Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
трансферттерді беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 554 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына
трансферттерді беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – қор) республикалық бюджеттен:
Тармақша 1
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге;
Тармақша 2
2) қордың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығындарды өтеуге;
Тармақша 3
3) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ге мемлекеттің жарналарын төлеуге трансферттерді аудару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Трансферттер сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Қорға трансферттерді беру тәртібі
2-тарау. Қорға трансферттерді беру тәртібі
Тармақ 3
3. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін қор трансферттердің жылдық сомаларын айларға бөлу жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін уәкілетті органға жібереді.
Қор трансферттердің жылдық сомаларын айлар бойынша бөлуді аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескере отырып, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдеріне байланысты жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Трансферттерді пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттілігі кезінде қор ағымдағы айдың 5-күніне дейінгі мерзімде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Уәкілетті органның трансферттерді аударуы:
Тармақша 1
1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына ай сайын жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың өтініміне (бұдан әрі – өтінім) сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қордың банк шотына ай сайын төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге қордың шығындарын өтеуге арналған жиынтық тізілімге сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін қалыптастырылады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.
ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған трансферттер бойынша пайдаланылмаған қалдық сомасын айдың соңына қарай қор одан кейінгі айдың сомасына енгізуге тиіс.
Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге арналған трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары қор алдыңғы жылдың міндеттемелерін өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
Тармақ 6
6. Трансферттердің жылдық көлемін бөлінген бюджет шегінде нақтылау (түзету) қажет болған кезде қор Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес уәкілетті органға ұсыныстарын жолдайды.
Бөлінген бюджет шегінде трансферттердің сомаларын нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарайды.
Тармақ 7
7. Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген, жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі ақшалай қаражатты аудару уәкілетті орган айқындайтын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Трансферттерді пайдалану жөніндегі есептілік
3-тарау. Трансферттерді пайдалану жөніндегі есептілік
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган белгілеген нысандарға сәйкес қор уәкілетті органға тоқсан сайын ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге, қордың МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу шығындарын өтеуге және қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ге мемлекеттің жарналарын төлеуге берілетін трансферттерді пайдалану жөніндегі есептерді тапсырады.
Басқа 1
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
теңге
Мекеме
226
Бағдарлама
066
Кіші бағдарлама 104
Ерекшелігі
351
Төлем түрі
Сомасы
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер
Басқарма төрағасы ___________________________ ______________
(не оны алмастыратын тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер ___________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
М.О.
20_____ «_____» ____________
Орындаушының тегі және телефон нөмірі _______________________
Басқа 2
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
мың теңге
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атаулары
Ақы төлеуге барлығы
Консультациялық-диагностикалық көмек
Стационарды алмастыратын көмек
Стационарлық медициналық көмек
Амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету
Сомасы
Көрсетілген қызмет саны
Сомасы
Емделген науқастар саны
Сомасы
Емделген науқастар саны
Сомасы
Саны
Сомасы
Қазақстан Республикасы бойынша жиыны
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
Шығыс Қазақстан
Жамбыл
Батыс Қазақстан
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Түркістан
Алматы қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы
Шымкент қаласы
Басқарма төрағасы _________________________________________ ________________
(немесе оны алмастыратын адам) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер _________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
20____ «_______» ___________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________ ______________________