Об определении перечня опорных сельских населенных пунктов Атырауской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы «Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы №53 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13375 тіркелген) бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесінің 6-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әжіғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ____________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы «7» тамыз
Басқа 4
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы «25» шілдедегі №189 қаулысына қосымша Атырау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі № р/с Аудан атауы Ауылдық округ атауы Ауылдық елді мекен атауы 1 Индер ауданы Есбол ауылдық округі Есбол ауылы 2 Исатай ауданы Жанбай ауылдық округі Жанбай ауылы 3 Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі Х. Ерғалиев ауылы 4 Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылы 5 Қызылқоға ауданы Сағыз ауылдық округі Сағыз ауылы