Об утверждении образцов профессионального диплома, подтверждения профессионального диплома, Правил дипломирования моряков Қолданыста
Басқа 0
Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге
диплом беру қағидаларын бекiту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом үлгісі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіби диплом растамасының үлгісі;
Тармақша 3
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес теңізшілерге диплом беру қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Кәсіби дипломның, кәсіби диплом растамаларының үлгілерін, кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамаларын, жеңілдік рұқсаттарын беру, қолданылу мерзімін тоқтата тұру, оларды алып қою қағидаларын, сондай-ақ кеме экипажының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 421 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12283 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
________________ Р. Дәленов
2017 жылғы 28 шілде
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
1-қосымша
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН ДИПЛОМ
________________________________________________________________
________________________________________________________________ жоғарыда көрсетілген түзетулерімен, Конвенция ______ қағидасының ережелеріне сәйкес тиісті біліктілігі барын және __________________ дейін кез келген көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға қабілеттілігін куәландырады:
CERTIFICATE ISSUED UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
_________________________________ certifies that __________________ ____________________________________________________ has been found duly qualified in accordance with the _________ provisions of Regulation ______ of the above Convention, as amended, and has been found competent to perform the following functions at the level specified, subject to any limitations indicated until _______________:
Дипломның иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз жасақтауға қойылатын Қазақстан Республикасының талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда жұмыс істей алады:
The lawful holder of this Certificate may serve in the following capacity or capacities specified in the safe manning requirements of the Republic of Kazakhstan:
Диплом / Сertificate № __________
Дипломды беру күні /
Date of issue ______________
Мөр орны / Official Seal _____________
Диплом иесінің суреті /
Photograph of the holder
of the certificate
Уәкілетті адамның қолы /
Signature of duly authorized person
________________________________
Уәкілетті адамның тегі /
Name of duly authorized person
Осы дипломның түпнұсқасы Конвенция I/2 ережесінің 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
The original of this certificate must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 11 of the Convention while its holder is serving on a ship.
Диплом иесінің туған күні /
Date of birth of the holder of the certificate ____________________
Диплом иесінің қолы /
Signature of the holder of the certificate ____________________
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
2-қосымша
ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН, 1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМ БЕРУ ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМ ТАНУЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАМА
____________________________________________________________________
берген № _________ дипломды __________________ дейін, жоғарыда көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 қағидасына сәйкес танитынын куәландырады, бұл ретте оның иесіне көрсетілген шектеулерді ескере отырып, көрсетілген деңгейлерде төмендегі функцияларды орындауға рұқсат етіледі:
ENDORSEMENT ATTESTING THE RECOGNITION OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND WATCHKEEPING FOR SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
_________________ certifies that certificate No. ____________ issued to ________________________ by __________________ is recognized in accordance with the provisions of regulation i/10 of the above Convention, as amended, and its holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified, subject to limitations indicated until _______________:
Осы растаманың иесі кемелерді экипаждармен қауіпсіз топтауға қойылатын талаптарында көрсетілген мынадай лауазымда немесе лауазымдарда қызмет ете алады:
The holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the applicable safe manning requirements:
Растама / Endorsement № _____________
Беру күні / Date of issue ______________
Мөр орны / Official Seal _____________
Растама иесінің суреті
Photograph of the holder
of the certificate
Уәкілетті адамның қолы /
Signature of duly authorized official
________________________________
Уәкілетті адамның тегі/
Name of duly authorized official
Осы растаманың түпнұсқасы Конвенция I/2 Қағидасының 11-тармағына сәйкес кемеде, онда оның иесі жұмыс істегенше болуы тиіс.
The original of this endorsement must be kept available in accordance with regulation I/2, paragraph 11, of the Convention while its holder is serving on a ship.
Растама иесінің туған күні / Date of birth of the holder of the certificate ______________
Растама иесінің қолы / Signature of the holder of the certificate ___________________
Басқа 3. Теңізшілерге диплом беру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 504 бұйрығына
3-қосымша
Теңізшілерге диплом беру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Теңізшілерге диплом беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-3) тармақшасына және 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – ТДВА) сәйкес әзірленді және теңізшілерге диплом беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар әскери-теңіз флоты, балық аулауға арналған кемелер, коммерциялық мақсаттарда пайдаланбайтын серуендік яхталар, қарапайым пішінді ағаш кемелер экипаждарының қазіргі мүшелерінен басқа сауда мақсатында теңізде жүзетін кемелерінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуге үміттенген Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға, бейінді әскери-теңіз білімі бар запасқа (отставкаға) шығарылған әскери қызметшілерге қолданылады.
Тармақ 3
3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) аға механик – қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты, лауазымы бойынша аға механик;
Тармақша 2
2) басқару құрамының адамы – капитан болып табылмайтын, басқару лауазымдағы экипаж мүшесі;
Тармақша 3
3) екінші механик – аға механик қабілетсіз болған жағдайда жауапкершілікті жүктей алмайтын қозғалтқыш қондырғысы, сондай-ақ кемедегі механикалық және электр қондырғыларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты лауазым бойынша аға механиктен кейінгі механик;
Тармақша 4
4) жеңілдік рұқсаты – кеме экипажының мүшесіне тиісті кәсіби дипломында көрсетілмеген лауазымды атқаруға 6 айдан аспайтын мерзімге рұқсат ететін құжат;
Тармақша 5
5) жүзу өтілі – сауда мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелерінде, сондай-ақ сауда мақсатында пайдаланылатын теңіз кемелері экипажы мүшелерінің міндеттеріне баламалы орындалатын функциялары мен атқаратын лауазымдары құжаттамалық расталған жағдайда, және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде міндеттерді орындау кезеңі;
Тармақша 6
6) капитан – кемені басқаратын адам;
Тармақша 7
7) капитанның аға көмекшісі – лауазымы бойынша капитаннан кейінгі, капитан кемені басқаруға қабілетсіз болған жағдайда оған кемені басқару жүктелетін басқару құрамының адамы;
Тармақша 8
8) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом;
Тармақша 9
9) кәсіби диплом растамасы – шетелдік кәсіби дипломды танитынын немесе кәсіби дипломның берілуін куәландыратын құжат (қатардағы құрамның дипломдарын қоспағанда);
Тармақша 10
10) қатардағы құрамның адамы – капитан немесе басқару құрамының адамы болып табылмайтын кеме экипажының мүшесі;
Тармақша 11
11) радиооператор – Электрбайланыс халықаралық одағы 1995 жылы Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында қабылданған Радиобайланыс регламентінің (бұдан әрі – Радиобайланыс регламенті) негізінде берілген немесе танылатын тиісті дипломы бар адам;
Тармақша 12
12) теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі – кәсіби диплом болып табылмайтын ТДВА талаптары орындалғанын растайтын теңізшіге берілген құжат;
Тармақша 13
13) Теңіз портының әкімшілігі – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
Тармақша 14
14) теңізші – теңіз кемесі экипажының мүшесі;
Тармақша 15
15) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 16
16) электромеханик – ТДВА III/6 ережесіне сәйкес біліктілігі бар басшы құрамның адамы.
Тармақ 4
4. Кәсіби дипломды, кәсіби диплом растамасын, жеңілдік рұқсатты мемлекеттік және ағылшын тілдерінде Порттың теңіз әкімшілігі береді.
Тармақ 5
5. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасы, жеңілдік рұқсаты 18 жастан жас емес тұлғаларға беріледі.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адамдар үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі 5 жыл құрайды.
Кәсіби дипломның растамасы кәсіби дипломның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күшін жояды және кәсіби дипломсыз жарамсыз болып табылады.
Қатардағы құрам үшін кәсіби дипломның қолданылу мерзімі жоқ.
Капитанның немесе басқару құрам тұлғасының алғашқы кәсіби дипломды алу үшін жүзу өтілі жалпы сыйымдылығы немесе бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты аталған кәсіби дипломда көрсетілген кемелерде жиналады.
Тармақ 7
7. Кәсіби дипломның иесіне қызмет етуге рұқсат етілетін лауазым кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда пайдаланатындарға ұқсас терминдерде ТДВА сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Кәсіби дипломдар және кәсіби диплом растамалары кеме экипажының мынадай мүшелеріне беріледі:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі;
Тармақша 3
3) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі;
Тармақша 4
4) жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны;
Тармақша 5
5) жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны;
Тармақша 6
6) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі;
Тармақша 7
7) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны;
Тармақша 8
8) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі;
Тармақша 9
9) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі;
Тармақша 10
10) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі;
Тармақша 11
11) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі;
Тармақша 12
12) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі;
Тармақша 13
13) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі;
Тармақша 14
14) Апат кезінде және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін байланыстың жаһандық теңіз жүйесінің (бұдан әрі – ҚБЖТЖ) жүзуі шектелген ауданның радиооператоры;
Тармақша 15
15) ҚБЖТЖ радиооператоры.
Тармақ 9
9. Кәсіби дипломдар қатардағы құрамның мынадай тұлғаларына беріледі:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матрос;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матрос;
Тармақша 3
3) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы моторист;
Тармақша 4
4) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы моторист;
Тармақша 5
5) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электригі.
Тармақ 10
10. Тізбесі және нысандары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 362 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11173 болып тіркелген) бекітілген теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктері кеменің мынадай түрлерінде жұмыс істейтін теңізшілерде:
Тармақша 1
1) мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушылары;
Тармақша 2
2) жолаушылар кемелері;
Тармақша 3
3) Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға, түзетулеріне, (бұдан әрі – СОЛАС конвенциясы) сәйкес тұтанудың төмен температурасымен отынында жұмыс істейтін кемелер;
Тармақша 4
4) СОЛАС конвенциясына сәйкес поляр суларында пайдаланатын кемелер;
Тармақша 5
5) СОЛАС конвенциясына сәйкес жоғары жылдамдықтағы кемелер.
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларында жұмыс істейтін капитандар мен басшы құрамы адамдарының кәсіби дипломдарында теңіз көлігі мамандарын даярлаудың тиісті куәліктерінің растамалары болады.
Барлық теңізшілерде теңіз көлігі мамандарын даярлаудың мынадай куәліктері:
Тармақша 1
1) «Бастапқы даярлау»;
Тармақша 2
2) «Кемені күзету туралы хабардарлық саласындағы даярлау» немесе «Күзет мәселелері бойынша тағайындалған міндеттер саласындағы даярлау».
Палуба командасының кәсіби дипломын алуға барлық кандидаттарда:
Тармақша 1
1) ҚБЖТЖ радиооператорының немесе ҚБЖТЖ шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломы;
Тармақша 2
2) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес радиолокациялық станцияны пайдалану бойынша дайындық;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес автоматты радиолокациялық төсем жүйесін (бұдан әрі – АРКЖ) пайдалану бойынша дайындық (кәсіби диплом болмаған жағдайда «АРКЖ-сыз» шектеуімен беріледі);
Тармақша 4
4) ТДВА кодексінің A-II/1 бөліміне сәйкес электрондық картографиялық навигациялық ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ЭКНАЖ) пайдалану бойынша дайындық (кәсіби диплом болмаған жағдайда «ЭКНАЖ-сыз» шектеуімен беріледі).
Басқару құрамы адамының кәсіби дипломын алуға барлық кандидаттарда теңіз көлігі мамандарын даярлаудың мынадай куәліктері:
Тармақша 1
1) «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман»;
Тармақша 2
2) «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес»;
Тармақша 3
3) «Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету».
Тармақ 11
11. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме екінші механигінің кәсіби диплом иесіне бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеме аға механигінің лауазымын атқаруға рұқсат етіледі.
Кәсіби дипломға кеме экипажының мүшесі атқаратын барлық лауазымдар, әрбір лауазым бойынша шектеуді көрсете отырып, барлық төмен тұрған лауазымдарды қоса алғанда енгізіледі.
Тармақ 12
12. Кәсіби диплом, кәсіби диплом растамасының бланкілерінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкілерді және оларға жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Теңізшілерге диплом беру тәртібі
2-тарау. Теңізшілерге диплом беру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Кәсіби дипломды беру, ұзарту және алып қою
1-параграф. Кәсіби дипломды беру, ұзарту және алып қою
Тармақ 13
13. Кәсіби дипломды алуға кандидат Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына өтініш;
Тармақша 2
2) 3х4 см нысандағы сурет – 2 дана;
Тармақша 3
3) Порттың теңіз әкімшілігі берген теңізде жүзу кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 4
4) жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат) (жеке басын анықтау үшін);
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкестігі туралы құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 6
6) «Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық қорытындының (бұдан әрі – медициналық қорытынды) көшірмесі;
Тармақша 7
7) кәсіби дипломды бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Тармақша 8
8) осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтарында көзделген жүзу өтілін растайтын құжаттар, бар болса, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін растайтын құжаттарды қоса алғанда.
Тармақ 14
14. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері Порттың теңіз әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Тармақ 14-1
14-1. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда өтініш берушіге Теңізшілерге диплом беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүргізетін әңгімелесудің орны, күні және уақыты туралы хабарланады.
Комиссияның құрамы, сондай-ақ оның ережесі Порттың теңіз әкімшілігі басшысының шешімімен бекітіледі. Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары, Комиссия мүшелері, Комиссия хатшысы кіреді.
Комиссия мүшелерінің шешімдер қабылдау үшін кворумы төрағаны не оның орынбасарын қоса алғанда, 5 адамды құрайды. Әңгімелесу өткізу кезінде кворумға кандидаттар үміттеніп отырған кәсіби дипломнан төмен емес кәсіби диплом бар кемінде 1 маман кіреді.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия өтініш берушінің осы Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
Тармақ 15
15. Кәсіби дипломын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 жұмыс күні.
Тармақ 15-1
15-1. Кәсіби дипломды беру Комиссияның оң шешімі шыққаннан кейін жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Кәсіби дипломды беруден бас тарту үшін негіздер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74-тармақтарына сәйкес келмеуі.
Өтініш беруші әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен кәсіби дипломды беруден бас тартуға шағым жасауға құқылы.
Тармақ 17
17. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне кәсіби дипломды беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби диплом беріледі.
Қағидалардың 16-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдерде жолданады.
Тармақ 18
18. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.
Тармақ 19
19. Кәсіби дипломның иесі оның мерзімін ұзарту үшін Порттың теңіз әкімшілігі басшысының атына еркін нысандағы өтінішті, сондай-ақ мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Тармақша 1
1) медициналық қорытынды;
Тармақша 2
2) ТДВА курстарынан өту туралы құжаттар;
Тармақша 3
3) алдыңғы 5 жыл ішінде жалпы 1 жыл мерзімде немесе тікелей мерзімді ұзарту алдында 6 ай ішінде 3 ай бойы кемеде жұмыс істеу туралы растайтын құжаттар және кәсіптік дипломға немесе теңіз көлігі саласында:
Кеме жүргізушілері үшін:
Тармақша 1
1) лоцман;
Тармақша 2
2) басқарушы лауазымындағы кеме қатынасы компаниясының қызметкері;
Тармақша 3
3) кеме жүргізуші біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.
Кеме механиктері үшін:
Тармақша 1
1) кеме қатынасы компаниясының техникалық инспекторы;
Тармақша 2
2) теңіз құрылғыларында электростанциялық құрылғыларды эксплуатациялайтын механик болып жұмыс істейтін маман;
Тармақша 3
3) кеме механик біліктілігі бар әскери-теңіз флотының офицері.
Капитанның немесе командалық құрам адамының кәсіби дипломының қолданылу мерзімін ұзарту кезінде жұмыс өтілі олардың жалпы сыйымдылығына немесе басты қозғалтқыш қондырғысының қуатына қарамастан кемелерден алынуы мүмкін.
Жұмыста ұзақ үзіліс болған жағдайда, ТДВА кодексінің А-I/11 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйым берген мақұлданған дайындықтан өткенін растайтын құжат беріледі және кандидаттың атқаратын лауазымына сәйкестігін тексеруден өту мақсатында ұзартылатын кәсіби диплом алынған лауазым бойынша Комиссиямен әңгімелесу өткізіледі.
Тармақ 20
20. Мұнай танкерлері, химия тасушылары, газ тасушыларында қызмет ету үшін даярлық растаудың қолданылу мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы растауда көрсетілген функцияларды орындаған, өткен 5 жыл мерзімінде 3 айдан кем емес жүзу тәжірибесі туралы құжат не тиісті курстарды аяқтағандығы туралы растау құжаты ұсынылады.
Тармақ 20-1
20-1. Осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда, Порттың теңіз әкімшілігі құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығы мен жарамдылығы анықталған жағдайда, кәсіби дипломның қолданылу мерзімін Порттың теңіз әкімшілігі ұзартады.
Тармақ 20-2
20-2. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау кәсіби дипломның қолданылу мерзімін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 21
21. Кәсіби диплом Теңіз порты әкімшілігі:
Тармақша 1
1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;
Тармақша 2
2) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);
Тармақша 3
3) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады) кезде алып қояды.
Тармақ 22
22. Қағидалар 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.
Тармақ 23
23. Теңіз порты әкімшілігі шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломды оның иесінен алып қою туралы хабарлама жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне көрсетілген құжаттың алып қойылғандығы туралы белгі енгізіледі.
Тармақ 24
24. Кәсіби диплом оны алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Теңіз порты әкімшілігіне тапсырылады.
Тармақ 25
25. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитаны вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидатта:
Тармақша 1
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алу туралы құжат немесе бейінді әскери-теңіз білімі туралы құжат;
Тармақша 2
2) дайындықты тіркеу кітапшасында расталған ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес кемедегі дайындықты қоса алғанда теңіз көлігі маманын даярлаудың бөлігі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін қоса алғанда 36 айдан кем емес жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-II/1 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйымда мақұлданған даярлықтан өткені туралы құжат. 6 айдан кем емес өтілі уақытта кемеде капитанның немесе командалық құрамның басқа адамының басшылығымен көпірде вахтаны атқару жөніндегі міндеттер орындалады;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар болады.
Осы тармақтың 1) тармақшасының талабы қатардағы құрам лауазымдарында сауда мақсатында теңізде жүзу кемесі экипажының құрамында жұмыс істеген кезде кемінде 36 ай расталған жүзу өтілі бар кандидатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өткерген кезде қолданылмайды.
Тармақ 26
26. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тоннаға дейінгі кеме капитанының аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/2 қағидаларының 4-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 4.3-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 5
5) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
Тармақ 27
27. Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА ІІ/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кемелерде капитанның вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 2.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 5
5) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
Тармақ 28
28. Жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тоннаға дейінгі кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/2 қағидаларының 4.2 және 4.3-тармақтарына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде кемінде 36 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімдік тоннаға дейін немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 12 ай және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде 12 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелімдік тоннаға дейін немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 24 ай немесе жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000-ға дейін тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 4.3-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 5
5) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
Тармақ 29
29. Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде кемінде 36 ай немесе жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының аға көмекшісі ретінде 12 ай және жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитанының вахталық көмекшісі ретінде немесе жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме аға көмекшісі ретінде 24 ай жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны не жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тонна немесе одан астам кеме капитаны ретінде 12 ай жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-II/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/2 қағидаларының 2.1.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 5
5) «Кемедегі медициналық күтім» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі.
Тармақ 30
30. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннадан кем жағалаудағы жүзу кемесі капитанының вахталық көмекшісінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА ІІ/3 қағидаларының 4-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме жүргізу саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;
Тармақша 2
2) капитанның вахталық көмекшісінің барлық функцияларын орындау бойынша сынақты (ТДВА II/3 қағидаларының 4.2.1-тармағы) қоса алғанда, диплом алған маманның тікелей басшылығымен вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді оқу бағдарламасының бөлігі ретінде орындай отырып, кемінде 6 ай жүзу өтілі, немесе капитанның вахталық көмекшісінің барлық функцияларын орындау бойынша сынақты (ТДВА II/3 қағидаларының 4.2.2-тармағы) қоса алғанда, диплом алған маманның тікелей басшылығымен вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 6 ай құрайтын палубалық команда құрамында кемінде 36 ай жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-II/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/3 қағидаларының 4.4-тармағы);
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 31
31. Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннадан кем болатын жағалауда жүзетін кеме капитанының кәсіби дипломын алған кезде ТДВА II/3 қағидаларының 6-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) капитан вахталық көмекшісінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) кеме капитанының вахталық көмекшісінен төмен емес лауазымдағы 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-II/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА II/3 қағидаларының 6.3-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
Тармақша 5
5) 20 жастан кіші емес.
Тармақ 32
32. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидатта:
Тармақша 1
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кемелік күштік қондырғыларды пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат немесе бейінді әскери-теңіз білімі туралы құжат;
Тармақша 2
2) дайындықты тіркеу кітапшасында расталған ТДВА кодексінің А-IIІ/1 бөліміне сәйкес кемедегі дайындықты қоса алғанда теңіз көлігі маманын даярлаудың бөлігі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өтілін қоса алғанда 36 айдан кем емес жүзу өтілі және ТДВА кодексінің А-ІII/1 бөліміне сәйкес куәландырылған ұйымда мақұлданған даярлықтан өткені туралы құжат. 6 айдан кем емес өтілі уақытта кемеде аға механиктің немесе командалық құрамның басқа адамының басшылығымен машина бөлімшесінде вахтаны атқару жөніндегі міндеттер орындалады;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар болады.
Осы тармақтың 1) тармақшасының талабы қатардағы құрам лауазымдарында сауда мақсатында теңізде жүзу кемесі экипажының құрамында жұмыс істеген кезде кемінде 36 ай расталған жүзу өтілі бар кандидатқа, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен кемелерінде қызмет өткерген кезде қолданылмайды.
Тармақ 33
33. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/3 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің механик-стажердан төмен емес лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-IIІ/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/3 қағидаларының 2.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 34
34. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигінен төмен емес лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-IIІ/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/2 қағидаларының 2.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 35
35. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/3 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі ретінде 12 айдан және вахталық механигі ретінде 12 айдан немесе екінші механигі ретінде 24 айдан немесе аға механигі ретінде 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-IIІ/3 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/3 қағидаларының 2.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 36
36. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеме аға механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) қуаты 750 кВт немесе одан астам басты қозғалтқыш қондырғысы бар кеменің вахталық механигінен төмен емес кәсіби диплом;
Тармақша 2
2) қуаты 750 кВт немесе одан астам басты қозғалтқыш қондырғысы бар кемелерде вахталық механик ретінде кемінде 36 ай немесе екінші механик ретінде 12 ай және вахталық механик ретінде 12 ай немесе қуаты 3000 кВт басты қозғалтқыш қондырғысы бар кемелерде екінші механик ретінде 24 ай немесе аға механик ретінде 12 ай жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) ТДВА кодексінің А-IIІ/2 бөліміне сәйкес даярлауды өту туралы құжат (ТДВА IІI/2 қағидаларының 2.2-тармағы);
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 37
37. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеме электр механигінің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/6 қағидаларының 2-тармағына сәйкес кандидат:
1) куәландырылған білім беру ұйымы берген кеме электр жабдығын және автоматиканы пайдалану саласында жоғары немесе орта кәсіптік білім алғаны туралы құжат;
2) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт кемелерде электр механик лауазымында кемінде 12 айлық жүзу өтілі, соның ішінен кемінде 6 айы ТДВА Кодексінің А-III/6 бөліміне сәйкес, даярлықты тіркеу кітапшасында расталған даярлау бағдарламаларынан өту бөлігі ретінде кемедегі жұмыс өтілі, немесе кемінде 36 айлық жүзу өтілі, соның ішінен кемінде 30 айы машина командасының құрамында жұмыс өтілі немесе кемінде 12 айлық жүзу өтілі;
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 38
38. ҚБЖТЖ шектеулі әрекет ету радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА IV/2 ережесінің 2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА кодексінің А-IV/2 бөліміне сәйкес шектеулі жүзу ауданындағы теңіз радиобайланысы операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.
Тармақ 39
39. ҚБЖТЖ радиооператорының кәсіби дипломын алу кезінде кандидат ТДВА IV/2 ережесінің 2-тармағына және Радиобайланыс регламентіне сәйкес болуы, ТДВА А-IV/2 кодексінің бөліміне сәйкес теңіз радиобайланысы операторлары үшін курсты өту туралы куәлігі болуы тиіс.
Тармақ 40
40. Қағидалардың 26, 27 және 31-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу кезінде кандидаттың ТДВА кодексінің A-II/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы тиіс:
Тармақша 1
1) іздеу мен құтқару операцияларын үйлестіру;
Тармақша 2
2) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;
Тармақша 3
3) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын орындауды бақылау;
Тармақша 4
4) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) авария жағдайлары кезінде іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 6
6) көшбасшылық және басқару дағдылары.
Тармақ 41
41. Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында көрсетілген кәсіби дипломдарды алу кезінде кандидаттың ТДВА кодексінің A-III/2 бөліміне сәйкес мынадай білім мен дағдылары болуы тиіс:
Тармақша 1
1) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдар;
Тармақша 2
2) теңіздегі адам өмірін және теңіз ортасын қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын орындауды бақылау;
Тармақша 3
3) кеменің құтқару, өртке қарсы және басқа да қорғау жүйелерін жұмыс қалпында ұстау жолымен авария жағдайында кеменің экипаж бен жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) авария жағдайлары кезіндегі іс-қимылдардың және кеме жасампаздығының жоспарларын әзірлеу;
Тармақша 5
5) көшбасшылық және басқару дағдылары.
Тармақ 42
42. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/4 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
Тармақша 1
1) капитан, капитанның вахталық көмекшісі немесе білікті матростың басқаруымен палуба командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және диплом алған маманның басшылығымен қозғалыс көпіршесінде вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары бар.
Тармақ 43
43. Жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матростың кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА II/5 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
Тармақша 1
1) жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матростың кәсіби дипломы;
Тармақша 2
2) навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 18 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-II/5 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-II/5 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және навигациялық вахта құрамындағы матростың лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары;
Тармақша 4
4) «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі бар.
Тармақ 44
44. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/4 қағидаларына сәйкес кандидаттың:
Тармақша 1
1) машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен машина командасының құрамында 6 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/4 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/4 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен машиналық вахтаны атқару жөніндегі міндеттерді орындай отырып оқу бағдарламасының бөлігі ретінде 2 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттары бар.
Тармақ 45
45. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы мотористтің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/5 қағидаларына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы мотористтің кәсіби дипломы;
Тармақша 2
2) машиналық вахта құрамындағы мотористтің лауазымында 12 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/5 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/5 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында арнайы дайындық және машиналық вахта құрамындағы мотористтің лауазымында 6 айдан кем емес жүзу өтілі.
Тармақ 46
46. Бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі электриктің кәсіби дипломын алу кезінде ТДВА III/7 қағидаларына сәйкес кандидат:
Тармақша 1
1) машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі 12 айдан кем емес жүзу өтілі, ТДВА кодексінің А-IIІ/7 бөлімінде көрсетілген құзыреттілік стандарттарына сәйкестік немесе ТДВА кодексінің А-IІI/7 бөліміне сәйкес білім беру ұйымында электрик бағдарламасы бойынша арнайы дайындық және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен 6 айдан кем емес жүзу өтілі немесе ТДВА кодексінің А-IIІ/7 бөлімінде көрсетілген техникалық мәселелерде құзыреттілік стандарттарына сәйкес біліктілік және машина командасының басшы құрамы адамының басқаруымен 3 айдан кем емес жүзу өтілі;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 10 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттар.
Тармақ 47
47. Танкерлердегі жүк немесе тиейтін жабдықтарға жауапты қатардағы және командалық құрамның адамдарында жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау тиісті куәлігі болады.
Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 2-тармағына сәйкес болу, «Мұнай немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша курсын өту, «Бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 қағидаларының 2-тармағына сәйкес болу, «Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша курсын өту, «Бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болу қажет.
Тармақ 48
48. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жүктерді тасымалдау, басқару, танкерді тазарту немесе басқа тиеп-түсіру операциялары кезіндегі жүктерді тиеуге, түсіруге, қарауға жауапты басқа да адамда жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген даярлауды өту туралы тиісті теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болады.
Мұнай танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 4-тармағына сәйкес болу, «Мұнай танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау» бағдарламасы бойынша курсын өту, «Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және мұнай танкерлерінде кемінде үш ай жұмыс өтілінің мақұлдануы не мұнай танкерлерінде кемінде бір ай штаттан тыс лауазымда үш тиеу операциялары мен үш мұнай танкерін тиеу операцияларын қамтитын мақұлданған даярлықтан өтуі түсіру бойынша операциялар және дайындықты тіркеу кітапшасында құжатпен расталған жұмыс өтілі болу қажет.
Химия тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-1 қағидаларының 6-тармағына сәйкес болу, «Химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау» бағдарламасы бойынша курсын өту, «Мұнай танкерлері немесе химия тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және химтасымалдау танкерлерінде кемінде үш ай жұмыс стажы болуы не штаттан тыс лауазымда кемінде бір ай жұмыс істейтін мұнай химтасымалдау танкерлерінде мақұлданған даярлықтан өтуі тиіс, ол мұнай танкерлерінде мұнай тасымалдау жөніндегі үш операцияны қамтиды. тиеу және түсіру бойынша үш операция және дайындықты тіркеу кітапшасында құжатпен расталған жұмыс өтілі болу қажет.
Газ тасушы танкерлерінде жұмыс істеу және осы куәлікті алған кезде ТДВА V/1-2 қағидаларының 4-тармағына сәйкес болу, «Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін кеңейтілген бағдарлама бойынша даярлау» бағдарламасы бойынша курсын өту, «Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі және газ тасушы танкерлерде кемінде үш ай жұмыс істеу немесе газ тасушы танкерлерде кемінде бір ай штаттан тыс лауазымда мақұлданған дайындықтан өту, ол үш тиеу және үш түсіру операцияларын қамтиды және дайындықты тіркеу кітабында құжатталған жұмыс өтілі болу қажет.
Тармақ 49
49. Жолаушылар кемесінің бортында жұмыс істейтін қызметшілер ТДВА V/2 ережесінің 5-тармағына сәйкес жолаушылар кемесінде авариялық жағдайлар бойынша курсынан өтеді. Капитан осы курсты өткен персоналдың тізімін жүргізеді.
Тармақ 50
50. Жолаушылар кемесінің жолаушылар жайларында жолаушыларға қызмет көрсететін персонал ТДВА V/2 ережесінің 6-тармағына сәйкес қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлаудан өтеді.
Тармақ 51
51. Капитандар, командалық құрамның тұлғалары және жолаушылар кемелерінің жолаушыларына авариялық жағдайлар кезінде көмек көрсетуге жауапты ТДВА V/2 ережесінің 7-тармағына сәйкес даярлаудан өтеді.
Тармақ 52
52. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушылар кемесінде авариялық жағдайда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауапты басқа тұлғаларда ТДВА V/2 ережесінің 8-тармағына сәйкес «Жолаушылар кемелерінің капитандарын, командалық және қатардағы құрамның адамдарын, сондай-ақ басқа да персоналын даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 4-тармағына сәйкес адамның қауіпті жағдайларда басқару мен іс-әрекеті бойынша даярлау курсынан өтеді.
Тармақ 53
53. Капитан, аға механик, капитанның аға көмекшісі, екінші механик және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін, немесе РО-РО жолаушылар кемесінің корпусында тесіктерді жабуға жауапты басқа адамдарда ТДВА V/2 қағидаларының 9-тармағына сәйкес жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлаудан өту туралы куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/2 бөлімінің 9-тармағына сәйкес келетін жолаушылардың және жүктердің қауіпсіздігі, сондай-ақ корпустың су өткізбеушілігі бойынша даярлау курсынан өтеді.
Тармақ 54
54. Теңіз көлігі маманын даярлау куәлігінің иесі Қағидалардың 51, 52 және 53-тармақтарына сәйкес ТДВА V/2 ережесінің 4-тармағына сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтеді және әр 5 жыл сайын өзінің куәлігінің жарамдылығын дәлелдейді.
Тармақ 55
55. Жоғары жылдамды кемелерде жұмыс істеу үшін капитан, капитанның көмекшісі, аға механик Жоғары жылдамды кемелер қауіпсіздігінің халықаралық кодексі 18-тарауының 3.3-тармағына сәйкес жоғары жылдамды кемелерді жүргізу бойынша курсынан өтеді, оны бітіргеннен кейін тиісті куәлікті алады. Куәлік иесі өзінің куәлігінің жарамдылығын жоғарыда көрсетілген кодекстің 18.3.5-тармағына сәйкес растайды. Ол үшін ол әр 2 жыл сайын куәлікте көрсетілгендей кемінде 6 ай жоғары жылдамды кемеде жұмысы туралы құжаттарды ұсынады.
Тармақ 56
56. Барлық теңізшілер төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеме бортында өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын, ТДВА I/14 ережесінің 1.5-тармағына сәйкес нұсқаудан өтеді.
Тармақ 57
57. Төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелердің бортында жанармаймен авариялық жағдайға ден қою үшін жауапты теңізшіде ТДВА V/3 ережесінің 5-тармағына сәйкес теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады және ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына сәйкес кемелердегі қызмет үшін бастапқы даярлау курсынан өтеді.
Тармақ 58
58. Қағидалардың 47 және 48-тармақтарында көрсетілген газ тасушыларда жүк операциялары бойынша бастапқы немесе кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігі бар теңізшілер төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлаудан өтуі туралы куәлігін алады. Осы куәліктің иесі оның жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 1-тармағына сәйкес, төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Тармақ 59
59. Капитан, аға механик және төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелердегі жанармайды пайдалануға және жанармай жүйесіне жауапты әр теңізшіде ТДВА V/3 ережесінің 7-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі бар, ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін кеңейтілген даярлау бойынша курсынан өтеді және ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 8.2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кеменің бортына жанармайды қабылдау бойынша кемінде 3 операцияларды қосқанда 1 айдан кем емес жүзу өтілі болу және онда төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет үшін бастапқы даярлаудан өту туралы куәлігі болады.
Тармақ 60
60. Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген «Газ тасушы танкерлерінде жүк операцияларын жүргізу үшін бастапқы даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі бар теңізші ТДВА V/3 ережесінің 6 және 8-тармақтарына сәйкес болған және газ тасушының бортында 3 тиеу-түсіру операцияларына қатысқан жағдайда төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген даярлаудан өту туралы куәлігін алады. Осы куәліктің жарамдылығын иелері әр 5 жыл сайын растайды. Ол үшін олар ТДВА кодексі А-V/3 бөлімінің 2-тармағына сәйкес төмен температурада тұтанатын отынымен істейтін кемелерде қызмет өту үшін кеңейтілген даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Тармақ 61
61. Полярлы суларда жұмыс істейтін капитанда, капитанның аға көмекшісінде, капитанның вахталық көмекшісінде ТДВА V/4 қағидаларының 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша курсынан өтеді.
Полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет үшін бастапқы даярлаудан өту туралы куәлігінің иелері әр 5 жыл сайын өз куәліктерінің мерзімін ұзартады. Ол үшін олар ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 1-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет өту үшін бастапқы даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Тармақ 62
62. Полярлы суларда жүзетін кеме капитанында және капитанның аға көмекшісінде ТДВА V/4 ережесінің 4-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде қызмет өту үшін кеңейтілген даярлау бойынша куәлігі болады және ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау курсынан өтеді және полярлы суларда 2 айдан кем емес жүзу өтілі, сондай-ақ полярлы суларда жүзетін кемелер үшін бастапқы даярлау бойынша куәлігі болады.
Полярлы суларда жүзетін кемелер үшін кеңейтілген даярлау бойынша куәліктің иесі жарамдылық мерзімін әр 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол ТДВА кодексі А-V/4 бөлімінің 2-тармағына сәйкес полярлы суларда жұмыс істейтін кемелерде жұмыс істеу үшін кеңейтілген даярлау бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді.
Тармақ 63
63. Кемелердің ластану қауіпсіздігі және болдырмау үшін жауапты теңізшіде, сондай-ақ жолаушылар кемесінің барлық қызметшілерінде ТДВА VI/1 ережесіне сәйкес «Барлық теңізшілер үшін қауіпсіздік мәселелері бойынша бастапқы даярлау және нұсқаулық» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі A-VI/1 бөлімінің 2-тармағына сәйкес бастапқы даярлау курсынан өту растамасы болуы тиіс.
Тармақ 64
64. СОЛАС конвенциясының III-тарауының 10-ережесіне сәйкес құтқарушы кеме үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің 1-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 1-4-тармақтарына сәйкес «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 6 айдан кем емес жүзу өтілі болады.
Тармақ 65
65. Шапшаң құтқарушы катерлерді пайдалану үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/2 ережесінің 2-тармағына және ТДВА кодексі A-VI/2 бөлімінің 7-10-тармақтарына сәйкес «Шапшаң кезекші қайықшалар бойынша маман» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ «Шапшаң кезекші қайықшалар болып табылмайтын, құтқару қайықшалары мен салдар және кезекші қайықшалар бойынша маман» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
Тармақ 66
66. Кеменің өртке қарсы қауіпсіздігі үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/3 ережесінің және ТДВА кодексі А-VI/2 бөлімінің 1-4-тармақтарына сәйкес «Кеңейтілген бағдарлама бойынша өртпен күрес» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
Тармақ 67
67. Теңіз кемесінде жұмыс істейтін немесе жұмыс істейтін, жолаушылар болып табылмайтын барлық адамдар кемеде жұмыс басталар алдында ТДВА VI/1 қағидаларының 1-тармағына сәйкес қауіпсіздік бойынша таныстыру курсынан өтеді. Бұл дайындық ТДВА Кодексінің A-VI/1 бөлімінің 1-тармағына сәйкес келеді. Капитан кеме бортында осы курстан өткен персонал туралы барлық жазбаларды сақтайды.
Тармақ 68
68. Қағидалардың 63, 64, 65 және 66-тармақтарында көрсетілген куәліктердің иесі куәліктердің қолданылуын әрбір 5 жыл сайын ұзартады. Ол үшін ол курстардан А-VI/1 бөлімінің 2-тармағына, А-VI/2 бөлімінің 1 және 2-тармақтарына, ТДВА кодексі А-VI/3 бөлімінің 1 және 2-тармақтарына сәйкес өтеді.
Тармақ 69
69. Кемені күзету үшін жауапты теңізшіде ТДВА VI/5 ережесіне және кодексінің A-VI/5 бөліміне сәйкес «Кеменің командалық құрамының кемені күзету үшін жауапты тұлғаларын даярлау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі, сондай-ақ 12 айдан кем емес жүзу өтілі болады.
Тармақ 70
70. Кемені күзету бойынша жоспарда көрсетілген күзет бойынша ерекше міндеттері жүктелген теңізшілерде, Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген теңізшілерден басқа, ТДВА VI/6 ережесінің 4-6-тармақтарына сәйкес «Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 6-8-тармақтарына сәйкес күзету бойынша белгіленген міндеттері бар теңізшілерді даярлау курсынан өту туралы растамасы болады.
Тармақ 71
71. Қағидалардың 69 және 70-тармақтарында көрсетілген теңізшілерден басқа теңізшілерде ТДВА VI/6 ережесінің 1-2-тармақтарына сәйкес «Күзету мәселелері бойынша барлық теңізшілерге арналған даярлау немесе нұсқау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 4-тармағына сәйкес күзет мәселелері жөнінде ақпараттандыру бойынша курсынан өту туралы растамасы болады.
Тармақ 72
72. Әр теңізші, кеме бортында өзінің міндеттеріне кірісу алдында ТДВА VI/6 ережесінің 1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/6 бөлімінің 1-3-тармақтарына сәйкес қорғау жөнінде таныстыру курсынан немесе нұсқаулығынан өтеді. Капитан осы курсты немесе нұсқаулықты өткен персонал туралы барлық жазбаларды кеме бортында сақтайды.
Тармақ 73
73. Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсетуге белгіленген теңізшіде ТДВА VI/4 ережесінің 1-тармағына, ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 1-3 тармақтарына сәйкес «Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
Тармақ 74
74. Кемедегі медициналық қарауға жауапты теңізшіде ТДВА VI/4 ережесінің 2-тармағына және ТДВА кодексі А-VI/4 бөлімінің 4-6-тармақтарына сәйкес «Кемедегі медицианлық қарау» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі және «Кемеде алғашқы медициналық көмек көрсету» бағдарламасы бойынша теңіз көлігі маманын даярлау куәлігі болады.
Кеме экипажының ең аз құрамы туралы тиісті куәлігі болған жағдайда жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны және басшы құрамының тұлғалары жоғарыда көрсетілген куәліктердің болу қажеттілігінен босатылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кәсіби диплом растамасын
беру, ұзарту және алып қою
2-параграф. Кәсіби диплом растамасын
беру, ұзарту және алып қою
Тармақ 75
75. Кәсіби дипломды шетелдік кәсіби диплом тану түріндегі растаманы алу үшін кандидат немесе сенімхат бойынша оның өкілі Порттың теңіз әкімшілігіне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан түрінде Порттың теңіз әкімшілігінің басшысының атына өтініш;
Тармақша 2
2) 3 х 4 см сурет – 2 дана;
Тармақша 3
3) жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат) (жеке басын анықтау үшін);
Тармақша 4
4) шетелдік кәсіби дипломның көшірмесі;
Тармақша 5
5) ҚБЖТЖ радиооператоры шетелдік кәсіби дипломының көшірмесі (палуба командасы құрамының адамдары үшін);
Тармақша 6
6) мұнай танкерлері, химия тасышулар немесе газ тасушылардағы жүк операциялары бойынша теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігінің көшірмесі (егер қолданылатын болса);
Тармақша 7
7) шетелдік кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама жеке құжатпен берілсе);
Тармақша 8
8) ТДВА талаптарына сәйкес берілген медициналық куәліктің көшірмесі.
Тармақ 76
76. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде Теңіз портының әкімшілігі осы өтінішті қабылдауды растау туралы хатты өтініш берушіге береді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, Теңіз портының әкімшілігі өтініш берушіге өтінішті қараудан оны алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде бас тартады.
Тармақ 77
77. Шет тіліндегі құжаттардың көшірмелері Порттың теңіз әкімшілігіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Тармақ 78
78. Кәсіби дипломның растамасын беруге өтінішті қабылдағаннан кейін Теңіз портының әкімшілігі 5 жұмыс күні ішінде осы дипломды берген шетел мемлекетінің құзыретті органына дипломның төлнұсқасын растау туралы сауал жолдайды.
Тармақ 79
79. Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қарау кезінде шетелдік кәсіби дипломының иесі, бұл ретте қолданыстағы шетелдік кәсіби дипломына және Теңіз портының әкімшілі өтінішті қабылдауды растау туралы хатқа ие бола отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының астында жүзетін кемеде мерзімі 3 айдан артық емес жұмыс істейді.
Тармақ 80
80. ТДВА I/10 қағидасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігі кандидатқа шетелдік кәсіби дипломның тануын куәландыратын растаманы мынадай жағдайларда береді:
Тармақша 1
1) шетелдік кәсіби дипломда көрсетілген функцияларға қатысты Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнаманы білуге тексерістің оң нәтижесі. Аталған тексерісті әңгімелесу барысында Комиссия жүргізеді;
Тармақша 2
2) егер шетелдік кәсіби дипломды ТДВА күшіне енгізген мемлекет беретін болса.
Тармақ 81
81. Уәкілетті орган егер кәсіби дипломдарды өзара тану жөніндегі халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, дипломды берген тарапты бағалайды, ол даярлау орталықтарын және рәсімдерді ТДВА құзыреттілік стандарттары, даярлау және диплом беруге қатысты талаптарын, сондай-ақ сапа стандарттарының сақтау тексерісін қамтиды.
Теңізшілерді даярлау және диплом беру жүйесінде қандай да бір елеулі өзгерістер болған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы барлық мүдделі тараптарға хабарлайды.
Тармақ 82
82. Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алғаннан кейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Порттың теңіз әкімшілігі өтініш берушіге комиссияның әңгімелесу өткізу орны, күні мен уақыты туралы хабарлайды.
Әңгімелесу шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
Шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіби дипломның түпнұсқалығын растауды алған сәтте өтініш берушінің әңгімелесуден өтуі мүмкін болмаған жағдайда, әңгімелесу өтініш берушіден әңгімелесуден өтуге дайын екендігі туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
Өтініш беруші шет мемлекеттің құзыретті органынан кәсіптік дипломның төлнұсқалығын растауды алған сәтте тұрақты тұратын жерінде (шетелдік азаматтар, басқа қаладан келгендер) болған жағдайда әңгімелесу ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
Кәсіби дипломның растамасын беру комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.
Комиссия теріс шешім шығарған жағдайда, кандидат шектеусіз рет, бірақ Комиссияның келесі отырысынан бұрын емес, қайта әңгімелесуге жіберіледі.
Кандидат әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен кәсіби дипломды беруден бас тартуға шағым жасауға құқылы.
Тармақ 83
83. Кәсіби диплом растамасын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шын еместігін анықтау;
Тармақша 3
3) осы Қағидалар 80-тармағының талаптарына сәйкес болмау.
Тармақ 84
84. Кандидат осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне кәсіби диплом растамасын беру туралы ақпарат енгізіледі және кәсіби дипломның растамасы беріледі.
Қағидалардың 83-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
ТДВА I/10 қағидаларының талаптарына сәйкес басқа шет мемлекет берген шетелдік кәсіби дипломды тану кейіннен Порттың теңіз әкімшілігінің шетелдік кәсіби дипломды растауын беруі үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 85
85. Кәсіби дипломды жоғалтқан, бұзылуы кезінде Теңіз портының әкімшілігі өтінішті қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді.
Тармақ 86
86. Кәсіби дипломның растамасы осы Қағидалардың 20-1-тармағында көрсетілген тәртіппен кәсіби дипломды ұзартудың ұқсас мерзіміне ұзартылады.
Тармақ 87
87. Кәсіби дипломның растамасын Теңіз портының әкімшілігі:
Тармақша 1
1) медицина қызметкері куәландырған кәсіби диплом иесінің денсаулығы нашарлауы салдарынан дене мүмкіндігінің жарамсыздығы туралы мәліметтер көрсетілген кезінде;
Тармақша 2
2) шет мемлекетінің құзыретті органынан шетелдік кәсіби дипломын алып қою туралы ақпаратты алған кезде;
Тармақша 3
3) кәсіби диплом иесінің кінәсі бойынша авариялық жағдай туындағанда (мұндай шешім авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады);
Тармақша 4
4) кәсіби диплом алуға өтініш беру кезінде анық емес ақпарат және/немесе жасанды ұсынылған (мұндай шешім осы жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі қорытынды негізінде қабылданады) кезде алып қояды.
Тармақ 88
88. Қағидалар 87-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда Теңіз порты әкімшілігінің шешімімен құрылған комиссия тергеуді жүргізеді.
Тармақ 89
89. Теңіз портының әкімшілігі кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шетелдік кәсіби дипломды берген уәкілетті органның мекенжайына тиісті хабарламаны жолдайды, сондай-ақ кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттары тізіліміне көрсетілген құжаттардың алып қойылғандығы туралы белгілерді енгізеді.
Тармақ 90
90. Кәсіби дипломның растамасы Теңіз портының әкімшілігіне кәсіби дипломның растамасын алып қою туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуға жатады.
Тармақ 90-1
90-1. ТДВА I/2 қағидаларының 6-тармағының талабына сәйкес ТДВА VI бабымен талап етілетін растама капитанның немесе командалық құрам тұлғасының Порттың теңіз әкімшілігі беретін кәсіби дипломының мәтініне енгізіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Жеңілдік рұқсатын беру
3-параграф. Жеңілдік рұқсатын беру
Тармақ 91
91. Қауіпсіздік шаралары сақталған және Радиобайланыс регламентіне қайшылықтар болмаған жағдайда жеңілдікпен рұқсат беру кеме экипажының оның құрамына ең аз талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл ретте жағдайлар кеменің порттан шығуын кейінге қалдыруға мүмкін болмағанда, беріледі.
Тармақ 92
92. Жеңілдік рұқсаты кәсіби дипломда көрсетілген лауазымнан екі немесе одан жоғары ұстанымдарға берілмейді.
Жеңілдік рұқсаты кәсіби диплом алып қойылған кезде қолданыстан шығады.
Тармақ 93
93. Егер кандидат қатардағы құрам тұлғасы болса, оның талап етілетін лауазым бойынша техникалық және кәсіби немесе жоғарғы білім туралы оқу дипломы, сондай-ақ қажетті жұмыс тәжірибесі болса және талап етілетін біліктілікке сәйкес келуі үшін өзінің мүмкіндіктерін көрсетсе, оған командалық құрам тұлғасының лауазымына 2 айдан аспайтын мерзімге жеңілдікпен рұқсат беріледі.
Қатардағы құрам тұлғасының талап етілетін біліктілікке сәйкестігі Комиссияның шешімімен айқындалады.
Тармақ 94
94. Теңіз портының әкімшілігі осы жүзуге қатысты жеңілдік рұқсатына шек қояды.
Тармақ 95
95. Тек капитан немесе аға механик кенеттен еңбек қабілетінен айырылған жағдайда ғана Теңіз портының әкімшілігі тиісті жеңілдік рұқсатын капитанның аға көмекшісіне немесе екінші механикке береді. Жеңілдік рұқсаты кеменің қауіпсіз орынға жетуіне дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 96
96. Жеңілдік рұқсатын сұратып отырған кеме қатынасы компаниясы Теңіз порты әкімшілігінің басшысына Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, кеме экипажы мүшелерінің тізімін, сондай-ақ келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы теңізшісі жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының көшірмесі (бар болған жағдайда);
Тармақша 2
2) теңізшінің жеке басын куәландыратын құжат;
Тармақша 3
3) теңізшінің кәсіби дипломы;
Тармақша 4
4) кәсіби дипломды беруді куәландыратын растаманың көшірмесі (егер аталған растама жеке құжатпен берілсе);
Тармақша 5
5) медициналық қорытынды.
Тармақ 97
97. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте капитанның тек бір ғана көмекшісі қамтылған жағдайда жеңілдік рұқсаты капитанның лауазымына берілмейді.
Тармақ 98
98. Жеңілдік рұқсатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі – өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде.
Тармақ 99
99. Теңіз портының әкімшілігі әр айдың алғашқы 5 жұмыс күні мерзімінде уәкілетті органға өткен айда берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.
Уәкілетті орган жыл сайын 15 ақпанға дейін Халықаралық теңіз ұйымына өткен жыл бойынша берілген жеңілдік рұқсаттары туралы ақпаратты жолдайды.
Тармақ 100
100. Теңіз портының әкімшілігіне ұсынылатын құжаттардың көшірмелері нотариалды расталады. Бұл ретте шетел тіліндегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілідеріндегі аудармасымен нотариалды расталып ұсынылады.
Тармақ 101
101. Жеңілдікпен рұқсат жоғалған, бүлінген жағдайда Теңіз портының әкімшілігі өтініш қабылдағаннан кейін екінші жұмыс күні өтініш берушіге тиісті құжаттың телнұсқасын береді. Телнұсқа жаңа нөмірмен және түпнұсқаның қолдану мерзімін аяқталу күнімен беріледі.
Тармақ 102
102. Жеңілдік рұқсатын беруден бас тартуға негіздер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шын еместігін анықтау.
Тармақ 103
103. Теңізші осы Қағидалардың талаптарына сай болуы кезінде Қағидалардың 98-тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіби дипломдар, кәсіби дипломдар растамалары, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне жеңілдік рұқсатын беру туралы ақпарат енгізіледі және жеңілдік рұқсаты беріледі.
Қағидалардың 102-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, құжаттарды ұсынған өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолданады.
Басқа 4. Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш
Теңізшілерге диплом беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
_______________________________
Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш
1. Кәсіби дипломды беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі
ТДВА II/1 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі
ТДВА II/2 ережесі
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі
ТДВА II/2 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны
ТДВА II/2 ережесі
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны
ТДВА II/2 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі
ТДВА II/3 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны
ТДВА II/3 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі
ТДВА III/1 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі
ТДВА III/3 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі
ТДВА III/2 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі
ТДВА III/3 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі
ТДВА III/2 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі
ТДВА III/6 ережесі
ҚБЖТЖ радиооператоры
ТДВА IV/2 ережесі
ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры
ТДВА IV/2 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі навигациялық вахта құрамындағы матрос
ТДВА II/4 ережесі
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кемедегі бірінші санаттағы матрос
ТДВА II/5 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі машиналық вахта құрамындағы моторист
ТДВА III/4 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кемедегі бірінші санаттағы моторист
ТДВА III/5 ережесі
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электригі
ТДВА III/7 ережесі
1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (капитандар және басшы құрамының тұлғалары)
ТДВА V/1 ережесі
2. Өтініш берушінің деректері:
Тегі
Аты
Туған күні
Туған жері
Азаматтығы
Үй мекенжайы
Ұйым
E-mail
Телефон
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
Беру органы және күні
Теңізші кітапшасының нөмірі
Беру органы және күні
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі
Беру органы және күні
Басқа 3.2
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________
_____________________________________
Тармақ 1
1. Шетелдік кәсіби дипломның танылуын куәландыратын растаманы беруге арналған өтініш (керектісін белгілеу):
☐
жалпы сыйымдылығы 500 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының вахталық көмекшісі
ТДВА II/1 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеме капитанының аға көмекшісі
ТДВА II/2 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеме капитанының аға көмекшісі
ТДВА II/2 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 500-ден 3000 тіркелім тоннаға дейін кеменің капитаны
ТДВА II/2 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 3000 немесе одан артық тіркелім тонна кеменің капитаны
ТДВА II/2 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитанының вахталық көмекшісі
ТДВА II/3 ережесі
☐
жалпы сыйымдылығы 500 тіркелім тоннадан кем жағалау жүзудегі кеме капитаны
ТДВА II/3 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің вахталық механигі
ТДВА III/1 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің екінші механигі
ТДВА III/3 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің екінші механигі
ТДВА III/2 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750-3000 кВт құрайтын кеменің аға механигі
ТДВА III/3 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 3000 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің аға механигі
ТДВА III/2 ережесі
☐
бас қозғалтқыш қондырғысының қуаты 750 немесе одан артық кВт құрайтын кеменің электромеханигі
ТДВА III/6 ережесі
☐
ҚБЖТЖ радиооператоры
ТДВА IV/2 ережесі
☐
ҚБЖТЖ жүзуі шектелген ауданның радиооператоры
ТДВА IV/2 ережесі
Тармақ 1-1
1-1. Кәсіби дипломды растауға арналған өтініш:
☐
Мұнай танкерлері, химия тасушылары немесе газ тасушыларындағы жүк операциялары үшін теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктері (капитандар және басшы құрамының тұлғалары)
ТДВА V/1 ережесі
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің мәліметтері:
Тегі
Аты
Туған күні
Туған жері
Азаматтығы
Үй мекенжайы
Ұйым
E-mail
Телефон
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі
Беру органы және күні
Теңізші кітапшасының нөмірі
Беру органы және күні
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі
Беру органы және күні
Тармақ 4
4. Жүзу өтілі туралы мәліметтер
Кеменің атауы
Кеменің туы
ИМО нөмірі
Лауазым
Тіркелім тонналар немесе кВт саны
Жүзу мерзімі
Басқа 3.3
Теңізшілерге диплом беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
Тармақ 1
1. Кеме және кеме қатынасы компаниясы туралы мәліметтер:
Кеме қатынасы компаниясының атауы
Кеменің атауы
Кеменің ИМО нөмірі
Кеменің жалпы сыйымдылығы
Қозғалтқыш қондырғысының қуаты (кВт)
Кеменің түрі
Шығу порты
Келу порты
Жүктің түрі
Тармақ 2
2. Кеме қатынасы компаниясының бұрынғы өтініштері және берілген жеңілдік рұқсаттары:
Өтініштің № және күні
Кеменің атауы
Лауазымы
Мерзімі
Жеңілдік рұқсатының №
Тармақ 3
3. Теңізшінің деректері:
Тегі
Аты
Туған күні
Туған жері
Азаматтығы
Үй мекенжайы
Ұйым
E-mail
Телефон
Жеке куәлігінің нөмірі
Беру органы және күні
Теңізші кітапшасының нөмірі
Беру органы және күні
ҚР теңізші жеке куәлігінің немесе теңізші паспортының нөмірі
Беру органы және күні
Кәсіби диплом (№, беру күні)
ҚБЖТЖ радиооператоры кәсіби дипломы
(тек капитан көмекшісі үшін) (№, беру күні)
Медициналық қорытынды (№, беру күні)
Кемеде жұмысты бастау күні
Кеме қатынасы компаниясынан мінездеме
Тармақ 4
4. Теңізшінің жүзу өтілі туралы мәліметтер (соңғы 2 жылдың ішінде)
Кеменің атауы
Кеменің туы
ИМО нөмірі
Лауазымы
Тіркелім тонналар немесе кВт саны
Жүзу мерзімі
Тармақ 5
5. Жеңілдік рұқсаты:
Мына лауазымға:
Сұрау салынатын кезең:
Өтінішті беру себебі:
Теңізшіні дайындау үшін қабылданған шаралар және кемеде жұмысты бастау күні:
Өзге де ақпарат:
______________________________________________
Уәкілетті тұлғаның лауазымы және тегі
________________________________
Уәкілетті тұлғаның қолы
Күні Мөр орны