Об утверждении Правил ихтиологических наблюдений Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ихтиологиялық байқаулар қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-42) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ихтиологиялық байқаулар қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ихтиологиялық байқаулар қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 323 бұйрығымен бекітілген Ихтиологиялық байқаулар қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ихтиологиялық байқаулар қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-42) тармақшасына сәйкес әзірленді және ихтиологиялық байқаулар тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бақылау үшін аулау – ихтиофаунаның жай-күйін бақылау, балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту тиімділігін, құртшабақтардың өнімділігін, су айдындарының балық өнімділігін айқындау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
Тармақша 2
2) ихтиофауна – қандай да бір су айдынындағы немесе оның бөлігіндегі балықтар және дөңгелекауыздылар түрлерінің жиынтығы;
Тармақша 3
3) су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Тармақ 3
3. Ихтиологиялық байқауларды балық шаруашылығы су айдындарында балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) тоқсан сайын жүргізеді.
Тармақ 4
4. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау;
Тармақша 2
2) бақылау үшін аулау;
Тармақша 3
3) ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау;
Тармақша 4
4) өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу;
Тармақша 5
5) балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарын және қыстау шұңқырларын айқындау;
Тармақша 6
6) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 7
7) балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының алдын-алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) су тарту, су ағызу құрылысжайларын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.
Тармақ 5
5. Ихтиологиялық байқауларды жүргізу кезінде бақылау үшін аулауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген Балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ихтиологиялық байқауларды жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат жасалады, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін есепке алу және олардың сипаттамалары, олардың гидрологиялық және гидрохимиялық жай-күйі туралы деректер;
Тармақша 2
2) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін және балық шаруашылығы субъектілерін есепке алу;
Тармақша 3
3) ихтиофаунаның, балықтардың және басқа да су жануарларының азықтық базасының жай-күйі туралы деректер;
Тармақша 4
4) кәсіпшілік су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулау объектілерін аулауды есепке алу;
Тармақша 5
5) балық ресурстарының және балық аулау объектілеріне жататын басқа да су жануарларының жалпы саны мен түрлік құрамы туралы деректер;
Тармақша 6
6) уылдырық шашатын өрісті және бағалы балық түрлерінің уылдырық шашуын сипаттайтын деректер;
Тармақша 7
7) уылдырық шашатын орындарды, қыстау шұңқырларын есепке алу;
Тармақша 8
8) кәсіпшілікте аулау және техникалық құралдарды, жүзу құралдарын пайдалану және балықшылардың қатысуы туралы деректер;
Тармақша 9
9) кәсіпшілік учаскесінде бойынша кәсіпшілік аулау құралдарында кездейсоқ ауланым туралы мәліметтер және тиісті қабылданған шаралар;
Тармақша 10
10) су айдындарына балық жіберу және балық аулау объектілерінің өсімін молайтудың тиімділігін сипаттайтын мәліметтер;
Тармақша 11
11) су тарту және су ағызу құрылысжайларында балық қорғау құрылғыларын есепке алу;
Тармақша 12
12) балықтардың қырылуының алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 13
13) санын, жас құрылымын, жыныстық-жас арақатынасын, азықтық базаның жай-күйін және тіршілік ету ортасын есепке алу;
Тармақша 14
14) балық ресурстары санының өсімін молайту және ықтимал өзгерістер бойынша болжамдар;
Тармақша 15
15) мыналарды қоса алғанда, қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды айқындау: алып қоюдың рұқсат етілген көлемін белгілеу; шектеу және маусымдық шараларды әзірлеу; өсімді молайту бойынша ұсынымдар (қолдан өсіру, балық жіберу); тіршілік ету ортасын сақтау және жақсарту жөніндегі шаралар.
Тармақ 7
7. Ихтиологиялық байқаулардың нәтижелері, ұсынымдар мен ұсыныстар жыл сайын желтоқсан айында балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға беріледі.