Об утверждении Правил оказания услуг государственным учреждением Вооруженных Сил Республики Казахстан, специализирующимся в области спорта, и использования денег от реализации таких услуг Күшін жойған
Басқа 0
Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы «18» шілдедегі
№ 363 бұйрығымен
бекітілген
Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – АОСК) және оның филиалдары болып табылады.
Тармақ 3
3. АОСК және оның филиалдары мынадай қызмет түрлерін:
Тармақша 1
1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтерді;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу);
Тармақша 3
3) спорттық керек-жарақты және спорттық ғимараттарды беру жөніндегі қызметтерді;
Тармақша 4
4) спортшылар мен жаттықтырушыларды кейіннен олардың өзге де дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға ауысуы жағдайларын іске асыра отырып, оларды даярлау жөніндегі қызметтерді көрсетеді;
Тармақша 5
5) санаториялық-курорттық қызмет және медициналық оңалту жөніндегі қызметтерді;
Тармақша 6
6) мекемеде өткізілетін әртүрлі іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді;
Тармақша 7
7) қонақүй қызметтерін көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібі
2-тарау. Қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібі
Тармақ 4
4. Заңды тұлғаларға қызметтер көpceту Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шарттық негізде, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтерге жүргізілген төлемге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. АОСК және оның филиалдары оқу-жаттығу орталықтарының аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген орында мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) АОСК және оның филиалдары көрсететін қызметтер тізбесін;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылатын қызметтерге тарифтерді орналастырады.
Тармақ 6
6. АОСК-ның және оның филиалдарының көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен иелiгiнде қалатын ақша АОСК ашатын қолма-қол ақшаның бақылау шотына есепке алынады және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Қолма-қол ақшаны қабылдау фискалдық жадысы бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолданумен және бақылау чегін берумен АОСК-ның және оның филиалдарының кассалары арқылы, сондай-ақ ақшасыз есеп айырысу бойынша АОСК-ның «ақылы көрсетілетін қызметтер шоты» қолма-қол ақшаның бақылау шотына аудару арқылы жүргізіледі.
Тармақ 8
8. АОСК және оның филиалдары қызметтерді өткізуден алатын, өздерінің иелігінде қалатын ақша есебінен операцияларды жүргізу үшін жыл сайын ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарын (еркін нысанда) жасайды, түсіндірме жазбаны және негізделген есептерді қоса бере отырып, үш данада бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бекітуге ұсынады.
Тармақ 9
9. Ақылы көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін қаражат:
Тармақша 1
1) жабдықты және құралдарды (оның iшiнде жиһаз) сатып алуға;
Тармақша 2
2) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделер, естелік сыйлықтар, грамоталар сатып алуға және ақшалай сыйақыларға;
Тармақша 3
3) спортшылардың тамақтануы, оларға тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды жабуға;
Тармақша 4
4) асханаларды ұстауға (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдық пен құралдарды сатып алу, күрделi жөндеу және басқа да шығыстар);
Тармақша 5
5) спорт алаңдарын салуға;
Тармақша 6
6) сауықтыру iс-шараларына;
Тармақша 7
7) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, арбитрлардың (төрешiлердiң) және медицина жұмыскерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабуға;
Тармақша 8
8) ақылы қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
Тармақша 9
9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;
Тармақша 10
10) банк қызметтерін төлеуге;
Тармақша 11
11) ынталандыру сипатындағы қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды және басқа да төлемдерді белгiлеуге;
Тармақша 12
12) заттай мүлік заттарын, спорттық және арнайы киім-кешекті сатып алуға, тігуге және жөндеуге;
Тармақша 13
13) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстарға және басқа да коммуналдық шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеуге, көлiктiк қызметтерге ақы төлеуге және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстарға;
Тармақша 14
14) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялауға және күрделi жөндеуге;
Тармақша 15
15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру процесін фармакологиялық қамтамасыз етуге;
Тармақша 16
16) iссапар шығыстарына жұмсалады.
Тармақ 10
10. АОСК-ның және оның филиалдарының көрсетілетін қызметтердi өткізуден түскен иелiгiнде қалатын ақшаны есепке алуы және оларды жұмсауы туралы есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.