Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 5
VІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының 2017 жылғы «15» қыркүйектегі № 146 шешіміне қосымша Алматы қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері № Атауы Есептік бірлік Бағасы, теңгемен (ҚҚС бірге) 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф 1.1. Жайлы және жайлы емес үйлердің жеке тұлғалары 1 тұрғын айына 553,04 1.2. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері 1 текше метр 2288,46 2. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге және көмуге арналған тариф 1 тонна 5600 Ескертпе: ҚҚС – қосымша құн салығы.