Об утверждении Правил допризывной подготовки по образовательным программам дополнительного образования Қолданыста
Басқа 0
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы
2-тармағының 26-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың
орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
2017 жылғы 9 шілде
Басқа 0. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 29 шілдедегі
№ 398 бұйрығымен бекітілген
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлықты (бұдан әрі – ӘШДД) ұйымдастыру және одан өту тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) ӘШДД бойынша қосымша білім оқытушысы (бұдан әрі – ӘШДД оқытушысы) – бастапқы әскери даярлық педагогі, қосымша білімнің мектептен тыс ұйымының қызметкері, әскери іс негіздері бойынша білімі бар және әскери қызметтен өткен, ӘШДД-ны жүзеге асыратын әскери бөлімнің (мекеменің) өкілі;
Тармақша 2
2) жас айбын – ӘШДД бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын адам;
Тармақша 3
3) қосымша бiлiм беретiн мектептен тыс ұйым – балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға, әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа бағытталған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын оқу-тәрбие ұйымы;
Тармақша 4
4) қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша ӘШДД – жас айбындардың әскери қызмет өткеру үшін қажетті білімін, машықтарын, дағдылары мен қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі іс-шараларының жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлықты ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлықты ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. ӘШДД негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жас айбын сыныптарында, топтарында, қосымша білімнің мектептен тыс ұйымдарында және әскери бөлімдердің (мекемелердің) қатысуымен (бұдан әрі – ӘШДД ұйымдары) жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. ӘШДД ерікті негізде ұйымдастырылады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) сәйкес қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. ӘШДД ұйымдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК), басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) және басқару органдарына жақын болуына, сондай-ақ ӘШДД ұйымы басшыларының шешіміне байланысты әскер түрлерінің (құрлық, әскери-теңіз, әуе-десанттық, артиллериялық және т.б.) әскери-есептік мамандықтарына сәйкес ӘШДД бағыты бар.
Тармақ 6
6. ӘШДД-ға жалпы басшылық жасауды және бақылауды ӘШДД ұйымдарының басшылары жүзеге асырады. ӘШДД оқытушысы сабақтар өткізу кезінде белгіленген қағидалар мен қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына жауапты болады.
Тармақ 7
7. ӘДД бойынша сабақтар арнайы жабдықталған кабинеттерде (сыныптарда) және оқу алаңдарында (саптық плац, кедергілер жолағы, тир және басқалар) өткізіледі.
Тармақ 8
8. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері (мекемелері) ӘШДД ұйымдарына оқу алаңдарын беріп, жас айбындарды даярлауда жәрдем көрсетеді, сондай-ақ әскери қызметшілердің жетекшілігімен сабақтар өткізеді.
Тармақ 9
9. Жас айбындарды ӘШДД-ны іске асыру үшін ӘШДД ұйымдарында оқу-материалдық база ұйымдастырылады және жетілдіріледі.
Тармақ 10
10. Ұсынылатын оқу-материалдық базаның құрамына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) оқу кабинеттері және мамандандырылған үй-жайлар (алаңдар):
әскери іс, тактика, топография, байланыс, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздерін, дрон операторының дағдыларын және басқаларды зерделеу үшін қажетті оқу құралдарымен, плакаттармен, схемалармен, қару мен әскери техника макеттерімен, дрондармен, әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторлармен жабдықталған ӘШДД кабинеті;
саптық тәсілдерді пысықтау үшін айналармен, саптық командаларды орындау қағидалары жазылған плакаттармен жарақтандырылған саптық даярлық кабинеті (алаңы) немесе саптық плац;
спорттық жабдықты және құрал-жабдықты (гимнастикалық снаряд, белтемір, арқан, гантель, штанга, спорттық төсеніш, нысан және басқа) қамтитын, дене шынықтыру дайындығымен айналысу, өзін-өзі қорғау, кедергілерден өту тәсілдерін пысықтау үшін арналған спорт залы/алаңы;
әртүрлі кедергілерден өту дағдыларын пысықтау, дене төзімділігі мен психологиялық тұрақтылықты дамыту үшін арналған кедергілер жолағы;
пневматикалық қарудан ату негіздеріне үйрету және дәл ату дағдыларын пысықтау үшін арналған, нысандармен, қорғаныш керек-жарақпен, қарумен, оқ ату нәтижесін бақылау құралдарымен жабдықталған тир (электрондық/пневматикалық);
алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтау үшін оқу құралдарымен, манекендермен, медициналық құрал-жабдықпен және шығыс материалдарымен жарақтандырылған медициналық даярлық кабинеті (болған кезде);
информатика, әскери байланыс және дрондарды басқару негіздерін зерделеу үшін компьютерлік техникамен, әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторлармен, мультимедиялық жабдықпен және мамандандырылған бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған ақпараттық технологиялар кабинеті (болған кезде).
Тармақша 2
2) қару-жарақ пен әскери техника (макеттер/оқу-жаттығу үлгілері):
автомат, пистолет, граната макеттері;
инженерлік оқ-дәрілердің (миналардың, снарядтардың) оқу-жаттығу үлгілері;
әртүрлі мақсаттағы дрондардың оқу-жаттығу үлгілері;
радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау оқу-жаттығу құралдары (газтұмша, жалпыәскери қорғаныш жиынтық);
байланыс құралдарының оқу-жаттығу үлгілері (радиостанция);
қадағалау аспаптарының оқу-жаттығу үлгілері (дүрбі, түнде көру аспабы);
Тармақша 3
3) оқу-әдістемелік материалдар:
оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік әзірлемелер, тестілер, тапсырмалар, барлық ӘШДД бөлімі бойынша сұрақтар;
плакаттар, схемалар, кестелер, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар;
бейнематериалдар, презентация, әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторлар;
нормативтік құжаттар, ҚР ҚК жарғылары;
Тармақша 4
4) қосымша жабдық пен құрал-жабдық:
әскери киім нысанының үлгілері;
жергілікті жерде бағдарлау құралдары (карта, құбылнама);
шанецтік құрал-сайман (инженерлік күрек);
медициналық дәріқобдиша;
өрт сөндіру құралдары;
әскерге шақыруға дейінгі далалық оқу-жаттығу сабақтары (бұдан әрі – ӘШДДОС) кезеңінде жас айбындар мен ӘШДД оқытушыларын орналастыру үшін кенеп шатырлар мен оларға құрал-жабдық.
Тармақ 11
11. ӘШДД ұйымының көрнекі үгіт-насихат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жабдықталады.
Тармақ 12
12. ӘШДД ұйымында оқуға ерікті негізде 12-ден 18 жасқа дейінгі ӘШДД ұйымының білім алушылары қабылданады.
Тармақ 13
13. Жас айбындардың сыныптары мен топтары саны 21-30 адамнан тұратын взвод деп аталады және 7-10 адамнан тұратын бөлімшеге бөлінеді.
Тармақ 14
14. ӘШДД ұйымы басшысының бұйрығымен жас айбындар қатарынан взвод және бөлімше командирлері тағайындалады.
Тармақ 15
15. Жас айбынның ӘШДД сабақтарына арналған киім нысанының жалпы түрі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өту тәртібі
3-тарау. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өту тәртібі
Тармақ 16
16. ӘШДД теориялық және практикалық сабақтарды, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие іс-шараларын қамтиды. Теориялық сабақтар дәріс, семинар, әңгімелесу және консультация нысанында өткізіледі. Практикалық сабақтар жаттықтыру, ойын, ӘШДДОС, жарыс және практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған басқа да іс-шара нысанында өткізіледі.
Тармақ 17
17. ӘШДД «Әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1181 бұйрығына сәйкес іске асырылады, ол:
барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер үшін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын;
техникалық және кәсіптік білім беру (ТКБ) мекемелері үшін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын;
қосымша білімнің мектептен тыс ұйымдары үшін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын;
ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері үшін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын қамтиды.
Тармақ 18
18. ӘШДД бойынша сабақ кестесін ӘШДД ұйымының басшысы бекітеді, онда сабақ саны, ұзақтығы, реттілігі мен күні көрсетіледі. Сабақтың ұзақтығы ӘШДД-ның тиісті білім беру бағдарламасында айқындалады. Сабақ кестесі жас айбындардың жас ерекшеліктері ескеріліп жасалады.
Тармақ 19
19. Сабақ өткізу нысанын ӘШДД оқытушысы оқу материалының мазмұнына және сабақ мақсатына байланысты айқындайды. ӘШДД оқытушысы қазіргі заманғы білім беру технологияларын және интерактивті дәріс, кейс, тренинг, жағдайды модельдеу сияқты оқыту әдістерін пайдаланады.
Тармақ 20
20. Жас айбындардың барлық теориялық сабағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) айқындалған қауіпсіздік талаптарына, санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес арнайы жабдықталған кабинеттерде (сыныптарда) өткізіледі.
Тармақ 21
21. Жас айбындардың саптық даярлық бойынша практикалық сабағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33970 болып тіркелген) айқындалған элементтерді орындауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған алаңдарда (саптық плацта) өткізіледі.
Тармақ 22
22. Жас айбындардың жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық сабағы ағымдағы метеорологиялық жағдайға байланысты далада сабақ өткізуге мүмкіндік беретін арнайы жабдықталған, оның ішінде кедергілер жолағы бар алаңдарда, спорт залдарында және жабық үй-жайларда өткізіледі.
Жас айбындардың жалпы дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық сабағы әскери-қолданбалы бағытты, оның ішінде кедергілер жолағынан өтуді, жауынгерлік өнерді үйретуді көздейді. Жалпы дене шынықтыру дайындығы сабағын тиісті бейіндегі мамандар өткізеді.
Тармақ 23
23. ӘШДД ұйымдарында жыл сайын жас айбындар үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9988 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы халқының дене шынықтыру даярлығына президенттік тестілерін өткізу қағидаларына сәйкес дене шынықтыру дайындығы нормативтерін тапсыру ұйымдастырылады және жүргізіледі. Президенттік тестілерді тапсыру нәтижесі бойынша нормативтерді орындаған жас айбындарға дене шынықтыру дайындығы сертификаты (дәрежесі бойынша) беріледі.
Тармақ 24
24. Әскери іс, әскери қызмет, тактикалық даярлық, оқ ату, саптық даярлық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау негіздері, бейіндік даярлық бағыты бойынша сабақ әскери даярлық бойынша интерактивті сабақ жинағы бар үш өлшемді симуляторды пайдаланып өткізіледі.
Тармақ 25
25. Медициналық білім мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері бойынша сабақты медицина саласындағы маман немесе медициналық даярлықтан өткені туралы тиісті сертификаты болған кезде ӘШДД оқытушысы өткізеді.
Тармақ 26
26. Жас айбындардың үлгерімін бақылау мынадай нысанда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) ағымдағы (жартыжылдық) бақылау (сұрау, үй тапсырмаларын тексеру, сабақтағы үлгерімін қадағалау);
Тармақша 2
2) аралық (жылдық) бақылау (бақылау жұмысы, тестілер, бағдарламаның жеке бөлімдері бойынша сынақ);
Тармақша 3
3) қорытынды аттестаттау (оқу қорытындысы бойынша) (кешенді емтихан, бітіру біліктілік жұмысын орындау).
Тармақ 27
27. Ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен тәртібі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 28
28. Аралық және қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша ӘШДД ұйымдарында жас айбындар үлгерімінің рейтингісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 29
29. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ӘШДД ұйымдарында ұзақтығы күнтізбелік 5 күн (30 оқу сағаты) болатын ӘШДДОС өткізіледі. ӘШДДОС іс жүзінде оқытып-үйрету және жас айбындардың ӘШДД теориялық курсын оқыған кезде меңгерген әдістемелік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізіледі.
Тармақ 30
30. ӘШДДОС, егер мұндай мүмкіндік болса, жас айбын ата-анасының (заңды өкілдердің) келісімі болған кезде әскери оқу орындары, ҚР ҚК-нің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері базасында өткізіледі. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда ӘШДДОС әскери-патриоттық қоғамдық бірлестіктер, спорт-сауықтыру лагерьлері базасында немесе білім беру ұйымдары жанынан ұйымдастырылады.
Тармақ 31
31. ӘШДДОС барысында жас айбындар:
Тармақша 1
1) әскери қызметшілердің орналасуын және тұрмысын;
Тармақша 2
2) қарауылдық және ішкі қызметтерді ұйымдастыруды;
Тармақша 3
3) саптық, оқ ату, тактикалық, дене шынықтыру және әскери-медициналық даярлық элементтерін;
Тармақша 4
4) әскерлерді радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мәселелерін зерделейді.
Тармақ 32
32. ӘШДДОС:
Тармақша 1
1) лагерьлік жиынды (шатырлар мен жағдай болғанда – шатырлы қалашықты) өрістетуді;
Тармақша 2
2) тактикалық кедергілер жолағынан өтуді;
Тармақша 3
3) әскери-қолданбалы бағыттағы нормативтерді, жекпе-жек ұрыс элементтерін орындауды;
Тармақша 4
4) саптық даярлық және бөлімшелердің қозғалуы бойынша нормативтерді орындауды;
Тармақша 5
5) сақшының міндеттерін орындау бойынша практикалық іс-қимылды;
Тармақша 6
6) пневматикалық қарудан немесе лазерлік тирде атуды;
Тармақша 7
7) Калашников автоматының макетін жинауды-бөлшектеуді;
Тармақша 8
8) алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және шартты түрде жараланған адамды жеткізуді;
Тармақша 9
9) жеке радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын іс жүзінде қолдануды;
Тармақша 10
10) азаматтық және аумақтық қорғаныс негіздерін, төтенше жағдай кезінде және соғыс жағдайында іс-қимылды іс жүзінде меңгеруді;
Тармақша 11
11) қашықтыққа марш жасауды (жағдай болғанда);
Тармақша 12
12) оқ ату, тактикалық, саптық, дене шынықтыру және әскери-медициналық даярлық бойынша байқау және қорытынды сынақты қамтиды.
Тармақ 33
33. ӘШДДОС кезінде жеке құрамның болуын тексеруді, таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуларын, сабақ пен сынақты, қорытынды шығаруды, әскери-патриоттық іс-шараларды ескеріп, күн тәртібі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 34
34. ӘШДД ұйымы әскери білім беру мәселелеріне жееткшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі жіберетін жас сарбаздарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын ескеріп, тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарын (бұдан әрі – ТӘПЖ жоспары) әзірлейді. ТӘПЖ жоспарын ӘШДД басталғанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ӘШДД ұйымының басшысы бекітеді.
Тармақ 35
35. ТӘПЖ жоспарына мынадай бөлімдер енгізіледі:
Тармақша 1
1) әскери-патриоттық жұмыс;
Тармақша 2
2) ақпараттық-тәрбие жұмысы;
Тармақша 3
3) көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу;
Тармақша 4
4) идеологиялық жұмыс;
Тармақша 5
5) мәдени-демалыс жұмысы;
Тармақша 6
6) психологиялық жұмыс;
Тармақша 7
7) имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс.
Тармақ 36
36. ӘШДД бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын толық көлемде меңгерген жас айбындарға ӘШДД ұйымының басшысы салтанатты жағдайда өткен бағдарлама бойынша пәндер, баға мен сағат саны көрсетілген ӘШДД-дан өткені туралы сертификат береді.
Тармақ 37
37. ӘШДД бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген жас айбындарға «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38, 39-баптарына сәйкес жеңілдіктер беріледі. Қосымша білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген жас айбындарды есепке алу «Азаматтарды әскерге шақыруға дейінгі даярлықты жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімі» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. ӘШДД бойынша толық курсты аяқтаған азаматтардың тізімін ӘШДД ұйымдарының басшылары азаматтардың тіркелген орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жібереді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «___» ______
№_____ бұйрығына
1-қосымша
Р/с №
Атауы
Ескертпе
1
Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының, елтаңбасының, гимнінің, ҚР ҚК эмблемасының бейнесі
2
Әскери анттың мәтіні
3
Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері
4
Қарулы Күштердің құрылымы туралы ақпарат
5
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының портреті
6
Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Шоқан Уәлихановтың, Талғат Бигелдиновтің, Сабыр Рақымовтың портреті
7
ҚР ҚМ басшылық құрамының портреті
8
Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін орындау кезіндегі кепілдіктері
9
Ақпаратты мультимедиялық көрсету құралдары (интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, мультимедиялық экран және т.б.)
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «___» ______
№_____ бұйрығына
2-қосымша
Жас айбынның далалық киім нысаны үшін шевронның жалпы түрі
сол жақтан
оң жақтан
Жас айбынның күнделікті киім нысанының жалпы түрі
Жас айбынның күнделікті киім нысаны үшін шевронның жалпы түрі
сол жақтан
оң жақтан
Жас айбынның күнделікті киім нысаны үшін кеудеге тағатын жапсырмалар
оң жақтан
сол жақтан
Ескертпе:
ӘШДД-дан теориялық сабақ өткізген уақытта жас айбындар далалық және күнделікті киім нысанына сәйкес келетін киім нысанын киеді (ӘШДД ұйымы басшысының шешімі бойынша). Практикалық сабақта және ӘШДДОС-да киім нысаны — далалық. Салтанатты және әскери-патриоттық іс-шараларда — күнделікті, қара түсті классикалық аяқ киім.
Күнделікті уиім нысаны бас киімінің түрі (берет немесе кепка) ӘШДД ұйымы басшысының шешімімен айқындалады.
Басқа 3. ӘШДД бойынша ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны мен тәртібі
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «___» ______
№_____ бұйрығына
3-қосымша
ӘШДД бойынша ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны мен тәртібі
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы тәртіп қосымша білімнің білім беру бағдарламалары шеңберінде ӘШДД бойынша ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу нысаны мен тәртібін айқындайды.
Тармақ 1.2
1.2. Аттестаттау мақсаты – жас айбындардың білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау, білім мен дағдылардағы олқылықтарды анықтау, сондай-ақ оларды оқу қызметіне ынталандыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Ағымдағы бақылау
Тармақ 2.1
2.1. Мақсаты: оқу процесі барысында пәндердің (модульдердің) нақты тақырыптары мен бөлімдері бойынша оқу материалын меңгеру дәрежесін айқындау.
Тармақ 2.2
2.2. Нысаны:
Ауызша сұрау: практикалық сабақ, семинар, дәріс өткізу барысында білімін тексеру;
Жазбаша жұмыс: тест, реферат, эссе.
Практикалық тапсырмалар: практикалық дағдыларды пысықтауға бағытталған тапсырмаларды орындау (мысалы, Калашников автоматын бөлшектеу-жинау, алғашқы көмек көрсету, РХБҚ құралдарын кию, жергілікті жерде бағдарлану).
Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
Сабақтағы жұмысты бағалау: белсенділікті, жауаптардың дұрыстығын, тапсырмалардың орындалуын есепке алу.
Тармақ 2.3
2.3. Өткізу тәртібі:
Ағымдағы бақылауды ӘШДД оқытушысы оқу кезеңінің барлық мерзімі ішінде жүргізеді.
Ағымдағы бақылау нәтижелері аралық аттестаттауға баға қою кезінде ескеріледі.
Тармақ 3
3. Аралық аттестаттау
Тармақ 3.1
3.1. Мақсаты: оқу пәнін (модулін) зерделеу аяқталған соң оқу материалын меңгеру деңгейін бағалау.
Тармақ 3.2
3.2. Нысаны:
Сынақ: ауызша немесе жазбаша сұрау, практикалық тапсырманы орындау түрінде өткізіледі.
Тармақ 3.3
3.3. Өткізу тәртібі:
Аралық аттестаттауды өткізу нысаны оқу жоспарында және оқу пәнінің (модульдің) жұмыс бағдарламасында айқындалады.
Аралық аттестация нәтижелері балдық жүйе бойынша (бағалау өлшемшартына сәйкес) немесе «сынақ», «сынақтан өтпеді» деп бағаланады.
Тармақ 4
4. Қорытынды аттестаттау
Тармақ 4.1
4.1. Мақсаты: білім алушылардың жалпы ӘШДД бағдарламасын толық меңгеру деңгейін бағалау, алынған білімнің, іскерліктің, дағдылар мен қасиеттердің бағдарламада белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау.
Тармақ 4.2
4.2. Нысаны:
Кешенді емтихан: ӘШДД бағдарламасының барлық негізгі бөлімдері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды тексеруді қамтиды.
Тармақ 4.3
4.3. Өткізу тәртібі:
Қорытынды аттестаттауға ӘШДД бағдарламасының барлық оқу пәні (модулі) бойынша аралық аттестаттаудан сәтті өткен білім алушылар жіберіледі.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамын бағдарламаны іске асыратын ұйымның басшысы бекітеді. Комиссия құрамына ӘШДД оқытушылары, ӘШДД ұйымының өкілдері, сондай-ақ, мүмкін болса, әскери бөлімдердің (мекемелердің) өкілдері енгізіледі.
Кешенді емтиханға арналған емтихан билеттерін (сұрақтарды) ӘШДД оқытушылары әзірлейді.
Қорытынды аттестаттау нәтижелері балдық жүйе бойынша (бағалау өлшемшартына сәйкес) бағаланады.
Қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен білім алушыларға ӘШДД-дан өткенін растайтын құжат беріледі.
Тармақ 5
5. Қайта тапсыру
Тармақ 5.1
5.1. Аралық немесе қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар қайта тапсырудан өтеді.
Тармақ 5.2
5.2. Қайта тапсыру тәртібі мен мерзімін ӘШДД бағдарламасын іске асыратын ұйым айқындайды.
Тармақ 6
6. Құжаттама
Тармақ 6.1
6.1. Аттестаттаудың барлық түрінің нәтижелері тиісті құжаттарда (үлгерім журналдарында, емтихан ведомостарында, қорытынды аттестаттау хаттамаларында және т.с.) тіркеледі.
Тармақ 6.2
6.2. Аттестатау бойынша құжаттама ӘШДД бағдарламасын іске асыратын ұйымда белгіленген тәртіппен сақталады.
Ескертпе:
Осы тәртіп үлгілік болып табылады және нақты ӘШДД білім беру бағдарламасының және оны іске асыратын ұйымның ерекшеліктеріне қарай бейімделуі мүмкін. Аттестаттаудың барлық кезеңдерін нақты регламенттеу және ақпаратты оқыту басталғанда білім алушылардың назарына жеткізу қажет.
1-кесте. Жас айбындардың рейтингісі
Р/с №
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (ТАӘ)
Туған күні
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
Теориялық даярлық (балл)
Саптық даярлық (балл)
Дене шынықтыру дайындығы (балл)
Әскери-қолданбалы даярлық (балл)
Тәртібі мен сабаққа қатысуы (балл)
Әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуы (балл)
Ұйымның қосымша бағалауы (балл)
Жиынтық балы
Рейтингілік орны
Ескертпе
1
2
3
…
…
…
Нысанға түсіндірме:
Т.А.Ә.: жас айбынның тегі, аты және әкесінің аты толық көрсетіледі.
Туған күні: жас айбынның туған күні көрсетіледі.
ЖСН: жас айбынның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (ЖСН-нің сақталуы мен пайдаланылуы дербес деректерді қорғау туралы ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс).
Бағалау өлшемшарты:
әр бағанда жас айбынның тиісті өлшемшарт бойынша алған балы көрсетіледі.
Жалпы балл:
барлық өлшемшарт бойынша балл жиынтығы ретінде есептеледі.
Рейтинг:
жалпы балл негізінде айқындалады. Ең көп балл жинаған жас айбындар бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындарды иеленеді.
Ескертпе: бұл бағанда қосымша ақпарат көрсетілуі мүмкін, мысалы, жас айбынның ерекше жетістіктері туралы.
Бұл нысан үлгілік болып табылады және нақты білім беру бағдарламасының және оны іске асыратын ұйымның ерекшеліктеріне қарай бейімделуі мүмкін.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы «___» ______
№_____ бұйрығына
4-қосымша
Нысан
ӘШДД бағдарламасын іске асыратын ұйым: _________________________
Білім беру бағдарламасы: _____________________________________
Оқу жылы: __________________________________________________
Тобы: _______________________________________________________
Т.А.Ә. _______________________________________________________
*Бағалау өлшемшарттары: *
Тармақша 1
1) Теориялық даярлық: _____ (ең жоғары 30 балл);
Тармақша 2
2) Саптық даярлық: _____ (ең жоғары 10 балл);
Тармақша 3
3) Дене шынықтыру дайындығы: _____ (ең жоғары 10 балл);
Тармақша 4
4) Әскери-қолданбалы даярлық: _____ (ең жоғары 20 балл);
Тармақша 5
5) Тәртібі мен сабаққа қатысуы: _____ (ең жоғары 10 балл);
Тармақша 6
6) Әскери-патриоттық іс-шараларға қатысуы: _____ (ең жоғары 20 балл);
Тармақша 7
7) қосымша балл: (үздік білім көрсететін, белсенді көшбасшылық ұстаным танытқан жас айбындар қосымша балмен көтермеленуі мүмкін) _____ (5-тен 50 баллға дейін).
Тармақша 8
8) жиыны: _____ (ең жоғары 150 балл).
Жас айбынның рейтингісі: _______