Об утверждении Правил рыбоводства на рыбохозяйственных водоемах Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 9 тамыздағы
№ 324 бұйрығымен
бекітілген
Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 77-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;
Тармақша 2
2) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;
Тармақша 3
3) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны – гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);
Тармақша 4
4) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
Тармақша 5
5) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;
Тармақша 6
6) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;
Тармақша 7
7) тоғанда балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТБӨШ) – балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;
Тармақша 8
8) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТҚБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.
Тарау 2. 2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру тәртібі
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру тәртібі
Тармақ 3
3. Балықтардың қолдан өсімін молайту (балықтандыру) балықтардың санын сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының балық өнімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Балық шаруашылығы су айдындарында балықтардың қолдан өсімін молайтуды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша:
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведовмствосының (бұдан әрі – ведомство) мамандандырылған ұйымдары және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шарттардың негізінде жеке және заңды тұлғалар;
балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанына сәйкес әзірленген балық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарына сәйкес өз қаражаттары есебінен жануарлар дүниесін пайданаланушылар;
ведомствомен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді көздейтін іс-шараларды орындау жолымен балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарында шаруашылық және өзге де қызметті (геологиялық-барлау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру) іске асыратын субъектілер жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Су айдындарына балық жіберу жолымен балықтарды қолдан өсіру «Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12267 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Балықтарды қолдан өсіру бақыланатын жағдайда балықтарды өсіруге және тұйықталған сумен қамтамасыз ету циклін қоса алғанда қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды қолдана отырып тауарлы өнім алуға негізделеді.
Тармақ 7
7. Балықтарды қолдан өсіруді немесе тауарлы балық өсіруді КТБӨШ, ТБӨШ, ТҚБӨШ, балық өсіру шаруашылықтары, оның ішінде сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізу үшін:
Тармақша 1
1) КТБӨШ үшін құндылығы төмен балық түрлері мекендейтін және табиғи балық өнімділігі төмен, көлдер мен су қоймалары, теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары (немесе) учаскелері;
Тармақша 2
2) ТҚБӨШ үшін жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қолданылады.
Тармақ 9
9. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.