Об установлении Правил общего водопользования города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының Ортақ су пайдалану
қағидаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы қаласы мәслихатының
2017 жылғы «11» тамыз
№ 134 шешіміне қосымша
Алматы қаласының Ортақ су пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Алматы қаласының су объектілерінде Ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласы мәслихатының өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруіне қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында:
Тармақша 1
1) суға түсуге:
- жабдықталмаған жағажайларда;
- санитарлық - эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келмейтін су қоймаларында;
- селді ұстап тұратын құрылғылар, шлюздер, өзендердің габиондармен тұрақтандырылған және бекітілген арнасының учаскелерінде, сарқын суларды ағызатын орындар және ластанудың басқа да көздерінде кем дегенде 500 метр қашықтықта;
- лайлы учаскелерде, сондай-ақ қолайсыз және қауіпті табиғи факторлар болған кездерде (жағалауы жадағай, еңіс болуы керек, жар және шұңқырыз, ал судың түбі құмды, балдырсыз, тырбиған ағаш және үшкір тастар болмауы керек) жол берілмейді.
Тармақша 2
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган тыйым салған жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктер үшін су алуға тыйым салынады;
Тармақша 3
3) су объектілерінде шағын кемелермен және басқа да жүзу құралдарымен жүзуге жол берілмейді, зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланылатын шағын кемелер мен басқа да құралдарды есептемегенде.
Тармақ 12
12. Алматы қаласының әкімдігі тиісті аумақта тұрған су объектілерінің, су жабдықтау және су бұру жүйелерінің жағдайы туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Су пайдаланушы оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асырады, егер Алматы қаласы мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Алматы қаласының мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 14-1
14-1. Алматы қаласының мәслихаты маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 15
15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 15-1
15-1. Су пайдаланушы Алматы қаласының мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 17
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.