Об установлении места для массового отдыха, туризма и спорта на острове «Аякарал» озера Балхаш в границах Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысының шекарасындағы
Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында
көпшіліктің демалуына, туризм
мен спортқа арналған орынды
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орын белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орынды белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы №178 қаулысына келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы басшысының
міндетін атқарушы
_________________ Р.М.Иманбет
2017 жылы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің басшысы
_________________ Б.К.Жарқынбеков
2017 жылы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Жамбыл облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
_________________ Қ.Қ. Мәдібек
2017 жылы «___» ______________
Басқа 8. Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орын
Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 21 тамыздағы
№ 178 қаулысына қосымша
Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінің «Аяқарал» аралында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған орын
№
Су объектісінің атауы
Халықтың көпшілік демалатын орны
Орналасқан жері
1.
Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көлінде «Аяқарал» аралы
жағажай
Жамбыл облысының шекарасындағы Балқаш көліндегі «Аяқарал» аралы