Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Ордабасынского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №333 қаулысына қосымша
Басқа 5. Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар № Ауыл округінің атауы Орналасқан орны 1 Қараспан ауыл округі Қараспан елді мекені, С.Байболатов және Ш.Бимырза көшелерінің қиылысы 2 Бөржар ауыл округі Ұялыжар елді мекені, Төлеби және Ж.Жабаев көшелерінің қиылысы 3 Жеңіс ауыл округі Жеңіс елді мекені, С.Қожанов көшесінің бойы 4 Бөген ауыл округі Бөген елді мекені, Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы «Жетібай А» наубайханасы мен «Қарабала» шаруақожалығы ғимаратының арасы 5 Бадам ауыл округі Бадам елді мекені, Т.Қабылұлы көшесінің бойы 6 Төрткүл ауыл округі Төрткүл елді мекені, Самара –Шымкент М-32 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы 7 Шұбар ауыл округі Шұбар елді мекені, Райымбек батыр көшесінің бойы 8 Қарақұм ауыл округі Қарақұм елді мекені, Қажымұқан және М.Маметова көшелерінің қиылысы 9 Шұбарсу ауыл округі Шұбарсу елді мекені, Д.Қонаев көшесінің бойы 10 Қажымұхан ауыл округі Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесінің бойы