Об утверждении размера выплаты ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылсын.
Тармақ 3
3. Республикалық және халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары спорттық нәтижелері болмаған жағдайда, спорт федерациясының ұсынысы бойынша Жұмыс тобының шешімімен спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
Тармақ 4
4. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» (Ә. Аманбаева) мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К. Өтеғұловқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы «7» тамыздағы № 211 қаулысымен бекітілген Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Батыс Қазақстан облысының спортшыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері р/с № Жарыстар атауы Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 500 450 400 2 Әлем чемпионаттары 350 300 250 3 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 170 150 130 4 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 300 250 200 5 Азия чемпионаты (ересектер) 250 200 150 6 Азия чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 110 90 70 7 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 100 80 60 8 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 60 50 40 9 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) 50 40 30 10 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) 30 25 20 р/с № Жарыстар атауы Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) Ескерту Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Әлем чемпионаты 150 130 100 Ай сайынғы ақшалай төлемдері халықаралық жарыстардың жазғы спорт түрлерінен 10 мемлекеттен астам және қысқы спорт түрлерінен 5 мемлекеттен астам қатысуы жағдайда, республикалық жарыстарда 10 спортшы мен 5 командалары қатысқан жағдайда төленеді. 2 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) 100 80 70 3 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 160 140 120 4 Азия чемпионаты (ересектер) 120 100 80 5 Азия чемпионаты (жастар) 100 80 60 6 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 60 50 - 7 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) 40 - - 8 Азия чемпионаты (жасөспірімдер) 35 25 20 9 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) 25 - - р/с № Жарыстар атауы Ай сайын төленетін ақшалай үлестің мөлшері (мың теңге) Ескерту Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 350 300 250 Ай сайынғы ақшалай төлемдері жарыстардың жазғы спорт түрлерінен 10 командаларынан астам және қысқы мен ұлттық спорт түрлерінен 4 командаларынан астам қатысқан жағдайда төленеді. 2 Әлем чемпионаты 250 200 150 3 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) 120 100 80 4 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 175 150 125 5 Азия чемпионаты (ересектер) 125 100 75 6 Азия чемпионаты (жастар) 70 60 50 7 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 85 75 65 8 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) 45 40 35 9 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер) 40 35 30 10 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) 25 20 15 р/с № Жарыстар атауы Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 100 90 80 2 Әлем чемпионаты 70 60 50 3 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 34 30 26 4 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 60 50 40 5 Азия чемпионаты (ересектер) 50 40 30 6 Азия чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 22 18 14 7 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 20 16 12 8 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар, жеткіншектер) 12 10 8 9 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) 10 8 6 10 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер, кадеттер) 6 5 4 р/с № Жарыстар атауы Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (мың теңге) Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Әлем чемпионаты 30 26 20 2 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) 20 16 14 3 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 32 28 24 4 Азия чемпионаты (ересектер) 24 20 16 5 Азия чемпионаты (жастар) 20 16 12 6 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 12 10 - 7 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) 8 - - 8 Азия чемпионаты (жасөспірімдер) 7 5 4 9 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) 5 - - р/с № Жарыстар атауы Ай сайын төленетін ақшалай үлестің мөлшері (мың теңге) Жүлделі орындар І ІІ ІІІ 1 Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) 70 60 50 2 Әлем чемпионаты 50 40 30 3 Бүкіләлемдік универсиада, Әлем чемпионаты (жастар) 24 20 16 4 Азия ойындары, Азия Паралимпиада ойындары 35 30 25 5 Азия чемпионаты (ересектер) 25 20 15 6 Азия чемпионаты (жастар) 14 12 10 7 Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, чемпионаты (ересектер), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (ересектер) 17 15 13 8 Қазақстан Республикасының Жастар ойындары, чемпионаты (жастар) 9 8 7 9 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары, Азия балалары, Азия чемпионаты (жасөспірімдер) 8 7 6 10 Қазақстан Республикасының чемпионаты (жасөспірімдер) 5 4 3
Басқа 9. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №211 қаулысына қосымша Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдері белгіленетін адамдардың тізбесін анықтайтын жұмыс тобының құрамы
Тармақ 1
1. Дене шынықтыру және спорт саласына жетекшілік ететін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі;
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі болмаған жағдайда оның орнын алмастырады);
Тармақ 3
3. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 4
4. Облыстық мәслихат депутаты Сүлеймен Серік Кенжебекұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Облыстық мәслихат депутаты Рубцов Аркадий Анатольевич, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 6
6. «Әділет» - құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басқару төрағасы Бисенғалиев Мұхит Мұханұлы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 7
7. «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Танабаева Жаннат Ізімбергенқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 8
8. Облыстық қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Есекенова Айгүл Оразқызы, жұмыс тобының мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 9
9. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 10
10. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиада резервтерін даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі;
Тармақ 11
11. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры, жұмыс тобының мүшесі.
Тармақ 12
12. «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоғары жетістіктер спорты бөлімінің басшысы, жұмыс тобының хатшысы.