О проведении месячника пожарной безопасности в жилых домах Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 01.08.2005 № а-8/259 қаулысымен. 1999 жылдан бастап 2001 жылды коса есептегенде облыста 2063 өрт болып, 183 млн.тенгеден артық материалдық шығын әкелді. Өрт кезінде 131 адам қаза болды, оның 13-і балалар. 312 құрылыс, 218 мал басы, 3003 тонна мал азығы, 24 бірлік автотракторлық техника өртте жанып кетті. Өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады. Жоғарыда көрсетілген аралықта тұрғын үй секторында 1616 өрт болған. Адам өлімі болған өрттер негізінен мас күйінде және абайсыз темекі тартқан адамдар кінәсынан болады. Қазан айынан бастап сәуірді коса есеитегендегі жылу беру кезеңіндегі адам өлімдері ерекше көңіл бөлуді кажет етеді. 1999-2000 жылдардағы жылу беру кезеңінде 493 өрт болды. Ал, 2001 жылдың казан айынан 2002 жылдың каңтарын қоса есептегенде 393 өрт болды. 1996 жылғы қарашаның 22-сі шыкқан Қазақстан Республикасының “Өрт кауіпсіздігі туралы” Заңының негізінде және тұрғын үйлердегі өрт кауіпсіздігін күшейту, адам өлімін болдырмау максатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жыл сайын наурыздың 1-нен сәуірдің 1-і аралығында және қазанның 1-інен қарашаның 1-і аралығында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлықтары өткізілсін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудің ережесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй секторындағы өртті болдырмау бойынша және оларда адам өлімін болдырмау бойынша мәселелерді жиі қарастырсын.
Тармақша 2
2) Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу үшін аудандық, қалалық комиссиялар құрсын.
Тармақша 3
3) Тұрғындар арасында спирттік ішімдікке әуес тұлғалары бар отбасыларда өрттің алдын-алу жұмысын жиі өткізуге байланысты шаралар колдансын.
Тармақша 4
4) Тұрғын үйлерде газбаллондық қондырғыларды, қолдан жасалған электрлік қыздырғыш құралдарды пайдалану жағдайларын анықтау үшін іс-шаралар өткізу бойынша шаралар колдансын. Тексерістердің қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күішіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 10
Ақмола облысы әкімиятының 2002ж.26.02. № а-3/20 қаулысымен бекітілген Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу ережелері. Облыста өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудің негізгі мақсаты меншікті және адамдардың жеке мүліктерін өрттен қорғау болып табылады. Айлық ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орыңдау, бұған қоғамды тарту, өрттердің алдын алуда, сонымен қатар олардың салдарын шектеу есебінен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған өрттің алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Тарау 1. 1. Айлықтың ұйымдастырылуы және өткізілуі.
1. Айлықтың ұйымдастырылуы және өткізілуі. Өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық комиссиялар құрылады. Айлықты насихаттауды жүзеге асыратын, тұрғын үйлерде оның ұйымдастырылуы бойынша жүмысты жүргізетін өртен қорғау бойынша ұйымдастыру жұмысымен айналысатын жүмыскерлер комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия құрамына мамандар, инженерлер, техниктер, ПИК-терінің басшылары және қызметкерлері кіреді. Комиссия үйлердің өрт қауіпсіздігі бойынша іс шаралар дайындайды, осы Ережелердің шарттары орындалудың қорытындыларын жасайды.
Тарау 2. 2. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары.
2. Өрт қауіпсіздігі айлығының шарттары. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін жақсарту жұмыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау;
Тармақша 2
2) тұрғын үй ғимараттарын өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау;
Тармақша 3
3) қарамағындағы ведомстволық тұрғын үй секторындағы алғашқы өрт сөндіру құралдарын, өрт сөндіру гидранттарын техникалық дайындық қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлерде өрттің алдын-алу жұмыстарын жүргізуді, жөндеу, қалпына келтіру, дәнекерлеу және басқа да от қолданылатын жұмыстарды жүзеге асыру кезінде өртке қарсы күрес ережелерін қатаң сақтау;
Тармақша 5
5) пәтер иелерімен және пәтер жалдаушылармен тұрғын үй иелерімен өртке қарсы нұсқаулар мен әңгімелерді ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар, тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулармен қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) азаматтарға тұрғылықты жерлері бойынша тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту;
Тармақша 7
7) бекітілген тұрғын үй секторында өрт жағдайларының болмауын;
Тармақша 8
8) өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту бойынша пәтер иелерімен, тұрғын үй иелерімен және пәтер жалдаушылармен жиналыстар өткізуді қамтамасыз еткен аудандардағы пәтер иелері кооперативтері мен селолық округтер айлық жеңімпаздары болып есептеледі; Пәтер иелері мен селолық округтерге жүлделі орын бекітілген тұрғын үй массивіндегі өртке карсы жағдайды бағалау кезінде тағайындалады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үйлердегі өртке қарсы жағдайды бағалау әдістемесін басшылыққа ала отырып, аудандық (қалалық) комиссия жеңімпаздарды анықтайды.
3. Тұрғын үйлердегі өртке қарсы жағдайды бағалау әдістемесін басшылыққа ала отырып, аудандық (қалалық) комиссия жеңімпаздарды анықтайды.
Тарау 4. 4. Жеңімпаздарды марапаттау жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
4. Жеңімпаздарды марапаттау жергілікті бюджеттердің қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Өрт қауіпсіздігі айлықтарының қорытындысын шығару бойынша комиссиялар мәжілістерінің хаттамалары сәуірдің 5-і және қарашаның 5-іне дейін облыстық әкімиятқа тапсырылады.
5. Өрт қауіпсіздігі айлықтарының қорытындысын шығару бойынша комиссиялар мәжілістерінің хаттамалары сәуірдің 5-і және қарашаның 5-іне дейін облыстық әкімиятқа тапсырылады.
Тарау 6. 6. Өртке қарсы күрес жағдайын бағалау әдістемесі.
6. Өртке қарсы күрес жағдайын бағалау әдістемесі. Тұрғын үйлердегі өртке карсы күрес жағдайы: өртке қарсы күрес жағдайы талаптарының орындалуын; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шараларының орындалу көлемін; пәтер иелері, пәтер жалдаушылар, тұрғын үй иелері арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау бойынша үгіт жұмыстарының жағдайын; әңгіме және нұсқаулар өткізу жолымен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелеріне азаматтарды оқытуды анықтайтын көрсеткіштермен бағаланады.
Тарау 7. 7. Айлық қорытындыларын шығару.
7. Айлық қорытындыларын шығару. Тұрғын үйлер үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде орындауды қамтамасыз ететін ПИК мен аудандық, селолық округтер 30 балл алады. Әр өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмаған жағдайы үшін 2 балл алынады. Тұрғын үйлердегі әр өрт үшін 37 балл алынады. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шараларының орындалу көлемі келесі көрсеткіштердің орындалғаны үшін тағайындалатын балдар сомасы ретінде анықталады: № Шаралардың атаулары Тағайындалатын балдардың сомасы 1 Түрғын үйлер нұсқаулармен, өрт қауіпсіздігі белгілерімен толық қамтамасыз етілген. 5 2 Шатырлардың техникалық қабаттардың, тамборлардың, баспалдақтық тор көздердің, алаңдардың ұсталуы тұрғын үйлердегі өртке қарсы тәртіп талаптарына және ережелеріне сәйкес келеді. Эвакуация жолдары көрсеткіштермен және электр жарығымең қамтамасыз етілген. 15 3 Бекітілген тұрғын үй секторында өрт сөндіру гидранттары жүмыс істейді және көрсеткіштері бар. 10 4 ПИК-інде және аудандардың селолық округтерінде өрт қауіпсіздігі бұрышы жабдықталған, пәтер иелерімен, пәтер жалдаушылармен және тұрғын үй иелерімен қойғызылып нұсқау өткізілген. 7