О объявлении чрезвычайной ситуации на части территории Западно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысы аумағының бөліктерінде төтенше жағдай жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Қардың қарқынды еруі, ауаның температурасының көтерілуі облыстың кіші өзендеріндегі судың ерте тасуына әкелді. 27 ақпандағы мәлімет бойынша еріген су Жәнібек-Жақсыбай автожолын жуып кетті, Казталов-Жәнібек автожолының 51 шақырымында қиын жағдай қалыптасып отыр. Үлкен және Кіші өзендерінің бойында орналасқан елді мекендерді су басу қаупі, гидротехника құрылыстарының қирап бұзылуына қауіп төніп тұр. Су тасқынына қарсы шараларды тез қабылдау қажет болып отыр. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі №19 “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2002 жылдың 1 наурызынан бастап Батыс Қазақстан облысы аумағының бөліктерінде төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына (Маючий) төтенше жағдайларды жою жөніндегі кешенді шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.П.Качалоға жүктелсін.