Об утверждении Правил формирования базы данных вкладчиков (получателей) по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и единого списка физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, и Правил обмена информацией между информационными системами центрального исполнительного органа и единого накопительного пенсионного фонда о движениях по индивидуальным пенси Күшін жойған
Басқа 0
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнеақы қорынын ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстары туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5) және 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРAМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары қозғалыстар, сондай-ақ зейнетақы төлемін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы 9 тамыз
Басқа 1. Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 232 бұйрығына
1-қосымша
Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы
жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидалары және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін, салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын (бұдан әрі - дерекқор) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 3
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – МЗЖ (МКЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалар бойынша «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ-дағы мәліметтер;
Тармақша 5
5) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
Тармақша 6
6) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;
Тармақша 7
7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
Тармақша 8
8) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 9
9) «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ААЖ (бұдан әрі – «ТӨҰ» ААЖ) – МЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ.
Тармақ 3
3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
Тарау 2. 2-тарау. МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін
қалыптастыру тәртібі
2-тарау. МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру
туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін
қалыптастыру тәртібі
Тармақ 4
4. ЖТБТ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес БЖЗҚ-дан алынған МЗЖ (МКЗЖ) есепке алу бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарындағы мәліметтер (бұдан әрі – ЖЗШ) негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. ЖТБТ әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі, азаматтығы;
Тармақша 2
2) жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі, көрсетілген құжаттардың берілген күні және оларды берген органның атауы;
Тармақша 4
4) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашылғаны немесе жабылғаны туралы;
Тармақша 5
5) салымшының (алушының) деректемелері, азаматтығы, мәртебесі өзгергені туралы дербестендірілген деректерді қамтиды.
Тармақ 6
6. «ТӨҰ» ААЖ күнделікті негізде дерекқорды жаңарта отырып, ЖТБТ қалыптастырады.
Тармақ 7
7. «ТӨҰ» ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) ЖТБТ-дағы дербес деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді, айырмашылықтар анықталған жағдайда оларды «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы деректермен сәйкестікке келтіреді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, МКЗЖ төлеу бойынша агенттерден, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл түскен кезде «ТӨҰ» ААЖ күн сайын салымшылардың (алушылардың) дербес деректерін «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорындағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының деректеріне сәйкес келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжат (құжаттар) болған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілі болған жағдайда, Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) агенттері аударған, өсімақыларда.
Салымшылардың (алушылардың) дербес деректері «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорының деректеріне сәйкес келмеген, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттар болмаған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылардың (алушылардың) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына тиесілілігі болмаған, қайтыс болуы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерге сәйкес МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл төленетін кезеңнен бұрын басталған салымшының (алушының) қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған кезде, Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, агентке МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл сомаларын «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде қайтаруды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ
бойынша дерекқорын қалыптастыру тәртібі
3-тарау. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ
бойынша дерекқорын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Салымшылардың (алушылардың) МЗЖ, МКЗЖ бойынша дерекқоры ЖТБТ негізінде қалыптастырылады және әрбір салымшы (алушы) бойынша мынадай деректерді қамтиды:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, азаматтығы;
Тармақша 3
3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, берілген күні және берген орган;
Тармақша 4
4) ЖЗШ ашылған күнін көрсете отырып, МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның жабылғаны туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ-ның жабылу себебі мен күнін көрсете отырып, ЖЗШ-ның жабылуы туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) аударылған МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес оларды қайтару туралы ақпарат;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес агенттің атауы мен деректемелерін қоса алғанда, МЗЖ, МКЗЖ төлеу жөніндегі агенттер туралы ақпарат;
Тармақша 8
8) салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы ақпарат;
Тармақша 9
9) салымшының (алушының) азаматтығының, мәртебесі өзгергені туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) салымшының (алушының) туған жері, тұрғылықты жерінің мекенжайы, азаматтығы.
Тармақ 10
10. Салымшының (алушының) дербес деректері өзгергені туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру ЖТБТ-ға өзгерістерді енгізген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-ларының өзара іс-қимылы туралы келісімде айқындалған электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның және (немесе) МКЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның болуын қамтамасыз етеді.
Басқа 2. Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 232 бұйрығына
2-қосымша
Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 8) тармақшасына, 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 3
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
Тармақша 5
5) жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі (бұдан әрі – ЖТБТ) – Мемлекеттік корпорация МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастыратын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі;
Тармақша 6
6) Келісім – ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын орталық атқарушы орган мен БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы туралы келісім;
Тармақша 7
7) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға Заңға сәйкес салынатын ақша;
Тармақша 8
8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін БЖЗҚ-ға агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
Тармақша 9
9) орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
Тарау 2. 2-тарау. Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібі
2-тарау. Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпаратпен алмасу тәртібі
Тармақ 4
4. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында ақпарат алмасу Келісімнің негізінде еркін нысанда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында алмасуға мынадай:
Тармақша 1
1) МЗЖ, МКЗЖ есепке алу бойынша ашылған және жабылған жеке зейнетақы шоттары;
Тармақша 2
2) түскен (қайтарылған) МЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;
Тармақша 3
3) салымшылардың (алушылардың) дербес деректері өзгергені туралы;
Тармақша 4
4) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары туралы және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін есептеу кезінде қажет БЖЗҚ-дан алушыға жүргізілген бірінші зейнетақы төлемінің күні туралы (сұрау бойынша беріледі);
Тармақша 5
5) сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы және сақтандыру ұйымына аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы;
Тармақша 6
6) салымшының (алушының) мүгедектік тобын, белгіленген күнін және мерзімін мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған дерекқорында растау туралы.
Тармақша 7
7) МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күнге есептелген инвестициялық табыс сомалары туралы;
Тармақша 8
8) БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы төлемдерінің және (немесе) аударымдардың мөлшерлері туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақша 9
9) ОАО-ның салымшыларға (алушыларға) жәрдемақыларды тағайындау негіздері туралы (салымшыда (алушыда) зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде стандартты салық шегерімдерін қолдану құқығы болған кезде);
Тармақша 10
10) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті Мемлекеттік корпорацияда тіркеген зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы ақпарат жатады.
Тармақша 11
11) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, Заңның 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары туралы, Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сомалары туралы;
Тармақша 12
12) Заңның 11-бабының 1-3-тармақтарында көрсетілген адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы, сондай-ақ оларды тағайындау күніне белгіленген мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы;
Тармақша 13
13) алушының жасына байланысты зейнетақы алушыларға, еңбек сіңірген жылдары үшін, отставкадағы судьяларға тиесілігі туралы;
Тармақша 14
14) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асырылған, уәкілетті оператор қайтарған біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомалары және инвестициялық портфельді басқарушыны сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына зейнетақы жинақтарының қайтарылған сомалары туралы.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған мәліметтерді беру Келісімге сәйкес электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған мәліметтермен алмасу күнделікті негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. БЖЗҚ күн сайын ағымдағы Нұр-Сұлтан қаласының ағымдағы күнгі уақыты бойынша 23 сағат 30 минуттан кешіктірмей ОАО ААЖ-ға осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді Келісімде белгіленген форматта жібереді.
ОАО ААЖ мәліметтер түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға мәліметтерді алғаны туралы электрондық хабарламаны және жіберілген (алынған) мәліметтер бойынша салыстырып тексеру хаттамасын (бұдан әрі – Хаттама) жолдайды.
ЖТБТ-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді толықтырудан бас тартылған жағдайда Хаттамада бас тарту себебі көрсетіле отырып зейнетақымен қамсыздандыру туралы өзектендірілмеген шарттар бойынша ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді беру ЖТБТ-ға өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Келісімге сәйкес ОАО ААЖ-дан БЖЗҚ-ға жүзеге асырылады.
БЖЗҚ салымшының (алушының) дербес деректерінің өзгергені туралы мәліметтерді алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ ААЖ-ға өзгерістер енгізеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ОАО мен БЖЗҚ-ның ААЖ-лары арасында Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасына жеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін өтініш жасамаған адамдар бойынша ОСО ААЖ-да көрсетілген адамдарда жасына байланысты тағайындалған зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері болуға тиіс.
Тармақ 10
10. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 11
11. Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді ОАО ААЖ-ға беруді БЖЗҚ әр тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен (он бесі) кешіктірмей Келісімде белгіленген форматта жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпарат негізінде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасы мен БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы мәліметтерді, соның ішінде ағымдағы жылы Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толатын және БЖЗҚ-да МЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты қалыптастырады және ОАО-ға ұсынады.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді БЖЗҚ ОАО ААЖ-ға күн сайын Келісімде белгіленген нысанда береді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 5-тармағының 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларымен белгіленген ОАО ААЖ-мен БЖЗҚ арасындағы мәліметтер алмасу Келісімде белгіленген форматта және мерзімде жүзеге асырылады.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 3 тамыз
№ 232 бұйрығына
3-қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 202 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 қарашада № 9896 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру қағидаларын және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы
№ 12-ө бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 ақпанда № 9167 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 13218 болып тіркелген) 2-тармағы.