Об утверждении Типовых правил организации работы Попечительского совета и порядок его избрания в организациях образования Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі ұйымдарда қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
Тармақша 4
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі;
Тармақша 5
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4995 болып тіркелген, 2007 жылғы 30 қарашадағы № 184 (1387) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) № 501 бұйрығы;
Тармақша 2
2) «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14751 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiсінде жарияланған) № 715 бұйрығы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Ерсайынов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _________ А. Мырзахметов 2017 ж. 28 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________ Б. Сұлтанов 2017 ж. 7 тамыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі _______ А. Мұхамедиұлы 2017 ж. 28 шілде
Басқа 1. Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 1-қосымша Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) еріктілік;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) жариялылық пен шынайылық.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтады;
Тармақша 2
2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша дауыс беру құқығымен оның отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі ұйымның қызметіне, оның ішінде білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қамқоршылық кеңестің құзыреті шегінде білім беру ұйымы әкімшілігінен қажетті ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді оның отырыстарында қарастыруды бастамашылық жасайды;
Тармақша 7
7) мектепке дейінгі ұйымды дамытуға бағытталған жобаларды, іс-шараларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) Қамқоршылық кеңестің мүддесін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтайды;
Тармақша 10
10) жүктелген функцияларды адал және объективті түрде орындайды;
Тармақша 11
11) Қамқоршылық кеңестің және мектепке дейінгі ұйымның беделін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 12
12) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге және оның бар екендігі туралы Қамқоршылық кеңесті хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган) құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия сайлайды. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Тармақ 9
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтініш (еркін түрде);
Тармақша 2
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
Тармақша 2
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
Тармақша 5
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
Тармақ 11
11. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды мектепке дейінгі ұйымдар ұсынады және олар ата-аналар қауымдастығының жалпы жиналысында (бұдан әрі – жиналыс) төмендегі ұсыну тәртібі бойынша іріктеуден өтеді:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі жиналыс өткізілетін күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ата-аналарға (заңды өкілдерге) жиналыстың күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген жазбаша немесе электрондық хабарламалар жібереді. Сонымен қатар, хабарландыру мектепке дейінгі ұйымның ақпараттық стендіне және/немесе ресми интернет-ресурсына орналастырылады;
Тармақша 2
2) әр жас тобының тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері топ атынан 1 (бір) кандидатурадан артық ұсынбайды. Кандидатуралар жиналыста ауызша немесе алдын ала мектепке дейінгі ұйым басшысының атына кандидаттың келісімі көрсетілген жазбаша түрде ұсынылады. Қамқоршылық кеңестің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар жиналыс барысында өз кандидатурасын өз бетінше ұсынуға құқылы;
Тармақша 3
3) ұсынылған әрбір кандидат жиналыста өзін қысқаша таныстырып, өзінің тәжірибесі мен Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуға деген мотивациясы туралы айтып береді;
Тармақша 4
4) ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің жиналыстағы дауыс беруі ашық немесе жабық түрде өткізіледі (қатысушылардың көпшілігінің шешімі бойынша анықталады). Жас тобы атынан ең көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі;
Тармақша 5
5) дауыс беру нәтижелері еркін нысандағы хаттамамен рәсімделеді, хаттамаға жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттар қоса тіркеледі;
Тармақша 6
6) сайланған кандидаттардың тізімі (әр жас тобы бойынша бір кандидаттан) құжаттардың толық топтамасымен бірге тиісті саладағы уәкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жиналыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 11-1
11-1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы кандидаттардың ұсынған құжаттары көрсетілген жиынтық тізімді (еркін нысанда) қалыптастырып, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне береді.
Тармақ 12
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 12-1
12-1. Комиссия кандидатураларды қарау бойынша отырысты екі кезеңде өткізеді:
Тармақша 1
1) алдын ала тексеру – ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) ашық талқылау және дауыс беру – кандидаттар туралы қысқаша сипаттамаларды тыңдау (қажет болған жағдайда – олардың жеке қатысуы немесе қашықтан қосылуы), Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, содан кейін әрбір кандидатура бойынша дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 12-2
12-2. Дауыс беру ашық түрде, аты-жөні көрсетілген тізім бойынша жүргізіледі және нәтижесі хаттамада тіркеледі. Комиссияның әрбір мүшесіне кандидатқа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Кандидат Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда сайланды деп есептеледі. Бір санаттағы кандидаттар саны (осы Ереженің 10-тармағына сәйкес) белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланды деп танылады.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
Тармақ 14
14. Мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
Тармақша 2
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектепке дейінгі ұйым жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) мектепке дейінгі ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) мектепке дейінгі ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 5
5) мектепке дейінгі ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
Тармақша 7
7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мектепке дейінгі ұйым басшысының мектепке дейінгі ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
Тармақша 9
9) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектепке дейінгі ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерген көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 11
11) мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 12
12) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектепке дейінгі ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 13
13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 14
14) мектепке дейінгі ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелерде және спорт секцияларына қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 15
15) педагогикалық ұжымға тәрбиеленушілердің отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, мектепке дейінгі ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналыстарын өткізеді;
Тармақша 16
16) педагогтер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;
Тармақша 17
17) мектепке дейінгі ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 18
18) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
Тармақ 17
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады. Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
Тармақ 18
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
Тармақ 19
19. Осы мектепке дейінгі ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектепке дейінгі ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
Тармақ 26
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды. Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 28
28. Мектепке дейінгі ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
Тармақ 29
29. Мектепке дейінгі ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
Тармақша 2
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектепке дейінгі ұйым үшін – екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
Тармақ 30
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдауға;
Тармақша 2
2) мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
Тармақша 3
3) дарынды балаларды қолдауға;
Тармақша 4
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 31
31. Мектепке дейінгі ұйым жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы мектепке дейінгі ұйымның интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Осы кеңестің қызметі шеңберінде Қамқоршылық кеңес мүшесі алған, дербес деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын ақпарат үшінші адамдарғаға ашылмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Тармақ 33
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
Тармақша 1
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) мектепке дейінгі ұйымды тарату, қайта ұйымдастыру кезінде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
Тармақша 1
1) жеке бастама бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
Тармақша 2
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Басқа 2. Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 2-қосымша Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң (бұдан әрi - Қамқоршылық кеңес) қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымы) дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) еріктілік;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) жариялылық пен шынайылық.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтады;
Тармақша 2
2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша дауыс беру құқығымен оның отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымның қызметіне, оның ішінде білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қамқоршылық кеңестің құзыреті шегінде білім беру ұйымы әкімшілігінен қажетті ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді оның отырыстарында қарастыруды бастамашылық жасайды;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымды дамытуға бағытталған жобаларды, іс-шараларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) Қамқоршылық кеңестің мүддесін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтайды;
Тармақша 10
10) жүктелген функцияларды адал және объективті түрде орындайды;
Тармақша 11
11) Қамқоршылық кеңестің және білім беру ұйымның беделін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 12
12) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге және оның бар екендігі туралы Қамқоршылық кеңесті хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Тармақ 9
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінім (еркін түрде);
Тармақша 2
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Тармақша 4
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына:
Тармақша 1
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
Тармақша 2
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
Тармақша 5
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 7
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Тармақ 11
11. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды білім беру ұйымдары ұсынады және олар ата-аналар қауымдастығының жалпы жиналысында (бұдан әрі – жиналыс) төмендегі ұсыну тәртібі бойынша іріктеуден өтеді:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының әкімшілігі жиналыс өткізілетін күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ата-аналарға (заңды өкілдерге) жиналыстың күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген жазбаша немесе электрондық хабарламалар жібереді. Сонымен қатар, хабарландыру білім беру ұйымының ақпараттық стендіне және/немесе ресми интернет-ресурсына орналастырылады;
Тармақша 2
2) осы білім беру ұйымының білім алушыларының ата-аналары (заңды өкілдері) әр параллел сыныптарынан 1 (бір) кандидатурадан артық ұсынбайды. Кандидатуралар жиналыста ауызша не алдын ала білім беру ұйымы басшысының атына кандидаттың келісімі көрсетілген жазбаша түрде ұсынылады. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар жиналыс барысында өз кандидатурасын өз бетінше ұсынуға құқылы;
Тармақша 3
3) ұсынылған әрбір кандидат жиналыста өзін қысқаша таныстырып, өзінің тәжірибесі мен Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуға деген мотивациясы туралы айтып береді;
Тармақша 4
4) ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің жиналыстағы дауыс беруі ашық немесе жабық түрде өткізіледі (қатысушылардың көпшілігінің шешімі бойынша анықталады). Парралел сыныбы атынан түскен ең көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Тармақша 5
5) дауыс беру нәтижелері (еркін нысандағы) хаттамамен рәсімделеді, хаттамаға жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттар қоса тіркеледі;
Тармақша 6
6) сайланған кандидаттардың тізімі (әр жас тобы бойынша бір кандидаттан) құжаттардың толық топтамасымен бірге тиісті саладағы уәкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жиналыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 11-1
11-1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы кандидаттардың ұсынған құжаттары көрсетілген жиынтық тізімді (еркін нысанда) қалыптастырып, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне береді.
Тармақ 12
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлерді іріктеу кезінде білімінің болуы, кәсіби білімі, құзыреттілігі, іскерлік беделі ескеріледі. Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 12-1
12-1. Комиссия кандидатураларды қарау бойынша отырысты екі кезеңде өткізеді:
Тармақша 1
1) алдын ала тексеру – ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) ашық талқылау және дауыс беру – кандидаттар туралы қысқаша сипаттамаларды тыңдау (қажет болған жағдайда – олардың жеке қатысуы немесе қашықтан қосылуы), Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, содан кейін әрбір кандидатура бойынша дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 12-2
12-2. Дауыс беру ашық түрде, аты-жөні көрсетілген тізім бойынша жүргізіледі және нәтижесі хаттамада тіркеледі. Комиссияның әрбір мүшесіне кандидатқа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Кандидат Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда сайланды деп есептеледі. Бір санаттағы кандидаттар саны (осы Ереженің 10-тармағына сәйкес) белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланды деп танылады.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
Тармақ 14
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
Тармақша 2
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымы таңдаған оқу жылының басталуы мен аяқталуының баламалы мерзімдерін келіседі;
Тармақша 6
6) білім беру ұйымының эксперименттік білім беру бағдарламаларын келіседі;
Тармақша 7
7) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
Тармақша 8
8) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 9
9) жыл ішінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына және «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, оқу және сауықтыру орталығына жіберілген білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
Тармақша 10
10) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
Тармақша 11
11) санитарлық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақ өнімдерінің сапасына, ішу режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
Тармақша 13
13) қиын өмірлік жағдайдағы білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
Тармақша 14
14) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 15
15) білім беру ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 16
16) білім алушылардан және ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден жасырын сұрау арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне оқу жылы ішінде 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 17
17) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 18
18) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 19
19) педагогикалық ұжымға білім алушылардың отбасыларымен жұмысты жүзеге асыруға жәрдемдеседі, білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп, жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді;
Тармақша 20
20) білім беру ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі;
Тармақша 21
21) оқушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
Тармақша 22
22) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
Тармақша 23
23) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
Тармақ 17
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады. Интернет-ресурстағы ақпаратта отырыстың өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
Тармақ 19
19. Осы білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және білім беру ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
Тармақ 26
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды. Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 28
28. Білім беру ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
Тармақ 29
29. Білім беру ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
Тармақша 2
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымы үшін - екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
Тармақ 30
30. Қайырымдылық көмектен түскен қаражат мынадай мақсаттарға жұмсалады:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдауға;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
Тармақша 3
3) дарынды балаларды қолдауға;
Тармақша 4
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
Тармақ 31
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Тармақ 33
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
Тармақша 1
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
Тармақша 1
1) жеке бастама бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
Тармақша 2
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Басқа 3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 3-қосымша Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң (бұдан әрi – Қамқоршылық кеңес) қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ТжКБ ұйымы) дамуына ықпал ететін және ТжКБ ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) еріктілік;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) жариялылық пен шынайылық.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтады;
Тармақша 2
2) өз қызметін ТжКБ білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша дауыс беру құқығымен оның отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) ТжКБ ұйымының қызметіне, оның ішінде білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қамқоршылық кеңестің құзыреті шегінде ТжКБ ұйымы әкімшілігінен қажетті ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді оның отырыстарында қарастыруды бастамашылық жасайды;
Тармақша 7
7) ТжКБ ұйымды дамытуға бағытталған жобаларды, іс-шараларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) Қамқоршылық кеңестің мүддесін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтайды;
Тармақша 10
10) жүктелген функцияларды адал және объективті түрде орындайды;
Тармақша 11
11) Қамқоршылық кеңестің және білім беру ұйымның беделін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 12
12) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге және оның бар екендігі туралы Қамқоршылық кеңесті хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Тармақ 9
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінім (еркін түрде);
Тармақша 2
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Тармақша 4
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 11
11. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды ТжКБ ұйымдары ұсынады және олар ата-аналар қауымдастығының жалпы жиналысында (бұдан әрі – жиналыс) төмендегі ұсыну тәртібі бойынша іріктеуден өтеді:
Тармақша 1
1) ТжКБ ұйымының әкімшілігі жиналыс өткізілетін күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ата-аналарға (заңды өкілдерге) жиналыстың күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген жазбаша немесе электрондық хабарламалар жібереді. Сонымен қатар, хабарландыру білім беру ұйымның ақпараттық стендіне және/немесе ресми интернет-ресурсына орналастырылады;
Тармақша 2
2) аталған ТжКБ білім алушыларының ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері әр курс бойынша 1 (бір) кандидатурадан артық емес ұсына алады. Кандидатуралар жиналыста ауызша не алдын ала ТжКБ ұйымы басшысының атына кандидаттың келісімі көрсетілген жазбаша түрде ұсынылады. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар жиналыс барысында өз кандидатурасын өз бетінше ұсынуға құқылы;
Тармақша 3
3) ұсынылған әрбір кандидат жиналыста өзін қысқаша таныстырып, өзінің тәжірибесі мен Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуға деген мотивациясы туралы айтып береді;
Тармақша 4
4) ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің жиналыстағы дауыс беруі ашық немесе жабық түрде өткізіледі (қатысушылардың көпшілігінің шешімі бойынша анықталады). Парралел тобы атынан түскен ең көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Тармақша 5
5) дауыс беру нәтижелері (еркін нысандағы) хаттамамен рәсімделеді, хаттамаға жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттар қоса тіркеледі;
Тармақша 6
6) сайланған кандидаттардың тізімі (әр жас тобы бойынша бір кандидаттан) құжаттардың толық топтамасымен бірге тиісті саладағы уәкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жиналыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 11-1
11-1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы кандидаттардың ұсынған құжаттары көрсетілген жиынтық тізімді (еркін нысанда) қалыптастырып, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне береді.
Тармақ 12
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 12-1
12-1. Комиссия кандидатураларды қарау бойынша отырысты екі кезеңде өткізеді:
Тармақша 1
1) алдын ала тексеру – ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) ашық талқылау және дауыс беру – кандидаттар туралы қысқаша сипаттамаларды тыңдау (қажет болған жағдайда – олардың жеке қатысуы немесе қашықтан қосылуы), Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, содан кейін әрбір кандидатура бойынша дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 12-2
12-2. Дауыс беру ашық түрде, аты-жөні көрсетілген тізім бойынша жүргізіледі және нәтижесі хаттамада тіркеледі. Комиссияның әрбір мүшесіне кандидатқа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Кандидат Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда сайланды деп есептеледі. Бір санаттағы кандидаттар саны (осы Ереженің 10-тармағына сәйкес) белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланды деп танылады.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және ТжКБ ұйымдарында орналастырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
Тармақ 14
14. ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
Тармақша 1
1) ТжКБ ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
Тармақша 2
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған ТжКБ ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) ТжКБ ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) ТжКБ ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 5
5) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) ТжКБ ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
Тармақша 6
6) ТжКБ ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 7
7) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
Тармақша 8
8) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ТжКБ басшысының ТжКБ ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
Тармақша 10
10) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін ТжКБ ұйымының шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылайды;\
Тармақша 11
11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 12
12) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 13
13) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы ТжКБ ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 14
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
Тармақша 15
15) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
Тармақша 16
16) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
Тармақша 17
17) ТжКБ ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
Тармақша 18
18) талантты жастарды қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 19
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
Тармақ 17
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында орналастырады. Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
Тармақ 18
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
Тармақ 19
19. Осы ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. ТжКБ ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және ТжКБ ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
Тармақ 26
26. ТжКБ ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды. Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы ТжКБ ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 28
28. ТжКБ ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
Тармақ 29
29. ТжКБ ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ТжКБ ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
Тармақша 2
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған ТжКБ ұйымы үшін - екінші деңгейдегі банкте ашылған шотқа аударылады.
Тармақ 35
35. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
Тармақша 1
1) ТжКБ ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдау;
Тармақша 2
2) ТжКБ ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
Тармақша 3
3) дарынды балаларды қолдау;
Тармақша 4
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
Тармақ 31
31. ТжКБ ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
Тарау 5. 5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Тармақ 33
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
Тармақша 1
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) ТжКБ ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
Тармақша 1
1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
Тармақша 2
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Басқа 4. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 4-қосымша Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі –Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес балаларға арналған мектептен тыс қосымша білім беру ұйымын (бұдан әрі – Мектептен тыс ұйым) басқарудың алқалы органы ретінде оның дамуына жәрдемдесетін және мектептен тыс ұйымның қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) еріктілік;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) жариялылық пен шынайылық.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтады;
Тармақша 2
2) өз қызметін мектептен тыс ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша дауыс беру құқығымен оның отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) мектептен тыс ұйымның қызметіне, оның ішінде білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қамқоршылық кеңестің құзыреті шегінде мектептен тыс ұйымы әкімшілігінен қажетті ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді оның отырыстарында қарастыруды бастамашылық жасайды;
Тармақша 7
7) мектепкен тыс ұйымды дамытуға бағытталған жобаларды, іс-шараларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) Қамқоршылық кеңестің мүддесін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтайды;
Тармақша 10
10) жүктелген функцияларды адал және объективті түрде орындайды;
Тармақша 11
11) Қамқоршылық кеңестің және мектепке дейінгі ұйымның беделін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 12
12) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге және оның бар екендігі туралы Қамқоршылық кеңесті хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңесті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Тармақ 9
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінім (еркін түрде);
Тармақша 2
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Тармақша 4
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) мектептен тыс ұйым білім алушыларының ата-аналары немесе заңды өкілдері – кемінде 3 адам;
Тармақша 2
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
Тармақша 5
5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 7
7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Тармақ 11
11. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды мектептен тыс ұйымдары ұсынады және олар ата-аналар қауымдастығының жалпы жиналысында (бұдан әрі – жиналыс) төмендегі ұсыну тәртібі бойынша іріктеуден өтеді:
Тармақша 1
1) мектептен тыс ұйымының әкімшілігі жиналыс өткізілетін күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ата-аналарға (заңды өкілдерге) жиналыстың күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген жазбаша немесе электрондық хабарламалар жібереді. Сонымен қатар, хабарландыру білім беру ұйымның ақпараттық стендіне және/немесе ресми интернет-ресурсына орналастырылады;
Тармақша 2
2) осы мектептен тыс ұйымының білім алушыларының ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері әр жас тобынан 1 (бір) кандидатурадан артық ұсынбайды. Кандидатуралар жиналыста ауызша не алдын ала мектептен тыс ұйымы басшысының атына кандидаттың келісімі көрсетілген жазбаша түрде ұсынылады. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар жиналыс барысында өз кандидатурасын өз бетінше ұсынуға құқылы;
Тармақша 3
3) ұсынылған әрбір кандидат жиналыста өзін қысқаша таныстырып, өзінің тәжірибесі мен Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуға деген мотивациясы туралы айтып береді;
Тармақша 4
4) ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің жиналыстағы дауыс беруі ашық немесе жабық түрде өткізіледі (қатысушылардың көпшілігінің шешімі бойынша анықталады). Параллел сыныбы атынан түскен ең көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі;
Тармақша 5
5) дауыс беру нәтижелері (еркін нысандағы) хаттамамен рәсімделеді, хаттамаға жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттар қоса тіркеледі;
Тармақша 6
6) сайланған кандидаттардың тізімі (әр жас тобы бойынша бір кандидаттан) құжаттардың толық топтамасымен бірге тиісті саладағы уәкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жиналыс өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 11-1
11-1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы кандидаттардың ұсынған құжаттары көрсетілген жиынтық тізімді (еркін нысанда) қалыптастырып, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне береді.
Тармақ 12
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде кандидаттар ұсынған құжаттарды қарайды, кандидаттың осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 12-1
12-1. Комиссия кандидатураларды қарау бойынша отырысты екі кезеңде өткізеді:
Тармақша 1
1) алдын ала тексеру – ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) ашық талқылау және дауыс беру – кандидаттар туралы қысқаша сипаттамаларды тыңдау (қажет болған жағдайда – олардың жеке қатысуы немесе қашықтан қосылуы), Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, содан кейін әрбір кандидатура бойынша дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 12-2
12-2. Дауыс беру ашық түрде, аты-жөні көрсетілген тізім бойынша жүргізіледі және нәтижесі хаттамада тіркеледі. Комиссияның әрбір мүшесіне кандидатқа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Кандидат Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда сайланды деп есептеледі. Бір санаттағы кандидаттар саны (осы Ереженің 10-тармағына сәйкес) белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланды деп танылады.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.
Тарау 3. 3- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
3- тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
Тармақ 14
14. Мектептен тыс ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
Тармақша 1
1) мектептен тыс ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 2
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған мектептен тыс ұйымның жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) мектептен тыс Ұйымның бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 5
5) мектептен тыс ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады және демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдаланудың бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде оның нысаналы жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 6
6) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
Тармақша 7
7) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың, тамақтану сапасының, ауыз су режимінің сақталуына, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) мектептен тыс ұйым басшысының мектептен тыс ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
Тармақша 9
9) қиын өмірлік жағдайға тап болған білім алушыларға қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін мектептен тыс ұйымның шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
Тармақша 11
11) мектептен тыс ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) білім алушыларына және ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы мектептен тыс ұйымның оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 13
13) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында жұмыспен қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 14
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
Тармақша 15
15) педагогикалық ұжымға оқушылардың отбасымен жұмыс істеуге жәрдемдеседі және қажет болған жағдайда мектептен тыс ұйымның әкімшілігімен бірлесіп жалпы ата-аналар жиналысын өткізеді.
Тармақша 16
16) мектептен тыс ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
Тармақша 17
17) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
Тармақша 18
18) мектептен тыс ұйым қызметінің мәселелері бойынша мәдени, сауықтыру іс-шараларын, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге жәрдемдеседі.
Тармақша 19
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4- тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
Тармақ 17
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады. Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
Тармақ 18
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
Тармақ 19
19. Осы ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Мектептен тыс ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
Тармақ 26
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан Келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды. Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы мектептен тыс ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 28
28. Мектептен тыс ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
Тармақ 29
29. Мектептен тыс ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған мектептен тыс ұйымдар үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;
Тармақша 2
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған мектептен тыс ұйымы үшін - екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.
Тармақ 30
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға:
Тармақша 1
1) мектептен тыс ұйымның білім алушыларына әлеуметтік қолдау;
Тармақша 2
2) мектептен тыс ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
Тармақша 3
3) дарынды балаларды қолдау;
Тармақша 4
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 31
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
Тарау 5. 5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
5 - тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Тармақ 33
33. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:
Тармақша 1
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) мектептен тыс ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған кезде;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі өткеннен кейін;
Тармақша 4
4) Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің құрамынан:
Тармақша 1
1) жеке бастамасы бойынша (Кеңес төрағасының атына еркін түрдегі жазбаша өтініш негізінде);
Тармақша 2
2) кеңес отырыстарында дәлелсіз себептермен жыл ішінде үш реттен артық болмау себебінен шығарылады.
Басқа 5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына 5-қосымша Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі (бұдан әрі-Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңестің (бұдан әрі – Қамқоршылық кеңес) қызметін ұйымдастыру және оның сайлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымын (бұдан әрі-білім беру ұйымы) оның дамуына жәрдемдесетін және білім беру ұйымының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) еріктілік;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) жариялылық пен шынайылық.
Тармақ 3
3. Қамқоршылық кеңестің мүшелері өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтады;
Тармақша 2
2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша дауыс беру құқығымен оның отырыстарына қатысады;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымның қызметіне, оның ішінде білім беру үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қамқоршылық кеңестің құзыреті шегінде білім беру ұйымы әкімшілігінен қажетті ақпаратты алады;
Тармақша 6
6) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді оның отырыстарында қарастыруды бастамашылық жасайды;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымды дамытуға бағытталған жобаларды, іс-шараларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) Қамқоршылық кеңестің мүддесін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда білдіруге құқылы;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженің талаптарын сақтайды;
Тармақша 10
10) жүктелген функцияларды адал және объективті түрде орындайды;
Тармақша 11
11) Қамқоршылық кеңестің және мектепке дейінгі ұйымның беделін арттыруға ықпал етеді;
Тармақша 12
12) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысына жол бермеуге және оның бар екендігі туралы Қамқоршылық кеңесті хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі
Тармақ 4
4. Қамқоршылық кеңесті білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) сайлайды. Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Қамқоршылық кеңес мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды. Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады. Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 7
7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
Тармақ 8
8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
Тармақ 9
9. Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) өтінім (еркін түрде);
Тармақша 2
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
Тармақша 4
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар. Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10
10. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының әкімшілік аумағында орналасқан қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері-1 адам;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері - кемінде 3 адам. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қамқоршылық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілдік органдарының өкілдері – 1 адам;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың өкілдері – 1 адам;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органдарының өкілдері – 1 адам;
Тармақша 6
6) бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 7
7) республикалық немесе жергілікті қоғамдық кеңестің өкілі-1 адам;
Тармақша 8
8) Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы (бар болса) – 1 адам;
Тармақша 9
9) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
Тармақша 10
10) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі (бар болса) – 1-2 адам;
Тармақша 11
11) тәрбиеленушілердің өзін – өзі басқару органдарының өкілдері – 1 адам.
Тармақ 11
11. Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды білім беру ұйымдары ұсынады және олар ата-аналар қауымдастығының жалпы жиналысында (бұдан әрі – жиналыс) төмендегі ұсыну тәртібі бойынша іріктеуден өтеді:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымының әкімшілігі жиналыс өткізілетін күннен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын педагогтер мен кандидаттарға жиналыстың күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген жазбаша немесе электрондық хабарламалар жібереді. Сонымен қатар, хабарландыру білім беру ұйымның ақпараттық стендіне және/немесе ресми интернет-ресурсына орналастырылады;
Тармақша 2
2) кандидаттар педагогтар тарапынан педагогикалық кеңесте ауызша немесе алдын ала ұйым басшысының атына жазбаша түрде, кандидаттардің келісімі көрсетілген түрде ұсынылады. Қамқоршылық кеңесінің жұмысына жеке тұлға ретінде қатысқысы келетін азаматтар педагогикалық кеңестің барысында өз кандидатурасын өз бетінше ұсынуға құқылы;
Тармақша 3
3) ұсынылған әрбір кандидат жиналыста өзін қысқаша таныстырып, өзінің тәжірибесі мен Қамқоршылық кеңестің жұмысына қатысуға деген мотивациясы туралы айтып береді;
Тармақша 4
4) педагогтердің педагогикалық кеңестегі дауыс беруі ашық немесе жабық түрде өткізіледі (қатысушылардың көпшілігінің шешімі бойынша анықталады). Ең көп дауыс жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
Тармақша 5
5) дауыс беру нәтижелері (еркін нысандағы) хаттамамен рәсімделеді, хаттамаға жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қояды. Хаттамаға осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттар қоса тіркеледі;
Тармақша 6
6) сайланған кандидаттардың тізімі құжаттардың толық топтамасымен бірге тиісті саладағы уәкілетті органға немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға педагогикалық кеңес өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 11-1
11-1. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы кандидаттардың ұсынған құжаттары көрсетілген жиынтық тізімді (еркін нысанда) қалыптастырып, оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне береді.
Тармақ 12
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 9, 10, және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді. Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
Тармақ 12-1
12-1. Комиссия кандидатураларды қарау бойынша отырысты екі кезеңде өткізеді:
Тармақша 1
1) алдын ала тексеру – ұсынылған құжаттардың толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);
Тармақша 2
2) ашық талқылау және дауыс беру – кандидаттар туралы қысқаша сипаттамаларды тыңдау (қажет болған жағдайда – олардың жеке қатысуы немесе қашықтан қосылуы), Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беру, содан кейін әрбір кандидатура бойынша дауыс беру өткізіледі.
Тармақ 12-2
12-2. Дауыс беру ашық түрде, аты-жөні көрсетілген тізім бойынша жүргізіледі және нәтижесі хаттамада тіркеледі. Комиссияның әрбір мүшесіне кандидатқа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс беру мүмкіндігі беріледі. Кандидат Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі дауыс берген жағдайда сайланды деп есептеледі. Бір санаттағы кандидаттар саны (осы Ереженің 10-тармағына сәйкес) белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда, ең көп дауыс жинаған кандидаттар сайланды деп танылады.
Тармақ 13
13. Қамқоршылық кеңестің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және мектептен тыс ұйымында орналастырылады.
Тарау 3. 3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
3 - тарау. Қамқоршылық кеңестің функциялары
Тармақ 14
14. Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
Тармақша 2
2) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған білім беру ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) білім беру ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
Тармақша 5
5) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) білім беру ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
Тармақша 6
6) тиісті деңгейдегі уәкілетті органның аттестаттау комиссиясына біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттаудан өтуге оның жұмысының қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысына ұсыным хат ұсынады;
Тармақша 7
7) білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
Тармақша 8
8) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг жүргізеді;
Тармақша 9
9) тәрбиеленушіні білім беру ұйымынан басқа білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымға ауыстыруды келіседі;
Тармақша 10
10) жазғы демалыс кезінде жазғы сауықтыру лагерьлерінде болу шарттарын, «Балдәурен» республикалық білім беру орталығына және «Бөбек» ұлттық ғылыми-білім беру орталығына жіберілетін білім алушыларға үміткерлердің тізімдерін келіседі;
Тармақша 11
11) тәрбиеленушілерді психологиялық және құқықтық қолдауға, олардың отбасылық орналасуына, асырап алушы ата-аналарды сүйемелдеуге және білім беру ұйымының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеуге жәрдемдеседі;
Тармақша 12
12) білім беру ұйымы жанынан құрылған Асырап алушы ата-аналар мектебімен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 13
13) білім беру ұйымының санитариялық-гигиеналық жағдайларының сапасына, тамақтанудың сапасына, киім-кешектің, дәрілік препараттардың, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуын, олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) тәрбиеленушілерге қатысты тәлімгерлік практикасын дамытуға жәрдемдеседі;
Тармақша 16
16) тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін білім беру ұйымдарының шотына түскен демеушілік қаражаттың жұмсалуын бақылайды;
Тармақша 17
17) білім беру ұйымы әкімшілігінің тәрбиеленушілер арасында құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың, нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің, қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу жөніндегі қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 18
18) тәрбиеленушілер арасында тәртіпті нығайтуға жәрдемдеседі;
Тармақша 19
19) білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілдерімен және туыстарымен өзара іс-қимыл жасайды және білім беру ұйымында туындаған жанжалдарды шешуге жәрдемдеседі;
Тармақша 20
20) білім беру ұйымы әкімшілігінің қызметіне тәрбиеленушілерге оқыту, тәрбиелеу, емдеу, әлеуметтік бейімдеу, оңалту және қоғамға ықпалдасу үшін жағдайлар жасауда жәрдемдеседі;
Тармақша 21
21) білім беру ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) тәрбиеленушілерден және олардың заңды өкілдерінен анонимді сауалнама жүргізу арқылы білім беру ұйымындағы білім алушылардың тұрмыс жағдайлары мен білім алуына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 23
23) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім беру ұйымдарының мүдделері бойынша үйірмелерде және спорт секцияларында қамтылуына жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
Тармақша 24
24) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды.
Тармақша 25
25) білім беру ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
Тармақша 26
26) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарады.
Тармақ 15
15. Қамқоршылық кеңестің қызметі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің үлгілік жұмыс жоспары негізінде әзірленген оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4 - тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 16
16. Қамқоршылық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
Тармақ 17
17. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырады. Интернет-ресурстағы ақпаратта отырыстың өткізу күні, уақыты және орны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
Тармақ 19
19. Осы білім беру ұйымның Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Білім беру ұйым қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 22
22. Егер отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
Тармақ 23
23. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы не Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
Тармақ 25
25. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және мектептен тыс ұйымның басшысына келісуге енгізіледі.
Тармақ 26
26. Білім беру ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі. Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісім комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімнің ережелерін қарайды. Келісім комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңестің хатшысы білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 28
28. Білім беру ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
Тармақ 29
29. Білім беру ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
Тармақша 2
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған білім беру ұйымы үшін-екінші деңгейдегі банкте ашылған шотына аударылады.
Тармақ 30
30. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мына мақсаттарға:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымның тәрбиеленушілеріне әлеуметтік қолдау;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымның материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
Тармақша 3
3) дарынды балаларды қолдау;
Тармақша 4
4) пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 31
31. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындылары бойынша осы білім беру ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы ата-аналар қоғамдастығын өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.