Об утверждении Правил организации деятельности патрульно-постовой службы органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары бекiтілсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 382 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдары (бұдан әрі – ӘПО) патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. ӘПО патрульдік-бекеттік қызметінің әрекетін ұйымдастыру:
Тармақша 1
1) патрульдік нарядты даярлауды және оған нұсқау беруді;
Тармақша 2
2) патрульдік нарядтың қызмет өткеруін;
Тармақша 3
3) патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды қамтиды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әскери полицияның бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – ӘП БӨП) –белгілі бір ауданға (жергілікті жерге, объектіге) өткізу режимін қамтамасыз ету немесе көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің қозғалысын шектеу үшін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар, зілзала, эпидемия және төтенше жағдай туындаған кезеңде қойылатын патрульдік наряд;
Тармақша 2
2) әскери полицияның патрульдік бекеті (бұдан әрі – Бекет) – патрульдік наряд өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайтын жер немесе жергілікті жер учаскесі. Бекеттер құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қадағалау және жедел шара қабылдау мақсатында патрульдік нарядтың ұдайы болуын қамтамасыз ету қажет жерлерде қойылады;
Тармақша 3
3) әскери полицияның патрульдік тобы – патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін біріктірілген бірнеше патрульдік наряд. Патрульдік топтың жетекшісін ӘПО бастығының бұйрығымен айқындалады;
Тармақша 4
4) арнайы автомобиль – байланыс құралдарымен, бейнетіркегіштермен, арнайы дыбыс және жарық дабылымен жабдықталған, сондай-ақ арнайы түсті графикалық схемалармен боялған, тану белгілері, жазулар салынған және патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) құқық тәртібін қамтамасыз ету, ұсталған адамдарды ӘПО-ға жеткізу, сондай-ақ жаяу патрульдік нарядтарды қызмет өткеру орындарына апару үшін пайдаланатын ӘПО көлік құралы;
Тармақша 5
5) патрульдеу маршруты – оған іргелес аумақ бар патрульдік нарядтың белгіленген жүру жолы, олардың шегі жергілікті жерде маршрутта орналасқан әскери объектілерге, әскери қызметшілердің демалу орындарына, әскери қалашықтарға, сауда объектілеріне, автобус және теміржол вокзалдарына (станцияларға), әуежайларға байланысты айқындалады. Маршруттардың ұзақтығын ӘПО патрульдік-бекеттік қызметінің уәкілетті лауазымды адамы криминогендік жағдайға байланысты есептейді;
Тармақша 6
6) ӘПО патрульдік-бекеттік қызметі (бұдан әрі – ПБҚ) – ӘПО құрамындағы құрылымдық бөлімше, оның міндеттері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы, сақтандыру, анықтау, жолын кесу және ашу болып табылады;
Тармақша 7
7) ПБҚ патрульдік наряды – патрульдеу маршрутында, әскери полицияның бақылау-өткізу пункттерінде, сондай-ақ әскери полицияның патрульдік бекеттерінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша патрульдік нарядқа жүктелген міндеттерді орындайтын екі немесе одан да көп әскери полиция қызметкерінен (патруль бастығы және патрульдеуші) тұратын патруль (жаяу немесе арнайы автомобильдерде);
Тармақша 8
8) ПБҚ резерві – криминогендік жағдайдың нашарлауына, патрульдік нарядты күшейтуге, рейдтік іс-шаралар жүргізуге, анықтау, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген, әскери бөлім орналасқан жерді өз еркімен тастап кеткен әскери қызметшілерді іздеуге байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатысуымен әскери іс-шаралар өту, сондай-ақ зілзала, эпидемия және басқа да төтенше жағдай туындаған кезеңде патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру үшін тартылған ӘПО жеке құрамы;
Тармақша 9
9) ПБҚ-ның рейдтік іс-шаралары – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша ұйымдастыру және сақтандыру шаралары кешені;
Тармақша 10
10) ПҚБ-ның уәкілетті лауазымды адамы – ПБҚ-ны ұйымдастыру бойынша лауазымдық өкілеттік тұрақты немесе уақытша берілген лауазымды адам.
Тарау 2. 2-тарау. Патрульдік нарядты даярлау және оған нұсқау беру
2-тарау. Патрульдік нарядты даярлау және оған нұсқау беру
Тармақ 3
3. Алдағы тәулікте патрульдік нарядтарды орналастыру патрульдік нарядтар құрамы, патрульдеу маршруттары (бекет, ӘП БӨП), қызмет өткеру және демалу уақыты туралы мәліметтерді көрсетумен ӘПО бастығының тиісті бұйрығымен күн сайын ресімделеді.
Тармақ 4
4. Әрбір патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ға) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка жасалады. Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы екі данада жасалады, оның 1-ші данасы ӘПО-ның кезекші бөлімінде сақталады, 2-ші данасы патрульдік нарядқа түсер алдында патруль бастығына беріледі.
Тармақ 5
5. Патрульдік нарядтарды тағайындау ӘПО әскери қызметшілерінің жасын және жұмыс тәжірибесін ескере отырып жасалады, олар қызмет өткеру жағдайына және патрульдеу маршрутындағы (бекеттегі, ӘП БӨП-дағы) жағдайға сәйкес келеді.
Тармақ 6
6. Төтенше жағдай, рейд жүргізу кезінде туындайтын міндеттерді шешу үшін олардың маңыздылығы мен ауқымына сәйкес ӘПО бастықтары оларды ұйымдастыру бойынша жеке жоспарлар (еркін түрде) жасайды немесе тиісті бұйрықтар шығарады.
Тармақ 7
7. Патрульдік наряд құрамына кіретін әскери қызметшілерге нұсқау беруді ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы арнайы жабдықталған сыныпта немесе ӘПО бастығы айқындаған аумақта (алаңда) жүргізеді, оның ұзақтығы 40 минуттан аспайды.
Тармақ 8
8. Нұсқау беру жүргізу кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы:
Тармақша 1
1) патрульдік нарядтардың қызмет өткеруге даярлығын анықтайды және анықталған кемшіліктерді жоюға шара қабылдайды;
Тармақша 2
2) патрульдік нарядтағы әскери қызметшілердің өз құқықтары мен міндеттерін, қару, арнайы құралдар мен күш қолдану тәртібін білуін тексереді;
Тармақша 3
3) патрульдік нарядтарды гарнизондағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы , іздестіруде жүрген адамдар туралы бағдарлайды, өткен тәулікте патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру нәтижесі, оның ішінде патрульдеу кезінде жол берілген бұзушылықтар туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) патрульдеу маршруттарында (бекеттерде, ӘП БӨП-да) патрульдік нарядтарды орналастыру туралы ақпаратты жеткізеді;
Тармақша 5
5) әскери қызметшілерге мұқият, сыпайы қарым-қатынас жасау, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қажет болған жағдайда көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпарат береді.
Тармақ 9
9. Нұсқау беру патрульдік нарядтарды таратумен және қызмет өткеру орнына түсу туралы бұйрық берумен аяқталады.
Тарау 3. 3-тарау. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі
3-тарау. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі
Тармақ 10
10. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруі бір немесе бірнеше патрульдеу маршрутында жүзеге асырылады. Патрульдеу маршрутына (бекетке, ӘП БӨП-ге) түскені, қызмет өткеру барысы, патрульдік нарядты қабылдау және тапсыру, сондай-ақ бір патрульдеу маршрутынан басқасына ауысқаны туралы патруль бастығы ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге баяндайды. Баяндау радиобайланыс немесе басқа да қолжетімді әдістер арқылы, ӘПО бастығы бекіткен кестеге сәйкес, бірақ екі сағатта бір реттен сиретпей, ал оқиға болған жағдайда шұғыл жасалады.
Тармақ 11
11. Тәуліктік патрульдік нарядтарды ауыстыру патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) жасалады. Ауысатын патрульдік наряд жаңадан түсетін патрульдік нарядқа қызмет өткеру барысында орын алған оқиғалар, алынған өкімдер туралы ауызша хабарлайды. Ауысатын патрульдік наряд атыс қаруын, арнайы құралдарды тапсыру үшін ӘПО-ға келеді және ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына патрульдік нарядта қызмет өткеру барысы және нәтижесі туралы жазбаша еркін түрде баяндайды.
Тармақ 12
12. Қызметтік әрекетті анағұрлым тиімді ұйымдастыру мақсатында патрульдік нарядтардың қызмет өткеру уақыты қарбалас уақытта және күрделі криминогендік не қоғамдық-саяси жағдай анағұрлым күрделі жерлерде ПБҚ күштері мен құралдары артатындай етіп белгіленеді.
Тармақ 13
13. Патрульдік наряд патруль маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге бағынады.
Тармақ 14
14. Патрульдік наряд патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде құқық бұзушылықты уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында жергілікті жерді және онда орналасқан объектілерді (заттарды) қарап-тексереді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери көлік құралдарын пайдалануды, әскери қызметшілер мен басқа да адамдардың өзін-өзі ұстауын қадағалайды. Қызмет өткеру кезеңінде патруль бастығы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық орындарда тәртіп бұзған әскери қызметшілердің тізімін жасайды.
Тармақ 15
15. Патрульдік наряд әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен сөйлескен кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы 159-163-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады. Әскери қызметшілердің (запаста тұратын азаматтардың әскери жиындардан өту кезінде) құжаттарын тексеру қауіпсіздік шараларын сақтаумен, жаяу жүргіншілердің және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірілмей жүргізіледі. Тексеру аяқталғаннан кейін ескерту болмаған кезде патрульдік наряд бастығы тексерілген адамға құжаттарын қайтарып береді.
Тармақ 16
16. Құқық бұзушыларды ұстау және ӘПО-ға жеткізу жасалған құқық бұзушылық сипатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі 128-132-баптарының немесе «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 786-788-баптарының талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Құқық бұзушылар тобын ұстаған кезде патруль бастығы ол туралы радиобайланыс құралы арқылы немесе басқа да қолжетімді тәсілмен ППҚ-ның уәкілетті лауазымды адамына және ӘПО бойынша кезекшіге хабарлайды, қосымша күштер мен құралдар сұратады, көршілес патрульдік нарядтарды, сондай-ақ жергілікті құқық қорғау органдарын хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Құқық бұзушы(лар) бағынбаған немесе қарсылық көрсеткен жағдайда патрульдік наряд «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11 және 12-баптарының талаптарына сәйкес оған (оларға) күш, арнайы құралдарды немесе атыс қаруын қолданады.
Тармақ 19
19. Патрульдік наряд теміржол (автобус, теңіз, өзен) станцияларында (порттарында), әуежайларда қызмет өткерген кезде әскери командалардың және жеке әскери қызметшілердің қозғалысын, олардың құқық тәртібін, әскери тәртіпті сақтауын бақылайды. Бұзушылықтар анықталған кезде патруль бастығы топ (команда) жетекшісін бұзушылықты жою қажеттілігі туралы ауызша хабарлайды. Анықталған бұзушылықтар туралы команда (топ) жетекшісінің әскери құжаттарына жазба жасалады.
Тармақ 20
20. Патрульдеу маршруты (бекеті) ауданында ашық су тоғаны мен гидротехникалық құрылыстар болған кезде патрульдік наряд әскери қызметшілердің ол үшін арнайы бөлінген жерлерде, сондай-ақ судағы қауіпсіздік шараларын бұзумен суға түсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 21
21. Көршілес патрульдік нарядтармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында бірыңғай радиосигнал немесе ысқырықпен сигнал беру белгіленеді: «Ұста» – бір ұзақ сигнал; «Маған көмекке» – екі қысқа сигнал. Қажет болған кезде сигналдар қайталанады. Дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру үшін атыс қаруын қолдану Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Патрульдеу маршрутында (бекетінде) оқиға немесе қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат алған кезде патрульдік наряд көрсетілген орынға келеді және жедел тергеу тобы келгенге дейін мынадай әрекеттерді орындайды:
Тармақша 1
1) зардап шеккендердің бар болуын және жай-күйін, оларға медициналық көмек көрсетілгенін немесе көрсетілмегенін анықтайды, қажет болған кезде медициналық көмек шақырады;
Тармақша 2
2) құқық бұзушылық (оқиға) жасалған жерді, уақытты, тәсілді және мән-жайды анықтайды;
Тармақша 3
3) оқиғаға қатысушылар, куәгерлер, куәгерлер туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) оқиға болған жерді күзетуді қамтамасыз етеді. Жедел-тергеу тобы келгеннен кейін жинақталған мәліметтерді топ жетекшісіне береді, көмек көрсетеді және одан әрі ПБҚ уәкілетті лауазымды адамының және ӘПО бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Тармақ 23
23. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеру кезінде патрульдік нарядқа:
Тармақша 1
1) әскери қызметшілер мен азаматтық адамдарды негізсіз ұстауға;
Тармақша 2
2) өз бетімен патрульдеу маршрутын (бекетті, ӘП БӨП-ны) тастап кетуге;
Тармақша 3
3) қару мен арнайы құралдарды қажет болмаған кезде шешуге, қалдыруға, басқа біреуге беруге;
Тармақша 4
4) байланыс құралдары арқылы қызметтен тыс әңгімелесуге;
Тармақша 5
5) бейнетіркеу құралдарын (бейнетіркегіштерді) өшіруге;
Тармақша 6
6) әскери қызметшілермен және азаматтық адамдармен қызметке қатысты емес әңгімелесуге, қызмет өткеруден басқа жаққа көңіл аударуға;
Тармақша 7
7) патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) белгіленбеген уақытта демалуға;
Тармақша 8
8) арнайы автомобильмен қызметтік қажеттіліктен тыс бөгде адамдарды және жүктерді жеткізуге, сондай-ақ арнайы автомобильді қараусыз қалдыруға;
Тармақша 9
9) басқа біреуге арнайы автомобильді басқаруға беруге;
Тармақша 10
10) ұсталған адамдарды арнайы автомобильде қараусыз қалдыруға;
Тармақша 11
11) ақаулы арнайы автомобильді немесе оны орынсыз пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Арнайы автомобильде қызмет өткеру кезінде жол қозғалысының басқа қатысушылары жанында басымдыққа ие болу үшін арнайы автомобиль жүргізушісі көк және (немесе) қызыл түсті маякты шамын, арнайы дыбыс сигналын қосады және қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы мүмкін.
Тармақ 25
25. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) кинолог қызметтік итпен қызмет өткерген кезде қызметтік ит қысқа байлауда, тұмылдырықта болады. Қызметтік иттерді қолдану Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау
4-тарау. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау
Тармақ 26
26. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылауды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы басшылық құрамының адамдары;
Тармақша 2
2) ӘПО бастығы және оның орынбасарлары;
Тармақша 3
3) ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Патрульдік нарядтардың қызмет өткеруін бақылау ашық түрде жүргізіледі. Бақылауды жүзеге асыруға келген адам патруль бастығына ӘПО әскери қызметшісінің қызметтік куәлігін көрсетеді.
Тармақ 28
28. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) патруль болмаған кезде бақылайтын адам ӘПО бойынша кезекшіге шұғыл хабарлайды және патрульдік нарядтың болмау себептері мен болған жерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 29
29. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткеруді бақылау нәтижелері туралы бақылаушы адам маршрут (бекет, ӘП БӨП) карточкасына жазба жасайды.
Тармақ 30
30. ӘПО бастығы тоқсанына бір реттен сиретпей, ал ПБҚ-ның уәкілетті лауазымды адамы ай сайын патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылау тиімділігіне талдау жасайды.
Басқа 2. Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы _____________________________________________________ (патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) нөмірі және шартты атауы)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік ызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Бекітемін __________________ бастығы (ӘПО атауы) ____________________________ (әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары) 20____ ж. «_____» ____________ (жыл, күн, ай) Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) карточкасы _____________________________________________________ (патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) нөмірі және шартты атауы) Патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасу схемасы Схемаға мыналар енгізіледі:
Тармақ 1
1. Көше атаулары мен негізгі бағдарлануларды (қоғамдық орындар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық тамақтану орындары және т.б.) көрсетумен патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан ауданы;
Тармақ 2
2. Жергілікті жер учаскесіне байланысты патрульдеу маршрутының (бекеттің, ӘП БӨП-ның) орналасқан жері;
Тармақ 3
3. Патрульдеу маршрутында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері, медициналық мекемелер, ішкі істер органдары, жергілікті басқару органдары;
Тармақ 4
4. Схеманы жасау кезінде қолданылатын шартты атаулар. Түсіндірме жазбада мыналар көрсетіледі:
Тармақ 1
1. Қызмет өткеру әдісі.
Тармақ 2
2. Патрульдеу маршрутының ұзындығы.
Тармақ 3
3. Ас ішу, демалу уақытын және т.б. көрсетумен қызмет өткеру кестесі.
Тармақ 4
4. Бекет, патрульдеу маршруты орналасқан аудандағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдырының әскери бөлімдері мен мекемелерінің, медициналық мекемелердің, ішкі істер органдарының, жергілікті басқару органдарының тізбесі (мекенжайларын көрсетумен).
Тармақ 5
5. Маршрутта әскери қызметшілердің көп шоғырлануы ықтимал орындар.
Тармақ 6
6. Патрульдік нарядтың жабдықтары.
Тармақ 7
7. ӘПО бойынша кезекшіге байланысқа шығу тәртібі және кезеңділігі.
Тармақ 8
8. Патрульдеу маршрутында (бекетте, ӘП БӨП-да) қызмет өткерудің негізгі талаптары мен ерекшеліктері.
Тармақ 9
9. Қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Тармақ 10
10. Патрульдік нарядтың қызмет өткеруін бақылауды жүзеге асыратын адамның жазатын орны.
Басқа 1.2
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Бет жағы рР/с Бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған күн Әс­ке­ри бө­лім, ба­ғы­ны­сты­лы­ғы Әс­ке­ри ата­ғы, те­гі мен ини­ци­ал­да­ры Бұ­зу­шы­лық тү­рі, уа­қы­ты мен ор­ны Әс­ке­ри ку­ә­лік нө­мі­рі Пат­руль ба­стығы _________________________________________ (әс­ке­ри ата­ғы, қо­лы, те­гі мен ини­ци­ал­да­ры) Пат­руль­де­у­ші ___________________________________________ (әс­ке­ри ата­ғы, қо­лы, те­гі мен ини­ци­ал­да­ры) Пат­руль­де­у­ші ___________________________________________ (әс­ке­ри ата­ғы, қо­лы, те­гі мен ини­ци­ал­да­ры) Теріс жағы №Р/с Бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған күн Әс­ке­ри бө­лім, ба­ғы­ны­сты­лы­ғы Әс­ке­ри ата­ғы, те­гі­мен ини­ци­ал­да­ры Бұ­зу­шы­лық тү­рі, уа­қы­ты мен ор­ны Әс­ке­ри ку­ә­лік нө­мі­рі №Р/с Бұ­зу­шы­лық жа­сал­ған күн Әс­ке­ри бө­лім, ба­ғы­ны­сты­лы­ғы Әс­ке­ри ата­ғы, те­гі­мен ини­ци­ал­да­ры Бұ­зу­шы­лық­тү­рі, уа­қы­ты мен ор­ны Әс­ке­ри ку­ә­лік нө­мі­рі