ұйымына қабылдау туралы нөмірі және күні көрсетілген бұйрықты жолдайды. Шығып кеткен оқушылардың одан әрі білім алуы туралы растайтын анықтама онда шығыс нөмірі және күні, басқа білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық нөмірі және күні болған жағдайда қабылданады.