О состоянии работы акимов Тарбагатайского и Катон-Карагайского районов по поддержке развития малого предпринимательства и созданию новых рабочих мест Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тарбағатай және Катонқарағай аудандары әкімдерінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыстарының жағдайы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Тарбағатай және Қатонқарағай аудандарының әкiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейтуге және дамытуды жандандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған актiлерiн орындау жөнiнде белгiлi жұмыс атқаруда. "Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдық және аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589 Жарлығын орындау мақсатында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1997-2000 жылдарға арналған аудандық бағдарламалары бекiтiлген. Кәсiпкерлердiң аудандық Кеңестерi құрылған. Бос өндiрiстiк үйлердi өндiрiстiк және коммерциялық iс-қимылдар жасау үшiн беру, жер учаскелерiн бөлу жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Жер учаскелерiн сату жөнiнде конкурстық комиссиялар құрылған, пәтерлердi қайта жоспарлауға келiсу процедурасы жеңiлдетiлдi. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң iс-қимылдарынан салық түсiмдерiнiң сомасы арттырылды. Аудан басшыларының кәсiпкерлермен кездесулерi ұдайы жүргiзiлуде. Сонымен қатар аудандар әкiмдерiнiң кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмысында елеулi кемшiлiктер мен олқылықтар бар. Тарбағатай ауданында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен жұмыссыздықты қысқарту және жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде жұмыс қанағаттанғысыз жүргiзiлуде. 1998 жылғы 1 қаңтарға Тарбағатай ауданында жұмыссыздың деңгейi 11,4 процент, ал 1998 жылғы 1 наурызға - 12,8 процент болды, соған қарамастан үстiмiздегi жылы бiрде-бiр жұмыс орны құрылмаған. "Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдылығы және аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589 Жарлығына сәйкес кәсiпкерлерге бизнес-жоспарларының жобаларын және жұмыспен қамтуға ықпал етудiң Мемлекеттiк қорының қаражаттары есебiнен жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау және жеке кәсiпкерлiктi дамыту тәртiбi туралы Ереженi сапалы әзiрлеуге көмектесу жөнiнде жұмыс жеткiлiксiз жүргiзiлуде. Аудандарда пайдаланылмай жатқан бос үйлер әлi де бар, әсiресе елдi мекендерде қызмет көрсету саласы жеткiлiксiз дамыған. Жұмыссыздықты азайтудың қоғамдық жұмысқа қатыстыру сияқты әдiсi толық қолданылмауда. Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданының әкiмi Т.Т. Түсiпбековтың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен жаңа жұмыс орындарын құру жөнiндегi қанағаттанғысыз жұмысы атап көрсетiлсiн.
Тармақ 2
2. Тарбағатай ауданының әкiмi Т.Т. Түсiпбеков, Қатонқарағай ауданының әкiмi А.С. Сейiтов: - шаруа шаруашылықтарын қаржылық сауықтыру, олардың дебиторлық және кредиттік берешектерiн кемiту жөнiнде нақты шаралар қолдансын; - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн - тауар өндiрушiлердi адрестiк қолдау қамтамасыз етiлсiн; - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамыту есебiнен жұмыссыздықты азайту, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде жұмыс күшейтiлсiн; - қызмет көрсету саласын әсiресе алыс елдi мекендерде дамыту жөнiнде шаралар әзiрлесiн; - пайдаланылмайтын бос үйлердi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру жөнiндегi жұмыс күшейтiлсiн.
Тармақ 3
3. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi облыстық департаментiне (Тұрлыбаева А.К.) кәсiпкерлiк үшiн бизнес-жоспарлар жобаларын жасау жөнiнде аймақтық семинарлар өткiзуде жергiлiктi жерлерде атқарушы органдарға көмек көрсету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Ашық түрдегi "Қазагроөнеркәсiпбанк" Акционерлiк қоғамының Шығыс Қазақстан филиалы (Күзембаев Н.К.) аудандардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi кредиттер алу үшiн берген бизнес-жоспарларын қарау мерзiмдерiн жеделдету жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық экономика басқармасына (Тұрлыбаева А.К.) жүктелсiн.