О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "О государственной адресной социальной помощи" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Заңын iске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" № 246-II Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 1685 қаулысына, сондай-ақ облыстық маслихаттың 2002 жылғы 29 қаңтардағы "Халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдесушi учаскелiк комиссиялардың ережесiн келiсу туралы" № 16/174-II шешiмiне сәйкес:
Тармақ 1
1. Халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдесушi учаскелiк комиссиялар туралы ереже (№ 1 қосымша) және учаскелiк комиссиялардың атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттiгi туралы қорытындысының нысаны бекiтiлсiн (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Барлық деңгейдегi әкiмдер:
Тармақша 1
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде учаскелiк комиссиялар құрсын және олардың қызметiне басшылықты қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың бланкiлерiн тегiн берудi және куәландыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берген адамның отбасы құрамы туралы мәлiметтердi куәландырушы орган ретiнде ауылдық жерде-ауылдық (поселкелiк) округтердiң әкiмдерi, қалалық жерде-еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары (бөлiмдерi) белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмiнiң нысаны бекiтiлсiн (№ 3 қосымша ).
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау департаментi (А.Ахметов) облыстық аудандары мен қалаларында мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бойынша ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, облыстық қаржы департаментi (К. Дүйсембиев) мұқтаж отбасыларға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi толық мөлшерде көрсету және бюджеттiк қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау жөнiнен тиiстi шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Дүйсеноваға жүктелсiн.
Басқа 10. Халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдесушi учаскелiк комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкiмiнiң 5 ақпан 2002 жылғы № 11 шешiмiне № 1 қосымша Халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiне жәрдемдесушi учаскелiк комиссиялар туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Учаскелiк комиссия тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелiк комиссия құрамына жергiлiктi өкiлдi органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi кооперативтерiнiң, халықтың, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау саласы уәкiлеттi органдардың өкiлдерi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi кiре алады.
Тармақ 3
3. Учаскелiк комиссия өз қызметiнде қолданыстағы заңнаманы және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Негiзгi функциялары мен құқықтары.
2. Негiзгi функциялары мен құқықтары.
Тармақ 4
4. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органдарға және кент, ауыл (село) әкiмдерiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметте жәрдемдеседi.
Тармақ 5
5. Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiлiгi туралы қорытындылар әзiрлейдi.
Тармақ 6
6. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органның (кент, ауыл (село) әкiмiнiң) тапсырмасы бойынша табыс етiлген құжаттарды iрiктеп қайта тексеру мүмкiн.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға тексеру жүргiзу.
3. Материалдық жағдайға тексеру жүргiзу.
Тармақ 8
8. Учаскелiк комиссиялар, қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село) әкiмi тапсырма берген күннен бастап бес күн мерзiмде адамдардың (отбасылардың), материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi.
Тармақ 7
7. Учаскелiк комиссиялар тексеру жүргiзу үшiн тиiстi органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiгi туралы қорытындыны облыс әкiмiмен бекiтiлген нысан бойынша дайындайды, оларға қол қойып, уәкiлеттi органға (кент, ауыл (село) әкiмiне) табыс етедi.
Тарау 4. 4. Учаскелiк комиссиялардың жауапкершiлiгi.
4. Учаскелiк комиссиялардың жауапкершiлiгi.
Тармақ 10
10. Учаскелiк комиссия тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексерудiң объективтiлiгi және атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнен қабылданған қорытынды үшiн, сондай-ақ осы Ереже талаптарының бұзылғандығы үшiн жауапты болады.
Басқа 25. _________________________ учаскелiк комиссиясының атаулы әлеуметтiк көмек (әкімшілік бірлік) берудiң қажеттiлiгi туралы
Облыс әкімнің 2002 жылғы "____"_________________" №____шешіміне № 2 қосымша Учаскелiк комиссия қорытындысының нысаны _________________________ учаскелiк комиссиясының атаулы әлеуметтiк көмек (әкімшілік бірлік) берудiң қажеттiлiгi туралы 200___ жылдың______ тоқсанына қорытындысы Р/с Үміт­кер­дің аты, әке­сі­нің аты, те­гі және от­ба­сы­ның ме­кен-жайы От­ба­сы құ­ра­мы Ата-анасы туралы мәлімет Балалары туралы мәлімет От­ба­сын­да­ғы мү­ге­дек­тер, зей­нет­кер­лер жай­лы м­ә­лі­мет Бо­станды­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған, ккүшпен ем­де­уде, із­де­уде, же­дел әс­кер қыз­ме­т­ін­де т.б. Саны Оқудағы балалар 7 жасқа дейін 18 жасқа дейін 18 жастан жоғары То­лық мем­ле­кет­тің қам­қор­лы­ғын­да 18 жас­қа дей­ін ор­та ар­на­у­лы оқу орын­да­рын­да, оның ішін­де ком­мер­ци­я­лық топ­та 18 жастан жо­ға­ры, оқу орын­да­рын­да, оынң ішін­де ком­мер­ци­я­лық топ­та 1. мүгедек саны 2. оның ішінде 18-ден жоғары 3. зейнеткерлер саны 4. біреудің көмегін қажет ететін адамдар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Отбасы мүшелерін жұмыспен қамтылуы (жұмыс түрін көрсету керек) Қосалқы шаруашылық қолда бары Жер үлесі Ай сайын алынатын кірістер Әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дай­дың тө­мен­де­уіне әсер ете­тін ерекше жағ­дай Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі 1. мемлекеттік кәсіпорын 2. жеке кәсіпорын 3. кәсіпкерлік қызмет 4. еңбек биржасы 5. басқалары 1. автокөлік 2. үй іргелікте (өсірілетін дақыл түрлерін көрсету) 3. мал 4. құс 5. басқалар 1. өңделетін (өсірілетін дақыл түрлерін көрсету) 2. өңделмейтін 1. жалақы 2. зейнетақы 3. жәрдемақы 4. стипендия 5. өтемақы 6. алимент 1. кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен 2. мү­лік­тен 3. қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тан 1. ақ­ша­лай және та­би­ға түр­де­гі ұтыс 2. ди­ви­дент­тер 3. ссу­да 4. бас­қа­лар 1. мұқтаж емес 2. мұқтаж 3. аса мұқтаж 12 13 14 15 16 17 18 19 Учаскелiк комиссияның төрағасы ______________ ________________________ (қолы) (Аты, әкесiнiң аты, тегi)
Басқа 26
Облыс әкімнің "___"___________2002 жылғы №__шешiмiне № 3 қосымша Уәкiлеттi органның шешімнің нысаны _____________________________________ аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi (басқармасы)______________________________________ _______________________________________ адресi бойынша тұратын өтiнiш иесi ____________________________________200__ жылғы ____________тiркеу N_______ тапсырған құжаттарын 200__ жылғы _______________ қарап, 200__ жылдың ____тоқсанына төмендегiдей N_______ ШЕШIМ қабылдады. 1. Отбасының_____ мүшесiне жалпы сомасы_____ теңге мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалсын. Оның iшiнде: _______________ үшiн _________теңге (ай) _______________ үшiн _________теңге (ай) _______________ үшiн _________теңге (ай) 2. Отбасының____ мүшесiне төмендегi себептер бойынша атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмасын: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Бөлiм (басқарма) бастығы:________ ___________________ (қолы) (тегi, аты-жөнi) Тағайындаған маман: ________ ____________________ (қолы) (тегi, аты-жөнi) Тексерген маман: ________ ____________________ (қолы) (тегi, аты-жөнi)