О состоянии преступности правонарушений, и безнадзорности среди несовершеннолетних, а также о мерах, принимаемых по профилактике преступлений среди несовершеннолетних Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың жәйі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі алынып жатқан шаралар туралы Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың жәйi туралы мәселенi қарап және талқылап, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы "Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Ә. Жарылғасовтың "Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың жәйi, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу жөнiндегi алынып жатқан шаралар туралы" хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкiмдерi, құқық қорғау органдары, бiлiм және денсаулық сақтау департаменттерi, туризм және спорт басқармасы басшылары:
Тармақша 1
1) тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың, құқық бұзушылықтың және бақылаусыздықтың жәй-күйiне, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң заңға қайшы мiнез-құлқының алдын алу жөнiнде қабылданатын ықпал ету нысандары мен әдiстерiне талдау жасасын;
Тармақша 2
2) жас ұрпақ тарапынан келеңсiз көрiнiстерге итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде уақытылы шараларын алсын және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен қылмыстылығының серпiнi мен құрылымындағы қажетсiз үрдiстердi бейтараптандыруға және жоюға бағытталған шаралар кешенiн белгiлесiн;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың, педагогтардың, дәрiгерлердiң кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және денсаулығына жауап беретiн өзге де адамдардың жауапкершiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлесiн;
Тармақша 4
4) Атырау қаласында әрбiр кварталда тазаланған жертөлелерде балалар мен жасөспiрiмдердiң аулалық спорт клубтары мен үйiрмелерi ұйымдастырылсын, аудан орталықтарында спорт жұмыстары жандандырылсын, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кешкi уақытта компьютерлiк сыныптары айналысуына жағдай жасалсын;
Тармақша 5
5) оқудан қасақана жалтарушы, үйлерiнен, балалар тәрбие мекемелерiнен үнемi кетiп қалатын, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен, ұрлықпен және де өзге де қоғамға жат әрекеттермен шұғылданатын кәмелетке толмағандардың толық есебiн алып, оқумен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 6
6) жүйкеге белсендi әсер ететiн заттарды пайдалануға әуес кәмелетке толмағандардың толық есебiмен, медициналық-әлеуметтiк алдын алу шараларымен қамтамасыз етсiн. Маскүнемдiктiң, нашақорлықтың және уытқұмарлықтың алдын-алу жөнiндегi жұмыстар күшейтiлсiн.
Тармақша 7
7) Оқу орындарында кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеудiң жәй-күйiн зерделеп, ерте бастан алдын алу шараларын алып, тоқсанына кемiнде бiр рет "Жасөспiрiм", "Жертөле" тағы басқа да операциялар шеңберiнде, олардың заңға қайшы әрекеттерiн анықтап және жолын кесу жөнiнде рейдтiк iс-шаралар жүргiзсiн;
Тармақша 8
8) заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес Атырау қаласы орта мектептерiнде полицияның мектеп инспекторлары штаттық бiрлiгiн енгiзу туралы мәселе қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн және бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында облыстық әкiмият жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиясының жұмысы жандандырылып, алға қарай жоспарлы түрде жүргiзiлсiн. Қалалық және аудандық әкiмияттар жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттерiне жағдай туғызатын себеп пен салдарды анықтаудың, оларды тәрбиелiк және алдын алу шараларымен қамтамасыз ету, бос уақытын өткiзудiң ұйымдасқан түрлерiмен қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асырсын. Осы бағыттағы жұмыстар комиссия отырыстарында үнемi қаралып отырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi Ә.Жарылғасовқа жүктелсiн.
Басқа 13
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың жәйі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу жөніндегі алынып жатқан шаралар туралы АНЫҚТАМА Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық, құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың жәйі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмытың алдын алу жөніндегі алынып жатқан шараларға жүргізілген талдау кезінде бұл бағытта бірқатар оңды істер атқарылғанымен, әлі де болса кемшіліктердің бар екендігі атап өтілді. 2001 жылдың қорытындысымен қылмыстылықтың жағдайына талдау, облыста жалпы қылмыстың 20,1%-ға өскендігін байқатты. Барлығы-3360 (2000 жылы-2797) қылмыс тіркелген, олардың ішінде 1351 (1067) ауыр қылмыстар, қылмыстың ашылуы-78,8% (79,9%) құраған. Кәмелетке толмағандармен облыс бойынша 148 қылмыс жасалған (2000ж.-140), бұл қылмыстылықтың 5,7%-ға өскендігін көрсетеді және жалпы қылмыстың 4,4%-ын құрайды. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың өсуі, әсіресе Атырау қаласы бойынша 3,6%-ға, Индер ауданында-50%, Мақат ауданында 57,1%-ды құраған. Алаңдатушылық туғызатын бір жай, ол бұрын қылмыс жасаған кәмелетке толмағандармен 6 қылмыс жасалуы болып табылады, оның ішінде 5 ауыр және өте ауыр қылмыстар. 2001 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандардың инспекциясында 512 құқық бұзушы кәмелетке толмағандар, оның ішінде 414 мектеп оқушылар есепте тұрады. Облыстық наркологиялық диспансердің деректеріне сәйкес 2001 жылғы спирттік ішімдіктерге, есірткі заттарын пайдалануға және уытқұмарлыққа әуес балаларды анықтау бағытында жүргізілген шаралардың нәтижесінде 99 аурулар анықталған. Жылдың соңында диспансерлік есепте балығы 246 кәмелетке толмағандар, оның ішінде – «нашақорлық» - 3, «созылмалы маскүнемдік» - 2, «спирттік ішімдіктерді қолдану» - 135, «уытқұмарлық заттарды қолдану» - 106 диагноздарымен. Олардың ішінде жастарды 15-ке толмағандар – 60, 35 – қыз балалар, 57-мектеп оқушылары болып табылады. Кәмелетке толмағандардың және жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін білім департаментімен облыс орталығында мектептен тыс жұмыс орталығы ашылған, онда көптен үйірмелер, спорттық секциялар жұмыс істеуде. Үйірмелердегі балалардың қамтылуы 405 оқушыны құрайды. Алдағы уақытта осындай орталықтардың жұмысын аудандардада қолға алу қажет. Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың өсуі бұл аудандық және қалалық әкімияттар жанындағы кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысының өз деңгейінде еместігін айғағы болып табылады. Жоғарыда келтірілген деректер көрсетіп отырғандай, бұл бағытта облыста атқарылып жатқан жұмыстар мардымсыз. Бұның басты себептері-құқық қорғау, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандардың қылмыстарын, құқық бұзушыларына және қадағалаусыздығын болдырмау жөніндегі қызметтері жеткіліксіз дәрежеде жүргізуі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететін орган болып табылады. Алайда, комиссиялармен кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін дұрыс орындамайтын ата-аналарды, және де өзінің қоғамға жат қылықтарымен олардың құқық бұзуына ықпал ететіндерді анықтап, олармен алдын алу жұмыстары жүргізілмейді. Комиссиялардың жұмыстары тек ғана, ішкі істер органдарынан келіп түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды қараумен ғана шектеледі. Бұл бағытта тиісті органдар, қала, аудан әкімі аппараттары бірлесіп жұмыстанып, өскелең ұрпақтың тарапынан келеңсіз көріністерге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде уақытылы шаралар қабылдап және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен қылмыстылығының серпінімен құрылымындағы қажетсіз үрдістерді бейтараптандыруға және жоюға бағытталған шаралар кешенін айқындаулары қажет. Сонымен қатар маскүнемдік пен нашақорлықты жою жөнінде қосымша шаралар қолданып, салауатты өмір салты кеңінен насихаттап, бұқаралық ақпарат құралдарында және қалалық жарнама-ақпараттық объектілерінде спирттік ішімдіктері мен темекіні насихаттауға шек қойып, спирттік ішімдіктерді сатуға бақылауды күшейту қажеттігіде туындауда. Қала және аудандар әкімдері кәсіпорындар мен ұйымдардың, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларын құқық тәртібін сақтау, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстарын кеңінен тартып, аула клубтарын жасөспірімдерді тәрбиелеу жұмысында тиімді пайдаланып, имандылық, эстетикалық тәрбие беру және халықтың дене тәрбиесімен шұғылдануы бағытында бұқаралық шараларды ұйымдастырудың тиімділігін арттырулары керек. Қала, аудан әкімдері, құқық қорғау, білім, денсаулық сақтау және басқада мемлекеттік органдардың осы бағыттағы қызметін біріктіріп, алға қарай бұл жұмысын жандандыру мақсатында облыс әкімиятына ұсынылып отыр.