Об утверждении Правил по перезакреплению охотничьих угодий и рыбохозяйственных водоемов и (или) участков и квалификационных требований, предъявляемых к лицам, за которыми они ранее были закреплены Күшін жойған
Басқа 0
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бұдан бұрын қайта бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағазға басылған және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі
қағидалар
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 337 бұйрығына
1-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі
қағидалар
Тарау 1. 1- тарау . Жалпы ережелер
1- тарау . Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 65-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қайта бекiтiп беру аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін бекітіп беру мерзімінің аяқталуына байланысты оларда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына аңшылық немесе балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру үшін жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту тәртібі
2-тарау. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту тәртібі
Тармақ 3
3. Бекітіп беру мерзімі аяқталған аңшылық алқаптарды қайта бекітуді облыстың жергілікті атқарушы органы жүргізеді.
Тармақ 4
4. Біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарт міндеттемелерін орындаған жағдайда аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша конкурс өткізілмей қайта бекітіледі.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырылған аңшылық шаруашылықтар шекарасында аңшылық алқаптар осының алдындағы шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарының немесе шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарының негізінде қайта бекітіледі.
Шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру жүргізілмей бұдан бұрын бекітіліп берілген аңшылық алқаптар болған немесе аңшылық алқаптарының шекаралары мен санаттары өзгерген жағдайда, мұндай аңшылық алқаптарын қайта бекітіп беру аңшылық пайдаланушы өз қаражаты есебінен жүргізген шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру негізінде, бекітіп беру мерзімі аяқталғанға дейін, кемінде бір жыл бұрын жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Аңшылық алқаптарды өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар аңшылық алқаптарды бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органына өтінім береді.
Тармақ 7
7. Өтінім парақтары нөмірленіп, тігілген күйінде ұсынылады және соңғы парағына қол қойылып, мөр (бар болса) басылады.
Тармақ 8
8. Өтінімдер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді қабылдау журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі.
Тармақ 9
9. Өтінім берушіге өтінімді қабылдау кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Тармақ 10
10. Өтінім мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды қайта бекітуге арналған өтініштің түпнұсқасы;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің өтініш берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгілік нысанға (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарының түпнұсқасы (екі жылға арналған);
Тармақша 4
4) түсіндірме жазбасы бар кесте түрінде берілген аңшылық шаруашылығын дамыту жоспарының (аңшылық алқаптарын бекітіп беру кезінде мәлімделген іс-шаралардың) орындалуы;
Тармақша 5
5) түсіндірме жазбасы бар кесте түрінде берілген қайта бекітуге өтініш бергенге дейінгі соңғы 3 (үш) жылда шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру материалдары бойынша әзірленген аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспарының орындалуы.
Тармақ 11
11. Облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша аумақтық бөлімше екі жұмыс күні ішінде, қайта бекітіліп берілетін аңшылық алқаптар бойынша жануарлар дүниесін пайдаланудың соңғы 3 (үш) жыл кезеңіндегі шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.
Тармақ 12
12. Өтінімді тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
Тармақша 1
1) облыстың жергілікті атқарушы органының (облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерінің (басшысынан төмен емес);
Тармақша 3
3) ведомствоның аумақтық бөлімшесінің (басшының орынбасарынан төмен емес);
Тармақша 4
4) аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылыми ұйымдардың;
Тармақша 5
5) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және кемінде бес адам болуы тиіс.
Тармақ 14
14. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Тармақ 16
16. Өтінімді комиссия ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 17
17. Комиссия мәжілісінің қорытындыларын шығару нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту бойынша өтінімдерді қарау хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда мұндай өтінім берушіні комиссия қайта бекiту шарттарына сәйкес келмейтін тұлға деп таниды.
Тармақ 19
19. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін аңшылық алқаптарды қайта бекіту туралы шешім шығарады.
Тармақ 20
20. Аңшылық алқаптарды қайта бекіту мерзімін комиссия Заңның 25-бабына сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Облыстың жергілікті атқарушы органы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім берушіні өтінімді қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарын қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ішінде ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен өтінім берушінің арасында аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
Тарау 3. 3-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту тәртібі
3-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту тәртібі
Тармақ 23
23. Бір облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, олар біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.
Тармақ 24
24. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомствоның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
Тармақша 1
1) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшының орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес);
Тармақша 3
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
Тармақша 4
4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді;
Тармақша 5
5) cу ресурстарының аумақтық бөлімшелерінің (басшыдан төмен емес).
Тармақ 25
25. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынымы бойынша қайта бекітіп беріледі.
Тармақ 26
26. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру өтінімін ведомство құратын комиссия қарайды, оның құрамына:
Тармақша 1
1) ведомствоның (басшы орынбасарынан төмен емес), комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының (табиғат пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес);
Тармақша 3
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің (басшы орынбасарынан төмен емес);
Тармақша 4
4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың;
Тармақша 5
5) балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестігінің аккредиттелген республикалық қауымдастығының өкілдері кіреді.
Тармақ 27
27. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және бес адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 28
28. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Комиссия хатшысы қайта бекiтуді ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ведомствоның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарының арасынан анықталады.
Тармақ 30
30. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін өздеріне қайта бекітіп беруге ниет білдірген жеке немесе заңды тұлғалар бекіту мерзімінің аяқталу күніне дейін 60 күнтізбелік күннен кешіктірмей балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі аумағында орналасқан аумақтық бөлімшеге өтінім береді.
Тармақ 31
31. Халықаралық және республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге өтінім аумағында бақыланатын қайта бекітіп берілетін балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан ведомствоның аумақтық бөлімшесіне беріледі.
Тармақ 32
Тармақ 33
33. Өтінім парақтары нөмірленіп, тігілген күйінде ұсынылады және соңғы парағына қол қойылып, мөр (бар болса) басылады.
Тармақ 34
34. Өтінімдер журналында тіркеледі.
Тармақ 35
35. Өтінім берушіге өтінімді қабылдау кезінде талон беріледі.
Тармақ 36
36. Өтінім:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту бойынша өтініштің түпнұсқасын;
өтінім берушінің өтінім берушілерге қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды:
Үлгілік нысан бойынша әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі жөнінде қайта бекітудің бүкіл мерзіміне арналған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының түпнұсқасын;
өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемесінің барлық түрі бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы өтінім берілген күннің алдында отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген қағаз тасығышта қол қойылып, мөр басылған анықтамасының түпнұсқасын (өтінім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдарының немесе бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтаманың түпнұсқасын (балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін);
акваөсіруді дамытуға арналған биологиялық негіздемені (көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін);
балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңіне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелерді орындау туралы аумақтық бөлімшелерден алынатын мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 37
37. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы өтінімдерді комиссия олар ведомствоның аумақтық бөлімшесіне келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Тармақ 38
38. Сұрау салу бойынша ведомствоға аумақтық бөлімше қайта бекітілетін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша екі жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін шарттық міндеттемелердің орындалуы (орындалмауы) туралы ақпарат береді.
Тармақ 39
39. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітуге арналған өтінімдерді қарау жөніндегі Комиссия мәжілісінің қорытындыларын шығару нәтижелері Хаттамада көрсетіледі.
Тармақ 40
40. Біліктілік талаптарына сәйкес келмеген және (немесе) шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда мұндай өтінім берушіні Комиссия қайта бекiту шарттарына сәйкес келмейтін тұлға деп таниды.
Тармақ 41
41. Өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерді орындаған жағдайда облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін өтінім берушіге қайта бекітіп беру туралы шешім (қаулы) шығарады.
Тармақ 42
42. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беру бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосы өтінім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамаға сәйкес жергілікті атқарушы органға ұсыным жолдайды.
Тармақ 43
43. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту мерзімдерін комиссия Заңның 25-бабына сәйкес айқындайды.
Тармақ 44
44. Ведомство немесе аумақтық бөлімшелер хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімді қарау нәтижелері туралы өтінім берушіні хабардар етеді.
Тармақ 45
45. Облыстың не немесе ауданның жергілікті атқарушы органының балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекіту туралы шешімінің негізінде он жұмыс күні ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен өтінім берушінің арасында балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасалады.
Тармақ 46
46. Бұдан бұрын ұйымдастырылған балық шаруашылықтарының шекарасындағы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері осының алдында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелері паспорттау материалдары негізінде қайта бекітіледі.
Тармақ 47
47. Бекітіліп берілген тұлғалар қолданған шаралардың салдарынан балықтың қырылу қаупінің белгілері жойылған жергілікті маңызы бар балықтың қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері олардың өтінімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда бекітіп беру мерзімі аяқталғаннан кейін конкурс өткізілмей қайта бекітіліп беріледі.
Басқа 1.1. Өтінімдерді қабылдауды тіркеу
журналы
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға
1-қосымша
Нысан
Өтінімдерді қабылдауды тіркеу
журналы
№
Қабылдау күні және уақыты
Жануарлар дүниесін пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мекен-жайы
Қайта бекітілетін аңшылық алқаптардың немесе балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің атауы
Қайта бекітілетін аңшылық алқаптардың немесе балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің орналасқан жері (облыс, аудан)
Өтінім берушінің немесе өтінім берген оның өкілінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және қолы
1
2
3
4
5
6
7
Ескертпе: журнал жіппен тігіледі, нөмірленеді және ведомствоның немесе облыстың не ауданның жергілікті атқарушы органының мөрімен куәландырылады.
Басқа 1.2
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан
№ _______________________
Өтінім 20__жылғы «___» _____________ сағат ___ минутта қарауға
қабылданды _________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтінімді қабылдауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда), қолы)
Басқа 1.3. Аңшылық алқаптарды қайта бекітіп беруге
өтінім
Аңшылық алқаптар мен
балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе)
учаскелерiн қайта бекiтiп
беру жөнiндегі қағидаларға
3-қосымша
Нысан
Аңшылық алқаптарды қайта бекітіп беруге
өтінім
_________________ облысы _________________________ ауданында
орналасқан _________________________________________________________»
(аңшылық алқаптың атауы)
__________________________________________аңшылық алқабын қайта бекітіп
беруіңізді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін: заңды
тұлғаның атауы, деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____
___________________________________________________________________
2. Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, көше, үй №, пәтер
№ (бар болса), телефоны)______________________________________________
____________________________________________________________________
3. Аңшылық алқабы _____________________________ облысы әкімдігінің
20____ жылғы «____» ______________ №_____________ қаулысына және 20___
«____» ______________ №_________шартқа сәйкес бекітіп берілді.
4. Қоса берілген құжаттар көшірмелері (түпнұсқа салыстыру үшін беріліп
отыр): ______________________________________________________________
5. Қайта бекіту мерзімі __________________ жыл.
6. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
бергенім үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық
жайында хабардармын.
Берілген күні 20____ жылғы «____» ______________________
Өтінім беруші _________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Қолы __________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 1.4. Аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі өтінімдерді қарау
хаттамасы
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі қағидаларға
4-қосымша
Нысан
Аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі өтінімдерді қарау
хаттамасы
__________________ 20__ жылғы «___» _________
(елді мекен)
____________________________________________________________________
(комиссия құру туралы акт көрсетілсін)
құрамында құрылған комиссия (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) лауазымы көрсетіледі)
____________________________________________________________________
_____________________________________________ аңшылық алқаптарды/балық шаруашылығы
су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекiтiп беру жөнiндегі өтінімді
қарап, мынадай ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Былай деп танылсын:
1) біліктілік талаптарына сай келеді және шарттық міндеттемелерді орындады:
№
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Қайта бекiтіп берілетін аңшылық алқаптың немесе балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнің атауы
Қайта бекітіп беру мерзімі
1
2
3
4
5
2) біліктілік талаптарына сай келмейді және (немесе) шарттық міндеттемелерді орындамады:
№
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Аңшылық алқаптың және балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесiнің атауы
Қайта бекітіп беру шарттарына сәйкес келмейді деп тану себептері
1
2
3
4
5
2. Шешім шығару үшін Хаттаманың бір данасы ______________________ облысының немесе ауданының жергілікті атқарушы органына жолдансын.
Қолдар:
Төраға: ________________________________________________________
Комиссия мүшелері: _____________________________________________
Хатшы: ________________________________________________________
Басқа 1.5. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беруге өтінім
Аңшылық алқаптар мен
балық шаруашылығы су
айдындарын және (немесе)
учаскелерiн қайта бекiтiп
беру жөнiндегі қағидаларға
5-қосымша
Нысан
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беруге өтінім
________________________________________________________________
(су айдындары және (немесе) учаскелері)
балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін қайта бекітіп
беруіңізді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғалар үшін: заңды
тұлғаның атауы, деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ____
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Өтінім берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, көше, үй №, пәтер
№ (бар болса) телефон) _______________________________________________
____________________________________________________________________
3. ______________________________________________________________
(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлде тауарлы балық өсіру, тор
қоршауда балық өсіру шаруашылығы) _______________________________ үшін.
4. Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ____________
____________________________________________________ облысы (ауданы)
әкімдігінің 20____ жылғы «____» ______________ №_________ қаулысына және
«____» ______________ №_________ шартына сәйкес бекітіп берілді.
5. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
бергенім үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында
хабардармын.
Берілген күні: 20____ жылғы «____» _______________
Өтінім беруші ___________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Қолы __________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 1.6. Балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы
анықтама
Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерiн
қайта бекiтiп беру
жөнiндегі қағидаларға
6-қосымша
Нысан
Балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы
анықтама
№
Атауы
Өлшем бірлігі
Саны
1
2
3
4
1.
2.
Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергенім үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.
Берілген күні: 20____ жылғы «____» ____________.
Өтінім беруші _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе ұйымның атауы)
Қолы __________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 2. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 тамыздағы
№ 337 бұйрығына
2-қосымша
Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. Аңшылық алқаптар бұдан бұрын бекітіліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысушының банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
Тармақша 3
3) аумақтық бөлімшелерден алынатын аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (аңшылық алқаптары бұрын бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) (электрондық көшірмесі);
Тармақша 4
4) жануарлар дүниесін қорғауға арналған меншік немесе жалға алу құқығында материалдық-техникалық құралдарының болуы туралы анықтама.
Тарау 2. 2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын
біліктілік талаптары
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын
біліктілік талаптары
Тармақ 2
2. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұдан бұрын бекiтiліп берілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары:
Тармақша 1
1) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесін пайдаланудың бүкіл кезеңі үшін балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша берешегінің болмауы;
Тармақша 3
3) өтінім берушінің банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдында міндеттемелердің барлық түрлері бойынша уақыты өтіп кеткен берешегінің болмауы;
Тармақша 4
4) акваөсіруді дамытуға (көлде тауарлы балық өсiру шаруашылығы, тор қоршауда балық өсіру шаруашылығы үшін) биологиялық негіздеменің болуы;
Тармақша 5
5) балық шаруашылығы мелиорациялық жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы (балықтың қырылу қаупі бар су айдындары үшін).
Басқа 0. Санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған
материалдық-техникалық база
Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындары және
(немесе) учаскелері бұдан бұрын
бекiтiліп берілген тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптарына
қосымша
Санаттар бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған
материалдық-техникалық база