Об установлении квоты для трудоустройства инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Целиноградском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін:
Тармақша 1
1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
Тармақша 2
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
Тармақша 3
3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.