Об утверждении Правил использования средств резерва местных исполнительных органов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергiлiктi атқарушы органдардың резерв қаражаттарын пайдаланудың Ережесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 2004 жылғы 5 мамырдағы N 455 қаулысымен. "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі N 357-1 Заңын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Жергiлiктi атқарушы органдардың резервтік қаражаттарын пайдалану Ережесi" бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Жергiлiктi атқарушы органдардың резервтік қаражаттарын пайдалану Ережесiн бекiту туралы" облыс әкiмiнің 2001 жылғы 5 наурыздағы N 1-1129-р өкiмi күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнің орынбасары А.С.Бергеневке жүктелсiн.
Басқа 4. Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын пайдалану
Шығыс Қазақстан облысы әкiмиятының 2002 жылғы 18 ақпандағы N 85 қаулысына қосымша Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын пайдалану ЕРЕЖЕСI Осы ереже жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 1. 1. Жалпы ұғымдар
1. Жалпы ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: жергiлiктi атқарушы органдардың резервi - тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджеттерде көзделген және облыс, қала, аудан әкiмияттарының қаулылары бойынша бiржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшiн бөлiнетiн қаражат; күтпеген шығыстар - бюджеттi қалыптастыру кезiнде оларды күтпегендіктен жоспарлауға келмейтiн және ағымдағы жылы кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн шығыстар; жергiлiктi атқарушы органдардың резерві құрамындағы қаражаттар - сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi өтеу үшін жергiлiктi бағдарламалардың әкiмшiлерi бөлетiн қаражаттар; төмен тұрған бюджеттерді несиелендіруге арналған арнайы резерв - қаржы жылы ішінде ағымдағы түсiмдермен және жергiлiктi бюджет тапшылығын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген, бекітілген жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қайтарымды негiзде қаржыландыру үшін төмен тұрған бюджеттерге бөлiнетiн, облыс Әкiмiнің резерві құрамында көзделген қаражаттар; жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын алушы - жергiлiктi бағдарлама әкiмшiсi немесе қала яки аудан әкiмi.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын бiржолғы сипаттағы күтпеген шығыстарға мына іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған жататындар: төтенше жағдайлардың пайда болуы салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер үшін тұруға және тамақтануға уақытша пункттер ашу және ұстау; шұғыл әрекет етудiң апаттық-қалпына келтiру бөлiмшелерін құтқарудың техникалық құралдарымен, жабдықтармен, керек-жарақтармен қосымша жабдықтау; төтенше жағдайлар аймағына күш пен құралдарды жеткiзудi қамтамасыз ету; төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiнде қауырт, өмiрлiк маңызы бар және қорғау іс-шараларын жүргiзу; халықты құлақтандыру жүйесiн қайта жаңарту және пайдалану; материалдық-техникалық, азық-түліктік, медициналық және басқа қорларды құру және жаңалау; сақтандыру шаралары (ғылыми зерттеу, байқау, жағдайды бақылау, апаттар, тауқыметтер мен зілзалалар қаупi туралы болжау және құлақтандыру, сақтану бiлiмiн насихаттау, халықты, мамандарды оқыту, оқу-жаттығу және басқа да қорғану іс-шаралары);
Тармақша 2
2) сот шешiмдерi бойынша жергілікті атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу;
Тармақша 3
3) ағымдағы қаржы жылы бойында төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру;
Тармақша 4
4) облыс, қала және аудан әкімияттарының қаулыларымен айқындалған өзге де күтпеген шығыстар.
Тармақ 2. 2. Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбi
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбi Жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражаттар бөлудi облыс, қала және аудан әкiмияттарының қаулылары негiзiнде қаржы органдары жүзеге асырады, онда алушы, бөлiнетiн қаражаттардың көлемi, оларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ қайтарымды негiзде қаражат бөлінетін жағдайда оларды беру шарты және қайтару мерзiмi көрсетiледi. Жергiлiктi атқарушы органдардың резерві қаражаттары қатаң мақсатқа белгіленеді және осы Ережеде, сондай-ақ резервтен қаражаттар бөлу туралы облыс, қала, аудан әкімияттарының қаулыларында көзделмеген мүдделерге пайдалануға болмайды. Қаражаттар бөлу туралы облыс, қалалар мен аудандар әкімияттарының қаулыларын әзiрлегенде мына шарттарды ескеру қажет:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджетте көрсетiлген мақсатқа ағымдағы жылы қаражаттың болмауы;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың резерві қаражаттарына қажеттіліктің ағымдағы жылы туындауы және оған қажеттілік алушының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеуден басқа бұрынғы міндеттемелеріне байланысты еместігі. Қаражаттар бөлу туралы облыс, қалалар мен аудандар әкімияттарының қаулылары бір жыл өткен соң қаржыландыру сомасына қарамастан күшін жояды, тек қайтарымды негiзде қаражаттар бөлу туралы шешiмдердің қаржыландыру сомасы толық өтелгенге дейiн күші сақталады.
Тармақ 3. 3. Төтенше жағдайды жоюға қаражаттар бөлу
3. Төтенше жағдайды жоюға қаражаттар бөлу Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда облыс Әкімінің резервінен қаражаттар бөлу туралы өтінімдерді облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, қалалар мен аудандар әкімдерінің резервінен - қалалардың төтенше жағдайлар жөніндегi басқармалары және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегi комиссиялары қарайды. Негізделген материалдарды ұсыну тәртібін және олардың тiзбесiн облыстық төтенше жағдайлар жөніндегi басқарма анықтайды. Төтенше жағдай ауқымының деңгейi қаралғаннан және анықталғаннан кейiн, қажет болған жағдайда оларды жоюға арналған қаулының жобасын енгiзедi.
Тармақ 4. 4. Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу
4. Сот шешімдері бойынша міндеттемелерді өтеуге қаражаттар бөлу Жергiлiктi атқарушы органдардың резервi есебiнен сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi өтеу соттың атқару құжаттары негiзiнде қамтамасыз етiледi. Сот шешімдері бойынша төлемдер жүргізуге міндетті жергілікті атқарушы органдар, қолданылып жүрген заңнамаларда көзделген негіздер болған жағдайда, онда барлық соттар инстанцияларына аталған сот актілері бойынша шағымдануға тиіс. Мiндеттемелердi өтеуге резервтен қаражаттар бөлу туралы шешiм жобасын қаржы органдары дайындайды.
Тармақ 5. 5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражаттар бөлу және пайдалану
5. Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражаттар бөлу және пайдалану Төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру үшін арнайы резервтен қаражаттар бөлу үшін қалалар және аудандар әкiмдерi облыс Әкiмiнің резервiнен қаражаттар бөлу туралы облыс Әкіміне тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бірге өтінім ұсынады. Облыстық қаржы басқармасы ұсынылған өтінім, сондай-ақ бұрын берiлген несиелер туралы мәлiметтер негiзiнде несиелендіру үшін қаражаттар бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды береді. Қаражаттар бөлу үшін мына шарттар мiндеттi болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына қалалар мен аудандар бюджеттерiн несиелендіру үшін көзделген соманың болуы;
Тармақша 2
2) бөлiнген қаражаттарды жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерiмен бекiтiлген, белгiлi бір есеп берiп отырған кезең үшін жергiлiктi бюджетке ағымдағы түсiмдермен және жергiлiктi бюджеттердiң тапшылықтарын қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын қаржыландыруға жолдау;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттен бұрын бөлiнген несие бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмi өткен берешектерiнің болмауы. Қалалар және аудандар әкiмдерiнің өтінімдері бойынша дұрыс қорытынды болған жағдайда, облыстық қаржы басқармасы төмен тұрған бюджеттерді несиелендіру жөнінде қайтарым шарттарын және мерзiмiн көрсете отырып, облыс Әкімиятының қаулысы жобасын қарауға енгiзедi.
Тармақ 6. 6. Басқа күтілмеген шығыстарға қаражаттар бөлу
6. Басқа күтілмеген шығыстарға қаражаттар бөлу Резерв қаражаттары облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, қалалар және аудандар әкiмдерiнің шығыстарға арналған тиiстi негiздемелермен және есептеулерімен бірге ұсынылған өтінімі негізінде бюджеттi қалыптастыру кезiнде көзделмеген және қолданылып жүрген заңнамаларға қайшы келмейтін шығыстарға бөлінеді.
Тармақ 7. 7. Бақылау және есептілік
7. Бақылау және есептілік Резерв қаражаттарын алушылар олардың пайдаланылуы туралы есеп берiп, бөлiнген қаражаттарды мақсатсыз пайдаланғаны үшін толық жауап бередi. Облыстық қаржы басқармасы тиiстi кезеңіне резерв қорының бағытталуы және оның қалдығы туралы облыс Әкiмiне ай сайын ақпарат түсіреді. Облыс Әкiмiнің резерві қаражаттарының дұрыс жұмсалуы үшін бақылау жасау облыстық қаржы басқармасына және оның аумақтық органдарына жүктелсiн. Облыс әкiмi аппаратының басшысы