Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының 213 тармағына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Әбуталиповке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Целиноград ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 19.07 № А-2/301
қаулысына қосымша
Целиноград ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын және жалақыдан барлық ұстауларды төлеу.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақы.
Тармақ 3
3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және басқа әлеуметтік төлемдер.
Тармақ 4
4. Банктік қызмет ақысын төлеу, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Тармақ 5
5. Тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер үшін шығындар.
Тармақ 6
6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.
Тармақ 7
7. Нысаналы трансферттер есебінен жүргізілетін шығыстар және жоғары тұрған бюджеттерден бюджеттік кредиттер.